2022 жылдың 11 мамырында БҚИТУ Инженерлік-гуманитарлық факультетінің «Техника және технологиялар» кафедрасында 6В06104-Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасын әзірлеу және жетілдіру бойынша Академиялық комитеттің отырысы өтті.

6В06104-Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша Академиялық комитеттің мүшелері:
– «IT Group Operating» ЖШС бас директоры – Дудниченков М.М.;
– «TORUS.KZ» ЖШС директоры – Габдуллаев Д.Г.;
– «ARDAMIDI» ЖШС директоры – Мухамбетов М.М.;
– кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. – Ахметжан С.З.;
– аға оқытушы, т.ғ.м. – Утешева Г.Ш.;
– аға оқытушы, т.ғ.м. – Аханова Д.Е.;
– ВТИС-21 тобының студенті – Төлегенов А.М.;
– ВТИС-22 тобының студенті – Минин Д.С.

Кездесуге ИГФ деканы, т.ғ.к., профессор Б.А.Билашев, «IT Group Operating» ЖШС бас директоры М.М.Дудниченков, «TORUS.KZ» ЖШС инженер-бағдарламашысы Р.Т.Кадерова, кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдаст. профессор С.З.Ахметжан, т.ғ.м., аға оқытушы Г.Ш.Утешева, т.ғ.м. аға оқытушы, Д.Е.Аханова, 2, 3 курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында 6В06104 – «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасын жетілдіру мәселелері талқыланып, «IT Group Operating» ЖШС бас директоры Михайл Михайлович Дудниченков білім беру бағдарламасына «JavaScript Language», «Object-Oriented Language Dart» пәндерін қосуды және «РНР бағдарламалау» пәнінің кредиттерінің санын арттыру ұсынды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz