Мал шаруашылығы ғылымы мен тәжірибесінің бүкіл тарихында мамандардың алдында ауылшаруашылық жануарларының жоғары өнімді табындарын құру міндеті тұрды және әлі де бар. Өйткені, көптеген ауыл тұрғындарының шаруа қожалықтарындағы да, жеке қосалқы шаруашылығындағы табыстары да мал шаруашылығының тиімділігіне байланыстыекендігіжасырынемес.

Біздің обылысымызды бір қарағанда мал шаруашылығының байланысты сабақтарды өткізу үшін  бәрі бар сияқты: облыста мал азығы да, шабындығы да, жайылымдық жері де жеткілікті. Ал шаруашылықтардағы мал азайып, сүттілігі мен табысы төмендеп барады. Себебі неде? Жағдайдың нашарлауына тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарының ірі қара малына үйде өсірілген бұқаларды пайдалану себеп болып отыр.

Жоғарыда айтылғандар фермалар үшін жасанды ұрықтандыруды қолдану арқылы жануарлардың көбею биотехникасын кеңінен қолдану жоспарланған. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ветеринария және биотехнология ғылыми-зерттеу орталығы базасында мал өсірудің осы прогрессивті тәсілінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында қажеттілігін ескере отырып, осы салада мамандар даярлау курстары тұрақты негізде жүргізіледі.Ж

Теориялық және практикалық сабақтарды өткізуге БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің, экология және биотехнология кафедрасының ғалымдары: ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Қ.Қ. Бозымов, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Г.Г.Абсатиров, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Е.У. Байтлесов,  биология ғылымдарының докторы, профессор С.Г. Канатбаев, қауымдастырылған профессор Днекешев А.К., ветеринария ғылымдарының магистрі Жубантаева А.Н. жұмылдырылды.  Жоғары білікті мамандар ең заманауи жабдықтар мен құралдарды пайдалана отырып, тыңдаушыларға жануарлардың өсімін молайту биотехникасының теориялық және практикалық аспектілерін, сондай-ақ етті және сүтті ірі қара мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау саласында оқытады.Ж 2022 жылдың2022 жылдың 30 мамырынан 3 маусымына дейін БҚИТУ ветеринария және биотехнология ҒЗО базасында облыс мамандары үшін 36 сағат көлемінде жасанды ұрықтандыру техниктерін даярлау курстары өткізілді. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz