«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» бірлестігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің ғылыми-оқу орындары арасында «IV Халықаралық кітап басылымы» жобасын ұйымдастырды.
Инженерлік-гуманитарлық факультеті техника және технологиялар кафедрасының 6В07101 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша II курс студенті Меңдібаев Мұрасбек Нәсіпқалиұлы қатынасып, І дәрежелі «Үздік студент» дипломымен марапатталды.
«IV халықаралық кітап басылымы» жобасында жас ғалымдарға көрсеткен қолдауы үшін ғылыми жетекші PhD А.Н.Омаров алғыс хатпен марапатталды.
Студент Меңдібаев Мұрасбекті және жетекшісі Акылбек Нурлыбековичті жеңіспен құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық сәттілік тілейміз!

