2025 жылдың 11 қарашасы күні «Сапа апталығы – 2025 «Білім берудегі цифрлық технологиялар – кадрларды кәсіби  даярлау сапасын арттыру факторы ретінде» сапа апталығы аясында «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы В.Е.Нурмуканбетова  «Психология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен «Арт-терапия әдістері: стрестен арылудың креативті тәсілдері» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында психологиялық ахуал қалыптастыру, Арт-терапия туралы қысқаша теориялық шолу, стресс пен арт-терапия арасындағы байланыс, топтық арт-терапиялық жаттығулар, рефлексия, пікір алмасу: студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, шығармашылық жұмыстың нәтижесін талқылады.   Ашық сабақ мазмұндық, әдістемелік жағынан тиімді, практикалық бағыттылығы жоғары болды. Арт-терапия әдістері нақты және өмірмен байланысты түрде көрсетілді. Студенттердің белсенді қатысуы, креативті ойлауы мен өзіндік пікір білдіруі сабақтың табысты өткенін дәлелдейді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz