2022 жылдың 31 мамырында университетіміздің Академиялық қызмет департаментінің басшысы, магистр Машанова Самал Амангелдиевна Самар мемлекеттік экономикалық университетінің жанындағы Д 212.214.06 диссертациялық кеңесінде 08.00.10 – Қаржы, ақша айналымы және несие мамандығы бойынша кандидаттық ғылыми дәрежесін алу мақсатында «Финансы социальной защиты в Казахстане: сущность, институты, эффективность» атты тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.
Самал Амангелдиевнаға ғылыми және кәсіби қызметте шығармашылық тың идеялар, үлкен мақсаттарға жетуде жігерлілік, оптимизм және өркендеу тілейміз!
Университет әкімшілігі