Құрметті студенттер мен магистранттар!

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2025-2026 оқу жылының көктемгі семестріне қатысуға шақырамыз.

6В07201 Мұнай-газ ісі, 7М07201 Мұнай-газ ісі білім беру бағдарламасының білім алушыларын “Мұнай жоғары мектебі” Альметьев мемлекеттік технологиялық университетіне, Удмурт мемлекеттік университетіне шақырамыз.

6В07302 Құрылыс және 6В07301 Сәулет білім беру бағдарламасының білім алушыларын Тамбов мемлекеттік техникалық университетіне, Ысқақ Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетіне шақырамыз.

6В04202 Құқықтану білім беру бағдарламасының білім алушыларды М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетіне, М. Өтемісов атындағы БҚУ.

6В09103 Ветеринария ,6В09105 Ветеринария зооинженерия негіздермен білім беру бағдарламасының білім алушыларын Столыпин атындағы Ульяновск мемлекеттік аграрлық университетіне, Башқұрт мемлекеттік аграрлық университетіне.

6В11201 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, 6В07301 Сәулет білім беру бағдарламасының білім алушыларын В. Н.Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университетіне түсе алады.

6В07102 Электр энергетикасы, 6В07105 Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша) білім беру бағдарламасының білім алушыларымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Удмурт мемлекеттік университетінде, Қызылорда Ашық университетінде, Esil Астана университетінде оқи алады.

6В11301 Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану білім алушылары И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетіне, 6В07104 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша), 6В07101 Көлік, көліктік техника және технологиялар білім беру бағдарламасының білім алушыларымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Башқұрт мемлекеттік аграрлық университетіне оқуға түсе алады.

Студенттер Быдгощ университетінде (Польша) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса алады.

Келесі талаптарға сәйкес білім алушылар қатыса алады:

* бакалавриаттың 2-3 курс студенттері және магистратураның 1 курс студенттері;

  • “А”, “А-“, “В+”, “В”, “В-“; “С+”үлгерімі;

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2025 жылдың 28 қараша.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттар тізбесі:

* студенттің өтініші;

* оқыту туралы келісім;

* жеке куәліктің көшірмесі;

* транскрипт (университеттің ресми мөрімен расталған);

* жеке оқу жоспары (институттың ресми мөрімен расталған);

* ұсыныс хат (магистранттар үшін).

Толық ақпарат алу үшін Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бөліміне СТИ (324 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz