Шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Шығармашылық емтихан 2022 жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларына түсетін талапкерлер өздері таңдаған жоғары оқу орындарына шығармашылық емтихандар тапсырады.

Орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар талапкерлер үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар, ал қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша балдар ескеріледі.

Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды тапсыру үшін қабылдау комиссиясына келесідей құжаттарды ұсыну қажет:

1. Аттестат,қосымшасы бар диплом (түпнұсқа және көшірмесі);

2. ҰБТ сертификаты;

3. 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 6 дана фотосурет;

4. Жеке куәлік көшірмесі.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz