Бітірушілердің пікірлері

Шагирова Самал, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2019 жылғы бітіруші түлегі!

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті – БҚО, Орал қаласында орналасқан еліміздің жоғары білім беретін оқу орындарының бірі. Мен, Шагирова Самал 2015-2019 жылдар аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технолгиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультеті, Экономика және менеджмент кафедрасы, 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын бітірдім. Университетте алған білімімді бүгінде тәжірибемен ұштастырып жүргеніме міне, үш жылдай уақыт болыпты. Қазір мемлекеттік қызметкер саласында өнімді еңбек етудемін. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ жұмыс жасаймын.

Мен қашанда өзім білім алған оқу орныммен, ұстаздарыммен мақтанамын. Білікті профессор, оқытушылардың тәлім-тәрбиесі бізді алысқа қанат қақтырды. Оқытушы-ұстаздарымыз – Батима Толебаевна, Магрипа Аубакировна, Айнагуль Утегеновна және басқалары да әлі де жадымда. Шәкірт үшін ұшқан алтын ұясы қашанда ыстық сезіледі. Материалдық-техникалық базасы толыққанды жабдықталған, білім беру стандартына сәйкес студенттерге тиімді оқыту жүйесін енгізген оқу орнының бүгінгі жетістіктері көз алдымызда өтіп жатыр. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің аты жоғарыдан аталып, көркейіп жатса ол біз үшін де қуаныш. Өзіңнің білім алып шыққан оқу орнымен мақтану әрбір шәкірт үшін маңызды.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің жұмыс істей бастағанына көп уақыт болыпты. Осы аралықта бұл университетті қаншама түлектер бітіріп шықты. Олардың әрқайсысы еліміздің түрлі өңірлерінде жемісті қызмет етіп жүр.

Жасай бер, жайнай бер, БҚИТУ! Өзіңнен әлі талай түлектің түлек ұшатынына сенім мол!

Бертлеуов Темірлан, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2019 жылғы бітіруші түлегі!

«БҚИТУ» қазіргі таңда Республикаға белгілі жоғарғы оқу орнының бірі. Оның материалдық – техникалық базасы толыққанды жабдықталған жоғарғы дәрежеде және кадрлық құрылымы мықты. Сондықтан университеттің келешегі зор, ғұмыры ұзақ деп есептеймін.

Бертлеуов Темірлан 2015-2019 жылдар аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультеті, Экономика және менеджмент кафедрасы, 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын бітіріп шықтым. Ол кезде бізге көптеген ұлағатты тәжірибелі ұстаздар дәріс, оқу біліммен қатар жан – жақты тәрбие де алдық. Оқу бітірген соң Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде ЭЕМ-операторы, Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің инспектор қызметінде атқардым. Қазіргі таңда «Индер аудандық Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы қызметін атқарамын. Сол кездегі Университетте оқып алған теориялық білімімді іс – тәжірибемен ұштастыра отырып жұмыстанудамын.

Менің БҚИТУ, Тілдер және менеджмент факультеті, Экономика және менеджмент кафедрасының профессор – оқытушылар құрамына алғысым шексіз. Оларға шығармашылық табыс, еңбектеріне үлкен жеміс, жеке бастарына мықты денсаулық тілеймін.

Жалпы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеттінің өркендей беруіне, Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарында болуына әрқашан тілектестігімді білдіремін!

Нұрғали Гүлзат, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2019 жылғы бітіруші түлегі!

Мен, Нұрғали Гүлзат 2015-2019 жылдар аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультеті, Экономика және менеджмент кафедрасы, 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмәмдадым. Университетте алған білімімді бүгінде тәжірибемен ұштастырып жүргеніме міне, үш жылдай уақыт болыпты. Қазір мемлекеттік қызметкер саласында өнімді еңбек етудемін.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінде, Әкімшілік және құқықтық секторының бас маманы қызметін атқарып келемін.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде оқып жүрген кезде профессор – оқытушылардың, үлкен ғалымдар – ғылым кандидаттары, ғылым докторларынан дәріс алдым. Кәзіргі танда бұл білім еңбек жолымда пайдағасты.

Мен, әкімшілік және құқықтық секторында жұмыс атқарғандықтан университеттің білікті профессор-оқытушыларымен, оның басшыларымен кездесулер болып тұрады. Білімалушылармен жиі кездесіп отырамыз.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, менің ойымша келешегі зор, Қазақстандағы іргелі жоғары оқу орындарымен қатарлас оқу орны болатындығына сенімім мол.

Бүгінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері қаламызда болып жатқан мәдени іс – шараларға, түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Әрбір студент Орал қаласының гүлденіп көркеюіне өз үлестерін қосуда. Сондай-ақ қаламыздағы ғылым білімнің дамуына өнердің гүлденуіне жалпы мәдениеттің өркендеуіне жан-жақты өз үлестерін қосуда.

Жалпы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің болашағы жарқын, асар асуы биік, мақсаты айқын екендігіне толық сенемін.

Уалитханов Турсынбек, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2018 жылғы бітіруші түлегі!

Мен, Уалитханов Турсынбек Орал қаласы Деркул кенті әкімінің аппараты, Деркул кентінің абаттандыру бөлімінің бастығы болып қызмет атқарамын.

2014-2018 жыл аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультеті, «Экономика және менеджмент» кафедрасында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын аяқтадым. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жоғары дәрежеде екендігін зор сеніммен айта аламын. Кафедраның оқытушыларының бізге берген білімін өз жұмысымда жан-жақты пайдаланып отырмын. Оқытушылардың теория жүзінде берген білімін, іс-жүзінде өз жұмысымда ұштастырып жүрмін. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің бітірген түлектері қазіргі таңда тек қана ауданда ғана емес, облыс көлемінде, тіпті Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінде түрлі жұмыстар атқаруда.

Мен, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің келешегіне үлкен сеніммен қараймын, оның келешегі зор.

Төлекбаева Данагүл Сермухамбетқызы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының түлегі

Білікті білім ордасы – білікті мамандар дайындайтын орын Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті!

Мен, Төлекбаева Данагүл Сермухамбетқызы, 1998 жылы, 30 сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылында дүниеге келдім.

2004-2015 жылдары БҚО Қаратөбе ауданы Аққозы ауылындағы «Аққозы жалпы орта білім беретін мектебінде» білім алдым. 2015 жылы Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультетіне 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығына оқуға түстім.

Оқу жылдары кезінде көптеген іс-шараларға қатысып жетістіктерге жетіп жүрдім.

2017 жылы VIII Республикалық «Ғылыми шарайнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстар сайысында екінші орын алдым.

2017 жылы ХVІІ халықаралық ғылыми студенттік конференцияда «Ең үздік мультимедиялық презентация» грамотасымен марапатталдым.

2017 жылдың 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне орай, Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің қабырғасындағы шараларға белсенді қатысқаным үшін алғыс хатпен марапатталдым.

2017 жылы Қаратөбе аудандық жастар премиясының «Үздік жас ғалым» аталымы бойынша марапатталдым.

2017– 2018 оқу жылында Президенттік стипендия іліктім.

2018 жылдың 13 – 15 наурыз аралығында Батыс Қазақстан инновациялық университетінде 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты XVIII халықаралық жас ғалымдардың ғылыми конференциясына қатысып 1 орынға ие болдым.

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында 10-11 тамыз аралығында өткен 90 жылдық мерейтойында ерікті ретінде қатыстым (волонтер).

2018 жылдың 25 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінде экономикалық мамандықтар арасында «Экономика инновациясы және модернизациясы» тақырыбындағы XVII Республикалық Олимпиадаға қатысып 2 орынға ие болдым.

2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің ректоры, профессор Р.С.Габдулиева ел егемендігінің еңселі болуына ат салысып, өзінің ізденімпаздылығымен, қырағылымен, білімділігімен ерекше көзге түсіп, оқуда озат болғаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

2019 жылы Шаңырақ жасөспірімдер үйінің әкімшілігі Жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жасаған арнайы көмегім үшін алғыс хатпен марапаттады.

2019 жылдың наурыз айында «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан білім беруді жаңғырту жолында» атты республикалық конференция өтті.Конференция барысында Республикалық «Үздік студент – 2019» жобасының марапаттау рәсімі болды. Марапаттау рәсімінде БҚИТУ «Тілдер және менеджмент» факультетінің 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс студенті Төлекбаева Данагүл Сермухамбетқызына «Жылдың үздік студенті» төс белгісі тағылып алғыс хат берілді. Республикалық олимпиадаларға, конференцияларға, жобаларға, байқауларға белсенді қатысқаны үшін «Жас қыран» республикалық талантты жастардың кітап жинағына ендім.

2019 жылдың 4 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, айтыскер ақыны Шолпан Қыдырниязованың 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылған іс–шараға ерікті ретінде қатыстым (волонтер).

2019 жылдың маусым айында «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының дарынды жастарын қолдау мақсатында, жастар жылының аясында шығарылған «Жылдың үздік студенті» атты республикалық жинақ кітабына енгізілгені үшін «Қазақстан 100 үздік көшбасшы студенті» атты республикалық байқаудың 2 дәрежелі жеңімпазы атандым. Оқуда озат, республикалық олимпиадаларға, конференцияларға, жобаларға, байқауларға белсенді қатысқаны үшін «Қазақстан 100 үздік көшбасшы студенті»» республикалық көшбасшы жастардың кітап жинағына ендім.

2019 жылдың 10-14 маусым күндері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Парасаттылық мектебін аяқтадым.

Университет маған көптеген мүмкіндіктер мен жаңашыл бағыттарға жол ашты десем асте қателеспеймін.

Оқуды 2019 жылы үздік дипломмен аяқтап сол жылы Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Өңірлік даму және мониторинг бөлімінде жұмысқа тұрдым.

Содан бері үлкен жетістіктерге жетуімде білім алған университетімнің орны ерекше деп әріптестереме мақтан тұтып жүремін.

Мен өзім оқыған университетімді әрқашан мақтан тұтамын әрі мақтан етемін!

Абылай Кенжетаев, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2019 жылғы бітіруші түлегі!

2015-2019 жылдар аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультеті, Экономика және менеджмент кафедрасы, 5В050700 Менеджмент мамандығын бітіруші түлек.

Құрметті университет ұжымы, университет басшылығы және студенттер қауымы!

Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы деген сөз текке айтылмаса керек.

Сіздердің берген тәлім-тәрбиелеріңіздің арқасында біз жоғары саналы, білімді, білікті маман болып қалыптастық.

Университетте ғылыми жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған: студенттерге арналған ғылыми үйірмелер, көрнекті ғалымдар мен практиктердің қатысуымен халықаралық конференциялар, семинарлар. Соның арқасында мен менеджмент бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына араласып, жақсы ғылыми нәтижелерге қол жеткіздім.

Студенттің игілігі үшін деп,

Сара жолын салып берген ғылымның

Жас ұрпақтың озат ойы сыналған,

Дәл осында тоғысады мың арман.

Беделі зор Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Шәкірттерін биік шыңға шығарған!

Шәкірттеріңіздің жетістіктері арқылы көркейе беріңіздер!

Жоламанова Аэлита, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2020 жылғы бітіруші түлегі!

Құрметті университет басшылары, аяулы ұстаздар! Сіздерге шын жүрегімнен өз алғысымды білдіремін! Берген терең білімдеріңіз шексіз құрметке лайық! Мен университетте үлкен өмір мектебін алдым. Білімді ұрпақтарыңыздың жетістіктері арқылы беделдеріңіз өсе берсін! Сіздермен, университетімізбен әрқашанда мақтанамын!

Өтеш Аслан, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2018 жылғы бітіруші түлегі!

Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын бітірдім.

Университет маған өз мамандығым бойынша кең және жан-жақты білім берді, өз бетінше ойлауға үйретіп, зияткерлі қабілеттерімді дамытты.

Болашақта Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін халықаралық дәрежедегі университеттер мен нық тіресетіндей дәрежеде көргіміз келеді!

Қосдаулетова Айсулу, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2018 жылғы бітіруші түлегі!

Қосдаулетова Айсулу Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Менеджмент мамандығы бойынша 4 жыл білім алдым. Білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыма үлкен алғыс айтқым келеді. Ұстаздарыма білім үшін өте ризамын, олар біздің білімімізді жоғары деңгейге көтеріп, мол білімді бойымызға сіңірді. Профессорлық-оқытушылар құрамы бізді әрқашан қолдап, өмірде және кәсібімізде көмектесетін тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.

Мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде оқығаныма мақтанамын!

Алпысбаева Ақнұр, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2020 жылғы бітіруші түлегі!

Мен, Алпысбаева Ақнұр 2016 жылы Орал қаласында орналасқан Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіне «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығына оқуға түстім. 2020 жылы жоғары оқу орнынын «Үздік дипломмен» аяқтадым. Осындай оқу ордасынан білім алғаныма қуаныштымын. Оқу барысында басқа қалаларда орналасқан университеттерде академиялық ұтқырлықпен практикаларымызды жүргізіп, білімімізді одан әрі жетілдіре түстік. Қала берді, өз арманыма қол жеткізуде түрлі облыстық, республикалық байқаулар мен олимпиядаларға қатыстық.

Мен мамандық және жоғары оқу орнын таңдауда қателескен жоқпын.

Өйткені, бұл университет мені көп нәрсеге үйретті, жақсы білім берді.

Сондықтан білім берген университет қауымына айтар тілегім – бәсекелестіктің биік шыңына көтеріле беріңіздер дегім келеді.

Сарсенгалиев Алимбек, «Конденсат» АҚ инженер-технологы
Мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін 2017 жылы 5В070800-Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бітіріп, «Конденсат» АҚ мекемесіне мамандығыма сәйкес жұмысқа орналастым.

Университетте алған сапалы білім мен тәжірибелік дағдылар менің жұмысқа орналасуыма және карьерлік өсуіме үлкен септігін тигізді.
Маған білім берген факультеттің және кафедраның профессор-оқытушыларына шексіз алғысымды білдіре отырып, зор денсаулық, білім жолындағы еңбектеріне табыс тілеймін.

Темиргалиев Б.Е., БҚО әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директор орынбасары

БҚИТУ-нде мен төрт жылдық оқу барысында мен тек білім ғана емес, сонымен қатар тәжірибе, жаңа таныстар, болашақта өзімді жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болдым. Мен осы ЖОО-нда 2013-2017 жылдар аралығында 5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығына оқыдым.

Университет біздің қаламызда өзінің студенттеріне оқудан тыс қызметке қатысу бойынша ауқымды бағдарлама ұсынатын жоғары оқу орны ретінде белгілі. Бұл көптеген қызықты іс-шаралар, үйірмелер, конференіиялар және т.б. мүшәйралар. Сондай-ақ, спортпен шұғылданғысы келетін кез-келген студент үшін ашық көптеген спорттық үйірмелер мен секциялар бар. Оқудан тыс қызмет орталығы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетуге және ашуға мүмкіндік береді. Оның есігі барлық студенттер үшін ашық, онда сен жаңа іс-шаралар өткізу бойынша өз идеяларыңды ұсына аласың, бұрынғы шаралар ұйымдастыруда көшбасшылық тәжірибе жинай аласың.

Қорытындылай келе, университеттен алған тәжірибелерімнің барлығы дерлік оң болды, қиындықтар болды, бірақ олар да жеңдім деп айтқым келеді. Университет оқу үшін де, өзін – өзі дамыту және бос уақытты өткізу үшін де барлық мүмкіндіктер береді, бастыты – сіз оларды пайдалана алсаңыз болды. Қазіргі уақытта мен осы салада басқарушы қызметін атқарып келемін. Лауазым өте маңызды, үнемі назар аударуды, сапаны бақылауды, және қауіпсіздікті қажет етеді. Осы саладағы білімім мен тәжірибемнің арқасында мен маман болып, өзімнің біліктілігімді белсенді дамытып үстіндемін.

Тасболат Бауыржан, KazTurboRemont (KTR) Кампанияcының наряд-рұқсат бойынша координатор

Мен 2014-2018 жылдар аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологилық университетінде, 5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығында оқыдым. Төрт жылдық оқу барысында мен тек білім ғана емес, сонымен қатар тәжірибе, жаңа таныстар, болашақта өзімді жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болдым.

Университет қабырғасында жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Көптеген оқытушылармен ортақ тіл табу оңай болды. Сондай-ақ, Университетте әрдайым жаңа жобалар мен конкурстар болады, соларға біз қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрдік. Университет өміріндегі тағы бір жарқын сәт, әрине, сабақтан тыс жұмыстар. Менің ойымша, біздің Университетте іс-шараларды құру және өткізу бойынша ең үздік университет атағына ие бола алады деп ойлаймын. Мерекелік іс-шараларға, түрлі фестивальдарға қатыса отырып, көптеген алғыс хаттарға ие болдық. Мен бірнеше рет осындай көтермелеуге ұсынылған едім.

Бұл сәттер менің өмірімдегі ең маңызды уақыттар болды. Осы мезеттер өмірдің қызу ырғағы еді, сол уақыт ішінде мен үлкен тәжірибе жинадым. Сонымен қатар оқу ісінен тыс қалалық және облыстық мүшәйраларға белсенді қатыстық. Мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологилық университетіне түскеніме ешқашан өкінбедім!

Сатқынов А.Қ., «Жылыой аудандық ветеринариялық стансасы» ШЖҚ КМК, Құлсары қаласы ветеринариялық фельдшері

Университетті таңдау – бұл әрбір адам үшін маңызды және күрделі шешім. Мен көптеген университеттерді қарастырдым, олардың әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері болды. Нәтижесінде, мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін таңдадым және де осы таңдауыма еш өкінген емеспін. Университетімізде алған білім менің кәсіби өсуіме елеулі және баға жетпес үлес қосты. Білім берудің тиімді бағдарламасы мен оқу әдістемесі, мықты профессорлық-оқытушылық құрамы және жоғары деңгейдегі техникалық, ғылыми және практикалық жабдықталуы менің таңдаған салама –ветеринарлық медицина, салыстырмалы түрде қысқа мерзімде терең іргелі білім алуға ықпал етті. Сонымен қатар тәжірибелі оқытушылармен тығыз байланыста болу олардың негізгі артықшылықтарының бірі болып табылатын ветеринарлық медицина мамандығы бойынша жұмыс істеудің кәсіби дағдыларын дамытуға кең мүмкіндік берді. Университетімізде оқу теориялық білімді тәжірибеде сәтті пайдалануға мүмкіндік берді. Ең бастысы, оқу барысында алған білімім мен дағдыларым түрлі салалардағы мүмкіндіктерді дамытуға тікелей қатысуымды қамтамасыз етті.

Қорытындылай келе, университетіміздің басшылығына, бүкіл ғылыми-педагогикалық ұжымға алғысымды білдіргім келеді. Университетіміздің ұжымына бақ-береке және жоғары білікті және болашағы зор мамандарды одан әрі бітіруіне тілектеспін.

Мустафин Б.К., Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласының № 14 – ші өрт сөндіру бекетінің бастығы

Мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологилық университетінің түлегімін. Болашақта қалаған мамандығымның иесі атануға 5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығы қажет болып, осы ЖОО-н таңдадым. Мен оқу орнын және өз мамандығымды таңдауда ешқашан көңілім қалмады, өйткені мұның бәрі маған өмірде өзімді жүзеге асыруға және болашақ мансабыма жол ашуға көмектесті. Оқу барысында мен беделді мекемелерден тәжірибеден өттім. Мұнда мен өзіме керек теориялық білімді жақсы меңгердім. Барлық материалдар қол жетімді болды.

Өздеріңіз білетіндей, «Тіршілік қауіпсіздігі» – бұл өмірдегі барлық тіршілік иелерінің қауіпсіз өмір сүруі болып табылады. Ал жалпы қауіпсіздікті, адамның жұмысқа қабілеттілігін және денсаулығын сақтауға кепілдік беретін, оны оқыс жағдайларда әрекет етуге дайындайтын, тиімді кәсіптік қызметтің техника қауіпсіздігіне және адамның қорғалғандығына қойылатын талаптармен үздіксіз қадағалайтын осы мен оқыған мамандықтың иелері. Аталмыш ЖОО-нда осы мамандықты терең бағытға меңгеруге мүмкіндік берді.

Осы Университетте алған тәжірибем маған жұмыста, лайықты лауазымға ие болуға көмектесті. Қазіргі уақытта мен өрт сөндіру саласында басқарушы қызметін атқарып жүрмін. Лауазым өте маңызды, үнемі назар аударуды, әрдайым құтқаруға сақадай сай болуды және сапаны бақылауды, қауіпсіздікті қажет етеді. Осы саладағы білімім мен тәжірибемнің арқасында мен маман болып, өзімнің біліктілігімді белсенді дамытып үстіндемін. Лайықтылар арасында үздік болып, тек алға қарай жүріп келемін. Шын жүректен, БҚИТУ-ң «Экология және биотехнология» кафедрасына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Оларға сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін. Барлық оқытушылар құрамына алғысымды білдіремін.

Меренова Аякөз, 5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының 2019 оқу жылының түлегі

Мен 4 жыл бойы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенті болдым. Батыс өңірінде ең озық университеттерінің бірі. Мен бұл университетті таңдадым, өйткені Мен мұнда лайықты білім алатынымды білдім. Себебі бұл ЖОО-да мен үшін өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Осы жылдар ішінде мен осы университетке түскеніме ешқашан өкінбедім.

1-ші курстың алғашқы кезеңдерінен бастап оқытудың айтарлықтай ерекшелектеріне таң қалдым. Сондай-ақ оқудан тыс іс-шараларға қатысудың арқасында өзімді барлық жағынан іске асыруға мүмкіндік беретініне көзім жетті. Біздің университетте көптеген артықшылықтар бар. Менің ойымша, университеттің ең басты артықшылығы – әрбір студенттің ерекшеліктерін, дарындылығын табуға және оларды дамытуға тырысатын оқытушылар баршылық. Біздің оқытушылар сізге жеке уақытын еш қиындықсыз бөле алады.

Мен үшін Университет – бұл өмірде адамдарды және өзін танудың бір тәсілі. Әрине, мен үшін сапалы білім алу маңызды рөл атқарады. Мұндағы әртүрлі шараларға белсене қатысу, адамды жаңа шығармашылық жетістіктерге жетелейді, сонымен қатар, ол сізді әрекет етуге, күресуге және әрдайым сіздің жеке тұлға болу құқығын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Біздің университет – бұл тек оқуға келетін мекеме емес. Неге десеңіз Университетте ерекше атмосфера бар. Мұнда оқу да, өмір де бар. Мұнда жұмыс, шығармашылық және спорт бар. Үйірмелер, секциялар осы атмосфераны құруға ықпал етеді.

Менің университетім – мен өзімді жүзеге асыра алатын орын. Мен үшін бұл екінші үй, өйткені мен көп уақытымды сүйікті ісіммен өткіздім.

Бақтыбаева Данагүл Сундетқызы, Қаратөбе ауылдық округінің мал дәрігері

Мен  2015 – 2020 жылдар аралығында  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Инженерлік-технологиялық факультетінің түлегімін. Мамандығым мал дәрігері. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіндегі алғашқы жылым өте қарқынды болды, алайда менің оқуға салған бар күш-жігерім сонымен ақталды деген ойдамын. Мен бірінші семестрде зерттеудің жақсы негізін, екінші семестрден бастап түрлі салалардағы курстарды, сондай-ақ дипломдық жұмысты дайындауға ұзақ уақытты қамтитын оқу жоспарын құрып үйрендім. Оқытушылық профессорлық қауым өте білімді және студенттерге көмектесуге әрдайым дайын болды. Өзімнің жетекшілерім маған практикалық жұмыстрымды зерттеуге және дайындауға көп көмек көрсетті. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті өркендеп келе жатқан дербес жоғары оқу орны болып табылады.

Мен қазіргі таңда мамандық бойынша «Қаратөбе аудандық ветеринарлық станциясы» ШЖҚ МКК Қаратөбе ауылдық округінің мал дәрігері лауазымы бойынша қызмет атқарып жатырмын.  Университетіміздің бүкіл профессорлық-оқытушылық құрамына берген білімдері, тәжірибелері үшін – кәсіби және өмірлік тәжірибелері үшін, назарлары мен ықыластары үшін, түсіністік пен қатысу үшін, лайықты білім үшін үлкен рахмет!

Бактиярова И.М., «Жылыой аудандық ветеринариялық  стансасы» ШЖҚ КМК,

Университетті таңдау – бұл әрбір адам үшін маңызды және күрделі шешім. Мен көптеген университеттерді қарастырдым, олардың әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері болды. Нәтижесінде, мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін таңдадым және де осы таңдауыма еш өкінген емеспін.

Университетімізде алған білім менің кәсіби өсуіме елеулі және баға жетпес үлес қосты. Білім берудің тиімді бағдарламасы мен оқу әдістемесі, мықты профессорлық-оқытушылық құрамы және жоғары деңгейдегі техникалық, ғылыми және практикалық жабдықталуы менің таңдаған салама –ветеринарлық медицина, салыстырмалы түрде қысқа мерзімде терең іргелі білім алуға ықпал етті. Сонымен қатар тәжірибелі оқытушылармен тығыз байланыста болу олардың негізгі артықшылықтарының бірі болып табылатын ветеринарлық медицина мамандығы бойынша жұмыс істеудің кәсіби дағдыларын дамытуға кең мүмкіндік берді. Университетімізде оқу теориялық білімді тәжірибеде сәтті пайдалануға мүмкіндік берді. Ең бастысы, оқу барысында алған білімім мен дағдыларым түрлі салалардағы мүмкіндіктерді дамытуға тікелей қатысуымды қамтамасыз етті.

Қорытындылай келе, университетіміздің басшылығына, бүкіл ғылыми-педагогикалық ұжымға алғысымды білдіргім келеді. Университетіміздің ұжымына бақ-береке және жоғары білікті және болашағы зор мамандарды одан әрі бітіруіне тілектеспін.

Аюпкалиева Алтынайдан, Батыс Қазақстан  инновациялық-технологиялық  университеті, Инженерлік-технологиялық  факультетінің түлегі

Ең алдымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық  университетінің  профессор , аға оқытушыларына  студенттерге деген ілтипатты көзқарасы, оқытуға және білімдерін бөлісуге деген шынайы ықыластары үшін, оларды оңай, қолжетімді және қызықты етіп ұсынғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Оқу жылдарымыз қызық, қиын және пайдалы болды. Мен өз жұмысыма қажетті білімді алдым деп сеніммен айта аламын. Университетімізде тамаша білім беру нәтижелері үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға мүмкіндік беретін тамаша ғылыми-техникалық база бар. Қалғаны студенттердің өзіне байланысты.

Енді қосымша білім алу үшін университетті таңдап жатқандардың барлығына айтарым: Сіз Батыс Қазақстан  инновациялық-технологиялық  университеті оқуға баратыныңызға өкінбейсіз. Университетте оқыған жылдарымды ерекше сезіммен еске аламын, өйткені оқытушыларымыздың арқасында лайықты мамандығым бойынша  жұмысқа орналастым.

Оқытушыларыма айтарым: «Оқу біткені өкінішті. Бізге берген білімдерініз баға жетпес!».

Ерекше құрметпен, Үсенұлы Қайрат, 5В092900 – Строительство, выпускник 2021 года. Инженер –строитель в ТОО «Сенімді Құрылыс».

«Мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Құрылыс» мамандығында 2014-2018 жылдары білім алғанмын. БҚИТУ-ға түсіп, мен дұрыс таңдау жасадым. Себебі менде университтегі оқуға қатысты тек қана жағымды естеліктер қалды. Ең алдымен, білікті университеттің мамандардан құралған оқытушылар құрамын ерекше атағым келеді. Оқытушылар құрамы үлкен құрметке лайық. Дәрістер туралы айтқанда, олардың мәнді де қызықты өткені оқытушылардың арқасы деп білемін. Осы төрт жылдағы алғаным, тапқаным үшін алғыс айтқым кеп тұр».

Тасимова Айдана 2015 жылғы түлек. ЖШС «Стройкомбинат», инженер ИСМ.

«Бүгінгі күні мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің түлегі болып табыламын. «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша техника ғылымдарының бакалавры бола отырып, мен үшін өзім салада көптеген мүмкіндіктер ашылды. Болашақта өз аяғымда нық тұру үшін мансабымды бастау үшін барлық мүмкіндіктер ашылды. Мысалы, университет 3 курс оқу жылында өндірістік практикадан өтуге қатысты орындарды ұсынады. Шындығында практикамның табысты тамамдалуына менің құрметті оқытушылардан алған білім мен тәжірбиемнің көп пайдасы тиді, әрі бұл маңызды рөл ойнады. Бұл университеттің оқытушылары құнсыз тәжірибесі бар, терең білім иелері болып табылады. Көп рахмет».

Аса құрметпен, Баймукашева Жадра, 2015  жылғы түлек.

«Мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығында 2011-2015 жылдары білім алғанмын. БҚИГУ-не түсіп, мен дұрыс таңдау жасадым. Себебі менде университтегі оқуға қатысты тек қана жағымды естеліктер қалды. Ең алдымен, білікті университеттің мамандардан құралған оқытушылар құрамын ерекше атағым келеді. Оқытушылар құрамы үлкен құрметке лайық. Дәрістер туралы айтқанда, олардың мәнді де қызықты өткені оқытушылардың арқасы деп білемін. Осы төрт жылдағы алғаным, тапқаным үшін алғыс айтқым кеп тұр».

Кайыржанова Назгуль «5В060800-Экология» мамандығының 2014 жылғы түлегі, «Камал-Ойл» ЖШС инженер-экологы.

Менен қайда оқыдың деп сұрағандарда Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде деп мақтанышпен айтамын. Елімізде, қоғамда БҚИГУ туралы инженерлерді дайындаудың ең үздік оқу орны деген пікір қалыптасқан. Біздің университет өз студенттеріне жоғары талап қоятыны жалпыға аян, сондықтан жұмыс берушілер ЖОО-дан жауапты жұмыстарды сеніп тапсыруға болатын жоғары білікті мамандарды ғана күтеді. Түлектерге шешілуі қиын даулы мәселелерде кеңес беріп, қолдап жүрген БҚИГУ -ге және оның оқытушыларына алғыс білдіргім келеді.

Зинешева Дина, «5В060800-Экология» мамандығының 2014 жылғы түлегі. «Облыстық экологиялық – биологиялық орталығы» қосымша білім беру педагогы.

БатысҚазақстан инженерлік-гуманитарлық университетімен үшін туған үйімдей болып кетті. Университет маған тұлға ретінде қалыптасуыма ықпал етіп, менің әлеуетімді ашты. Университет қабырғасында маған берілген білім болашақта іс жүзінде маған талай көмектесті. Шындығында, ең алдымен биология және экология саласында тыңғылықты білім беруге, әрі оны тәжірибеде қолдана білуге үйреткен БҚИГУ-інің профессорлық-оқытушылық құрамының мықты екенін айтқым келеді. БҚИГУ-інің арқасында мен болашағымды таптым, жаныма жағымды және сүйікті қабырғаларда алған өз білімімді еркін жұмсай алатын жұмысқа орналастым. БҚИГУ-іне үлкен рахмет!

Рахметуллина Айдана, «5В060800-Экология» мамандығының 2014 жылғы түлегі. Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі, оқытушы

БҚИГУ туралы менде тек қана жағымды естеліктер қалған. Бұл тек қана қызықты студенттік өмір уақыты ғана емес, сонымен бірге жоғары білікті және тәжірибелі мамандардан білім алу уақыты ретінде есте қалды.  БҚИГУ дипломы сапалы білімнің кепілі екенін сенімділікпен айта аламын!

Сағидоллина Мөлдір, 5В090700 – Кадастр, 2016 жыл түлегі.

«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің ұжымына шын жүректен алғысымды білдіремін. Барлық оқытушыларға денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін! Университет қабырғасында алған терең білімімді және практика кезінде алған практикалық дағдыларды, қазіргі таңда мамандық бойынша жұмыс барысында қолданып отырмын. »

Кариева Самал, 2016  жылдың түлегі.

«Мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, инженерлік-технологиялық факультетінің 5В060800 «Экология» мамандығы бойынша 2012-2016 жылдар аралығында оқып, бітіріп шықтым. Қазір «Жұмыспен қамту-2020 картасы» бағдарламасы арқылы 2016 жылдың 16-шы маусымынан бастап ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО бойынша экология департаментінен «Экология» мамандығы бойынша жастар практикасынан өтудемін. Өз мамандығым бойынша жұмыс жасаймын. Мен инженерлік-технологиялық факультетінің ұжымына шын жүректен алғысымды білдіремін. Университет қабырғасында алған терең білімімді және практика кезінде алған  практикалық дағдыларды, қазір жұмыс барысында қолданып отырмын. »

 

Мұзапар Қуаныш, 2016 жылдың түлегі. «ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Орал қалалық аумақтық инспекциясы», ветеринария маманы.

«Мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша оқып бітіріп шықтым. Қазір өз мамандығым бойынша жұмыс жасаймын. Ризамын.

 Мен кураторыма, ұстаздарыма кафедра ұжымына шын жүректен алғысымды білдіремін. Барлық оқытушыларға денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін! Университет қабырғасында алған терең білімімді және практика кезінде алған  практикалық дағдыларды, қазір жұмыс барысында қолданып отырмын. »

Айсағали Гульфара, 2007 жылдың түлегі. БҚО экология департаментінің бас маманы.

«Мен 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Экология» мамандығы бойынша оқып бітірдім. Мамандығым бойынша аналитикалық зерттеу бөлімінде жұмыс жасап жүрмін. 8 жыл стажым бар. Мамандығым өзіме ұнайды.

Мен сол жылдардағы оқытқан ұстаздарыма кафедра ұжымына шын жүректен алғысымды білдіремін. Оқытқан оқытушыларға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін! Университет қабырғасында алған терең біліміді және практикалық дағдыларды, қазір жұмыс барысында қолданып отырғаныма қуанамын»

Сиражиева Алия 2008 жылдың түлегі. АҚ «Жайықжылуқуаты», қоршаған ортаны қорғау жөніндегі маман.

«2008 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Экология» мамандығы бойынша оқып бітірдім. Мамандығым өзіме ұнайды. Оқытқан оқытушыларға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін! Университет қабырғасында алған біліміді және кәсіби дағдыларды, қазір жұмыс барысында қолданып жүрмін»

Бакытжанова  Малика, 2016 жылдың түлегі.

«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, инженерлік-технологиялық факультетінің 5В060800 «Экология» мамандығы бойынша 2012-2016 жылдар аралығында оқып, бітіріп шықтым. Қазір «Жұмыспен қамту-2020 картасы» бағдарламасы арқылы 2016 жылдың 16-шы маусымынан бастап ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО бойынша экология департаментінен «Экология» мамандығы бойынша жастар практикасынан өтудемін. Оқытқан оқытушыларға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін! Университет қабырғасында алған білімді және кәсіби дағдыларды, қазір жұмыс барысында қолданып жүрмін. »

Қасым Альфия, 2016 жылдың түлегі.

«Мен Қасым Альфия Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, инженерлік-технологиялық факультетінің 5В060800 «Экология» мамандығы бойынша 2012-2016 жылдар аралығында оқыдым. Қазір «Жұмыспен қамту-2020 картасы» бағдарламасы арқылы 2016 жылдың 16-шы маусымынан бастап ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО бойынша экология департаментінен «Экология» мамандығы бойынша жастар практикасынан өтудемін. Оқытқан оқытушыларға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін! Университет қабырғасында алған біліміді және кәсіби дағдыларды, қазір жұмыс барысында қолданып  жүрмін».

Тасимова Айдана 2015 жылғы түлек. ЖШС «Стройкомбинат», инженер ИСМ.

«Бүгінгі күні мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің түлегі болып табыламын. «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша техника ғылымдарының бакалавры бола отырып, мен үшін өзім салада көптеген мүмкіндіктер ашылды. Болашақта өз аяғымда нық тұру үшін мансабымды бастау үшін барлық мүмкіндіктер ашылды. Мысалы, университет 3 курс оқу жылында өндірістік практикадан өтуге қатысты орындарды ұсынады. Шындығында практикамның табысты тамамдалуына менің құрметті оқытушылардан алған білім мен тәжірбиемнің көп пайдасы тиді, әрі бұл маңызды рөл ойнады. Бұл университеттің оқытушылары құнсыз тәжірибесі бар, терең білім иелері болып табылады. Көп рахмет».

Мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығында 2011-2015 жылдары білім алғанмын. БҚИГУ-не түсіп, мен дұрыс таңдау жасадым. Себебі менде университтегі оқуға қатысты тек қана жағымды естеліктер қалды. Ең алдымен, білікті университеттің мамандардан құралған оқытушылар құрамын ерекше атағым келеді. Оқытушылар құрамы үлкен құрметке лайық. Дәрістер туралы айтқанда, олардың мәнді де қызықты өткені оқытушылардың арқасы деп білемін. Осы төрт жылдағы алғаным, тапқаным үшін алғыс айтқым кеп тұр».

Аса құрметпен, Баймукашева Жадра, 2015  жылғы түлек.

Менен қайда оқыдың деп сұрағандарда Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде деп мақтанышпен айтамын. Елімізде, қоғамда БҚИГУ туралы инженерлерді дайындаудың ең үздік оқу орны деген пікір қалыптасқан. Біздің университет өз студенттеріне жоғары талап қоятыны жалпыға аян, сондықтан жұмыс берушілер ЖОО-дан жауапты жұмыстарды сеніп тапсыруға болатын жоғары білікті мамандарды ғана күтеді. Түлектерге шешілуі қиын даулы мәселелерде кеңес беріп, қолдап жүрген БҚИГУ -ге және оның оқытушыларына алғыс білдіргім келеді.

Игі тілекпен, Кайыржанова Назгуль «5В060800-Экология» мамандығының 2014 жылғы түлегі, «Камал-Ойл» ЖШС инженер-экологы.

БатысҚазақстан инженерлік-гуманитарлық университетімен үшін туған үйімдей болып кетті. Университет маған тұлға ретінде қалыптасуыма ықпал етіп, менің әлеуетімді ашты. Университет қабырғасында маған берілген білім болашақта іс жүзінде маған талай көмектесті. Шындығында, ең алдымен биология және экология саласында тыңғылықты білім беруге, әрі оны тәжірибеде қолдана білуге үйреткен БҚИГУ-інің профессорлық-оқытушылық құрамының мықты екенін айтқым келеді. БҚИГУ-інің арқасында мен болашағымды таптым, жаныма жағымды және сүйікті қабырғаларда алған өз білімімді еркін жұмсай алатын жұмысқа орналастым. БҚИГУ-іне үлкен рахмет!

Зинешева Дина, «5В060800-Экология» мамандығының 2014 жылғы түлегі. «Облыстық экологиялық – биологиялық орталығы» қосымша білім беру педагогы.

БҚИГУ туралы менде тек қана жағымды естеліктер қалған. Бұл тек қана қызықты студенттік өмір уақыты ғана емес, сонымен бірге жоғары білікті және тәжірибелі мамандардан білім алу уақыты ретінде есте қалды.  БҚИГУ дипломы сапалы білімнің кепілі екенін сенімділікпен айта аламын!

Құрметпен, Рахметуллина Айдана, «5В060800-Экология» мамандығының 2014 жылғы түлегі. Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі, оқытушы,

«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің ұжымына шын жүректен алғысымды білдіремін. Барлық оқытушыларға денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін! Университет қабырғасында алған терең білімімді және практика кезінде алған практикалық дағдыларды, қазіргі таңда мамандық бойынша жұмыс барысында қолданып отырмын. »

Құрметпен, Сағидоллина Мөлдір, 5В090700 – Кадастр, 2016 жыл түлегі.

«Мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, инженерлік-технологиялық факультетінің 5В060800 «Экология» мамандығы бойынша 2012-2016 жылдар аралығында оқып, бітіріп шықтым. Қазір «Жұмыспен қамту-2020 картасы» бағдарламасы арқылы 2016 жылдың 16-шы маусымынан бастап ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО бойынша экология департаментінен «Экология» мамандығы бойынша жастар практикасынан өтудемін. Өз мамандығым бойынша жұмыс жасаймын. Мен инженерлік-технологиялық факультетінің ұжымына шын жүректен алғысымды білдіремін. Университет қабырғасында алған терең білімімді және практика кезінде алған  практикалық дағдыларды, қазір жұмыс барысында қолданып отырмын. »

Аса құрметпен, Кариева Самал, 2016  жылдың түлегі.

«Мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетінің «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша оқып бітіріп шықтым. Қазір өз мамандығым бойынша жұмыс жасаймын. Ризамын.

Мен кураторыма, ұстаздарыма кафедра ұжымына шын жүректен алғысымды білдіремін. Барлық оқытушыларға денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін! Университет қабырғасында алған терең білімімді және практика кезінде алған  практикалық дағдыларды, қазір жұмыс барысында қолданып отырмын. »

Құрметпен, Мұзапар Қуаныш, 2016 жылдың түлегі. «ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Орал қалалық аумақтық инспекциясы», ветеринария маманы.

 

«Мен 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Экология» мамандығы бойынша оқып бітірдім. Мамандығым бойынша аналитикалық зерттеу бөлімінде жұмыс жасап жүрмін. 8 жыл стажым бар. Мамандығым өзіме ұнайды.

Мен сол жылдардағы оқытқан ұстаздарыма кафедра ұжымына шын жүректен алғысымды білдіремін. Оқытқан оқытушыларға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін! Университет қабырғасында алған терең біліміді және практикалық дағдыларды, қазір жұмыс барысында қолданып отырғаныма қуанамын. »

Құрметпен, Айсағали Гульфара, 2007 жылдың түлегі. БҚО экология департаментінің бас маманы.

«2008 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Экология» мамандығы бойынша оқып бітірдім. Мамандығым өзіме ұнайды.

Оқытқан оқытушыларға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін! Университет қабырғасында алған біліміді және кәсіби дағдыларды, қазір жұмыс барысында қолданып жүрмін. »

Шын жүректен, Сиражиева Алия 2008 жылдың түлегі. АҚ «Жайықжылуқуаты», қоршаған ортаны қорғау жөніндегі маман.

«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, инженерлік-технологиялық факультетінің 5В060800 «Экология» мамандығы бойынша 2012-2016 жылдар аралығында оқып, бітіріп шықтым. Қазір «Жұмыспен қамту-2020 картасы» бағдарламасы арқылы 2016 жылдың 16-шы маусымынан бастап ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО бойынша экология департаментінен «Экология» мамандығы бойынша жастар практикасынан өтудемін. Оқытқан оқытушыларға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін! Университет қабырғасында алған білімді және кәсіби дағдыларды, қазір жұмыс барысында қолданып жүрмін. »

Бакытжанова  Малика, 2016 жылдың түлегі.

«Мен Қасым Альфия Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, инженерлік-технологиялық факультетінің 5В060800 «Экология» мамандығы бойынша 2012-2016 жылдар аралығында оқыдым. Қазір «Жұмыспен қамту-2020 картасы» бағдарламасы арқылы 2016 жылдың 16-шы маусымынан бастап ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің БҚО бойынша экология департаментінен «Экология» мамандығы бойынша жастар практикасынан өтудемін. Оқытқан оқытушыларға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін! Университет қабырғасында алған біліміді және кәсіби дағдыларды, қазір жұмыс барысында қолданып  жүрмін».

Құрметпен, Қасым Альфия, 2016 жылдың түлегі.

Мен, БатысҚазақстан инновациялық-технологиялық университетінің түлегімін. Университет маған көп нәрсені үйретті, маған көп мүмкіндіктерді ашты. Бүгін де жоғары білікті маман болып қалыптасуыма университет қабырғасында оқытушылардан алған білімім мен тәжірибем көмектесті. Университет оқытушыларына алғысымды білдіремін. Барлық университет оқытушыларына, басшылыққа рахметімді айтамын. Қазірігі кезде оқыған мамандығыма сәйкес Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Еңбекші жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарамын.

Игі тілекпен, Ғалымжанова Назерке «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2015 жылғы түлегі.

 

Мен, Оқасова Ұлмекен, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 2012-2016 жылдар аралығында оқып, білім алдым. Өз мамандығым бойынша, Ақтөбе қалалық №31орта мектебінде жұмыс жасаймын. Мен университет ұжымына шын жүректен алғысымды білдіремін. Университет қабырғасында алған терең білімім, практика кезінде жинаған тәжірбием қазіргі жұмысыма көмектесуде.Үлкен рахмет!

ҚҰРМЕТПЕН, Оқасова Ұлмекен, «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын 2016 жылы бітіруші.

2014 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын сырттай  бітірдім. Бұл –  менің екінші жоғары білімім. Бұл университетте білікті де білімді  оқытушылардан дәріс алдым. Осы екі жыл ішінде өзімнің мамандығыма қатысты теориялық, практикалық мәселелерді толық меңгеріп қана қоймай, қазақ тілі бойынша ғылыми жұмыс жазуды үйрендім. Осы университетте бізді біліммен сусындатқан ұстаздарға алғысымыз зор.

Аймаганбетова Гульнар Муханбеткалиевна,  Орал қаласындағы №39 ЖОББМ директоры. БҚИТУ-дың 2014 жылғы түлегі.

Мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын сырттай  (2ж) бітірдім. Осы университетте оқыған уақытта біз  өте  білімді ғалым-ұстаздардан білім алдық. Олар бізге жақсы білім берді деп айта аламыз. Осы университетте оқи жүріп біз өзімізге қажетті білім алдық, ғылыми ізденушілік бағытта жұмыс істеуді үйрендік. Қазір сол алған білімімізді практикада қолданып жүрміз. Сондықтан да осы университеттің ұстаздарына рахмет айтамыз.

Камешова Гүлжанар Маратовна, Орал қаласындағы № 17 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. БҚИТУ-дың 2016 жылғы түлегі.

Институтқа келерде қай мамандықты таңдарымды білмедім. «Менеджмент» мамандығы бар екенін көргенде өзімді мемлекеттік қызметші ретінде көрдім. Сол уақытта студенттік өмірдің қызық екенін білмемппін. Сонымен біздің оқытушылар туралы айтайын. «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушылары – бұл өз саласының кәсіби мамандары. Олар тек қана дәріс пен семинар беріп қоймай, біздің бос уақытымыз қызықты өту үшін кураторлық сағаттар өткізді. Кураторлық сағаттардың барлығы біздің мамандығымызға байланысты болды, мысалы мемлекеттік басқаруды талқылау, заңдарға енгізілген өзгерістерді қарап пайдалану.

Сондықтан да олардан теоритикалық жағынан және тәжіреби жағынанда кеңес алуға болады. Олардың кеңестері мен тәрбиелері болашақ мамандарға өте қажетті. Мен ойлаймын біздің студенттер сияқты басқа ЖОО студенттері өндірістік тәжірибеден өткен жоқ деп. Себебі біздер диплом алды тәжірибені ауылдық, аудандық, қалалық әкімі аппараттарында, департаменттерде өттік. Көбіміз сол жерлерде өзіміздің еңбек жолдарын бастап жатырық. Мен ойлаймын, біздің факультет осындай мамандарды дайындайды. Осы оқытушылардың арқасында өз мамандығымды сүйдім, топтағы группаластарым дос болып кетті. Сіздерге рахмет.

Досбатырова Гаухар Кубландыевна, выпуск 2015 года, специальность 5В050700 «Менеджмент»

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz