Дуалды оқыту жүйесін жүзеге асыру

2021-2022 оқу жылының 11 қараша күні  «Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасы №38 Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-лицейінде  “Дуалды оқыту жүйесін жүзеге асыру” мақсатында кафедраның аға оқытушысы А.Х. Утебаева және мұғалім-практик А.А.Салаватованың жетекшілігімен өткізілген “Шет тілі және аударма ісі” кафедрасының “Шетел тілі: екі шетел тілі” мамандығының 4 курс студенттерімен мектептің 10 сынып оқушылары қатысқан дебат-сабақ өтті. Сабақ басында ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі А.А. Салаватова үш тілде сөйлеп, сабақ ұйымдастырды. Студенттермен «One adjective» танысу тренинг өткізіп, №38 Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-лицейінің оқу-әдістемелік жұмыстары және жетістіктері жөнінде мағлұмат беріп, болашақ ұстаздарға шет тілін оқуға қажет сайттармен бөлісті. «SMS» feedback жүргізу арқылы болашақта өздерінің кері байланыстарында практикаға бағдарланған форматын атап көрсетіп, мектеп мұғалімдеріне кәсібилік және ынтымақтастық атмосфера үшін алғыстарын жеткізді. Әрі қарай, аға оқытушы А.Х. Утебаева педагогикалық шеберлігін көрсетіп, тәжірибені жақсарту бойынша өзі дайындаған үлгілі сабағын ұсынды. Студентер талдау жасауға, «Сөйлемді аяқта…» әдісімен тілдік дағдыны дамыту аспектілерін айқындауға, сөйлеу тілінің граматикасын қалыптастыруда «Teaching with limited Resource» диалогтік сөздің қалыптастыруға, түсінгенін айта білуге үйренді. Сабақтағы қалыптастырушы бағалау мен оның ажырамас бөлігі – мұғалімнің кері байланысын білікті ұсыну қажеттігін атап көрсетті.

         

22.10.21 күні “Дуалды оқыту жүйесін жүзеге асыру” аясында 6В01702 “Шетел тілі: екі шетел тілі” білім бағдарламасы бойынша білім алатын ИЯ 311топ студенттері  Ә.Молдагулова атындағы мектеп-лицейіне барып, 7-ші  сыныпта өткен ағылшын тілі сабағына қатысып және  үйірме жұмыстарымен танысты.Мектеп пен жоғары оқу орындары  сабақтастығы негізінде  болашақ маман иелерін  педагогикалық мамандыққа бағыттау,студенттердің танымдық қызығушылығының қалыптасуына әсерін тигізері сөзсіз.

     

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz