Бүгінгі күні Қазақстанның нарықтық аймағында және де әлемде контрафактілік өнімдердің көлемі өсіп келе жатыр. Біздің қоғам жалған өнімдердің құрбаны болып отыр. Өнімді сатып алушы өзінің қаржысын үнемдеу мақсатында, өнімнің қымбат емес көшірмесін сатып алғысы келеді, бірақ алаяқтар жалған өнімді түпнұсқа деп алдап, оны өз бағасында сатып жібереді. Осындай жағдайлардың алдын алу, өскелең ұрпаққа түсіндіру- біздің міндет болып табылады. 

     Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, халықтың зияткерлік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында 2022 жылы 3-15 мамыр аралығында «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» республикалық акциясы өткізілді. Аталған акция шеңберінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Педагогика факультеті, тарих және құқық кафедрасының аға оқытушылары, заң ғылымдарының магистрлері А.Ж.Габдулов, Л.А. Климова, Ж.Р.Махсотованың басшылығымен, «құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасының 1, 2, 3 курс студенттерінің қатысуымен  аталған тақырыпта әлеуметтік бейнеролик дайындалған болатын. Республикамыздың түрлі оқу орындарының дайындаған 37 бейнероликтерінің ішінен «Үздік бейнеролик» атағын БҚИТУ студенттері иеленді.

     20 мамыр күні ҚР Әділет министрлігі, БҚО  Әділет департаменті басшысының орынбасары Е.Е. Рашкалиев өз қабылдауында шараға қатысушыларды құттықтап, ҚР Әділет вице- министрі атынан диплом мен бағалы сыйлық табыс етті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz