2026 жылғы 3 қыркүйекте Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Гильманова А. К. және Хайрлықызы Н. «Университеттегі алғашқы қадамдар» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты – бірінші курс студенттерінің университеттік ортаға бейімделуіне ықпал ету, оқу үдерісінің ұйымдастырылуымен және негізгі академиялық талаптармен таныстыру.

Іс-шараға бірінші проректор міндетін атқарушы – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Машанова С. А., Білім және менеджмент институтының директоры, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Раманова А. А., Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кусаинова Д. Ж. қатысты.

Кездесу барысында студенттер университет құрылымымен, академиялық күнтізбемен, оқу үдерісінің ұйымдастырылуымен және білімді бақылау түрлерімен танысты. Академиялық адалдық қағидаттарына, Студенттің ар-намыс кодексіне, силлабус құрылымына және оқу қызметіне қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ бірінші курс студенттеріне «Бірінші курс студентінің анықтамалығы» таныстырылып, оқу мен студенттік өмірге қатысты сұрақтарына жауап берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz