Оқу жылының аяқталу қарсаңында «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері үшін “Мұнай-газ ісі негіздері” пәні бойынша практикаға бағытталған сабақ өткізілді. Сабақты “Жайықмұнай” ЖШС жетекші маманы А.М. Кусаинов өткізді.

Практикаға бағытталған оқытудың мақсаты – нақты практикалық тапсырмаларды орындау арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында білім алушының білім беру бағдарламасын меңгеру процесі. Практикаға бағытталған оқыту іргелі жалпы білім беру мен кәсіптік оқытудың оңтайлы үйлесіміне негізделуі керек.

Сабақ барысында, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптарын алды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы А.М. Кусаиновқа алғыс білдіреді және алдағы уақытта практикалық бағытталған сабақтарды өткізуде одан әрі табыстар тілейді.

Мұнай –газ ісі  кафедрасы

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz