2026 жылғы 22 қаңтарда Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің базасында Батыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Language World – 2026» ағылшын тілі бойынша облыстық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың сарапшылық кеңесінің жұмысына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Доукариева Ұлдай Қабаханқызы қатысты. Сарапшылық кеңестің мүшесі ретінде ол қатысушылардың білімі мен практикалық дағдыларын бағалауға атсалысты.
Олимпиада дарынды студенттерді анықтауға, олардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға, тілдік құзыреттерін дамытуға және өңірдегі білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
