2025 жылдың 12 қарашасында «Қаржы және экономика» кафедрасында «Сапа апталығы – 2025» аясында «Салықтық бақылау және әкімшілендіру, камералдық бақылау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды: Қайрекешова Гүлмира Ғалымжанқызы – Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы және Сәлімбаева Шолпан Дисенбаевна – экономика ғылымдарының магистрі, «Қаржы және экономика» кафедрасының меңгерушісі жүргізді.

Семинар барысында салықтық әкімшілендіру, камералдық бақылау, сондай-ақ салық жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттырудың заманауи тәсілдері талқыланды.

Мұндай іс-шаралар студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға және олардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға ықпал етеді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz