«Білім берудегі цифрлық технологиялар – кадрларды кәсіби даярлау сапасын арттыру факторы ретінде» атты жыл сайынғы өткізілетін сапа апталығы барысында 12 қараша күні Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының жоғары санатты кітапханашысы Тимирғалиева Нағима Кәрімқызының қатысуымен «Кітапханашының кәсіби этикасы» пәні бойынша «Креативті кітапханашы» шеберлік сабағы өтті. Нағима Кәрімқызы жұмыс тәжірибесімен және табысты шығармашылық тәжірибелердің мысалдарымен бөлісті: спикерлер клубы «Меркурий», стандартты емес көрмелер, арт-кеңістіктер, кітап флешмобтары, сторителлинг, әлеуметтік желілер мен интерактивті технологияларды пайдалану. Қонақ тарихта тұңғыш рет Қазақстанда Орталық Азия аумағында өткен IFLA Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресінің жұмысы туралы айтып берді. Халықаралық іс-шара кітапхана кадрларының кәсіби деңгейін жетілдіруге және кітапханалық-ақпараттық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Мастер-класстың мақсаты болашақ кітапханашылардың шығармашылық ойлауын дамыту және оқырмандармен жұмыс істеудің заманауи түрлерін игеру.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz