Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны және құрылымы

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

            Магистратура – кемінде 60-120 академиялық кредитті міндетті түрде меңгеру арқылы тиісті білім беру бағдарламасы бойынша “магистр” дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейі (Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы.)

Магистратурада ғылыми, педагогикалық және басқарушылық кадрларды даярлау екі бағытта жүзеге асырылады:

  • Ғылыми-педагогикалық бағыт: оқу мерзімі – 2 жыл;
  • Бейіндік бағыт: оқу мерзімі – 1-1,5 жыл.

            Ғылыми – педагогикалық бағыттағы магистратура жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және зерттеу даярлығы бар ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.

Бейіндік магистратура эконмика, қызмет көрсету және бизнес, кәсіптік даярлығы терең басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған.

  1. Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны

1.Теориялық  оқыту (базалық  және бейіндеуші пәндерден тұрады);

  1. Магистранттарды практикалық даярлау: практикалардың, ғылыми және кәсіби тағылымдамалардың түрлері;
  2. Магистранттардың ғылыми зерттеру/эксперименталды-зерттеу жұмыстары (МҒЗЖ/МЭЗЖ);

4.Қорытынды аттестаттау (магистерлік диссертацияны/жобаны қорғау)

 2. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

2.1.  Ғылыми – педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

     № Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы Жалпы еңбек сыйымдылығы
академиялық сағат бойынша академиялық кредит бойынша
Теориялық оқыту
1 Базалық пәндер циклі, с.і.: 1050 35
Жоғары оқу орны компоненті: 600 20
Ғылым тарихы мен философиясы
Шет тілі (кәсіби)
Жоғары мектептің педагогикасы
Басқару психологиясы
Педагогикалық практика
                  Таңдау компоненті 450 15
2 Бейіндеуші пәндер циклі, с.і. 1470 49
Жоғары оқу орны компоненті:
                  Таңдау компоненті
Зерттеу   практикасы
3 Тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ) 720  

24

4 Қорытынды аттестаттау (магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) 360 12
БАРЛЫҒЫ 3600 120

 

 2.2. Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

 

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы Жалпы еңбек сыйымдылығы
академиялық сағат бойынша академиялық кредит бойынша академиялық сағат бойынша академиялық кредит бойынша
1 жыл 1,5 жыл
Теориялық оқыту
1 Базалық пәндер циклі, с.і.: 300 10 450 15
    Жоғары оқу орны компоненті: 180 6 180 6
Шет тілі (кәсіби)
Менеджмент
Басқару психологиясы
    Таңдау компоненті 120 4 270 9
2 Бейіндеуші пәндер циклі, с.і.: 750 25 1350 45
Жоғары оқу орны компоненті
    Таңдау компоненті
Өндірістік  практика
3 Тағылымдамадан өту мен магистрлік жобаны орындауды қамтитын магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ) 390 13 540 18
4 Қорытынды аттестаттау (магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) 360 12 360 12
БАРЛЫҒЫ 1800 60 2700 90

 

2.3. Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының құрылымы

Бейінді магистратураны бітірген магистрантқа педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламаларын қосымша меңгергеріп,  аяқтаған соң негізгі дипломға қосымша куәлік алған соң кірісе алады.                   

 

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы Жалпы еңбек сыйымдылығы
академиялық сағат бойынша академиялық кредит бойынша
Теориялық оқыту
1 Базалық пәндер циклі, с.і.: 600 20
       Жоғары оқу орны компоненті:
Ғылым тарихы мен философиясы
Жоғары мектептің педагогикасы
Педагогикалық практика
       Таңдау компоненті
2 Бейіндеуші пәндер циклі, с.і.: 300 10
       Жоғары оқу орны компоненті    
       Таңдау компоненті    
БАРЛЫҒЫ 900 30

 

2.4. Оқу жүктемесі магистранттың барлық оқу қызметін қамтиды – дәрістер, семинарлар, топтық сабақ, топтық жаттығулар, практикалық сабақтар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, студиялық сабақтар, практика, ғылыми немесе кәсіптік тағылымдама, ғылыми-зерттеу жұмысы (эксперименттік-зерттеу жұмысы), магистрлік диссертацияны (жобаны), өзіндік жұмысты, оның ішінде оқытушының жеткшілігімен орындау.

2.5. Магистранттың оқу жүктемесін анықтауда оқу жылы академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта, триместр – 10 апта, тоқсандық – 7-8 апта), сонымен қатар қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұрады.

Білім алушылардың қосымша білім алуға, академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарын жоюға, басқа білім беру ұйымдарындағы оқу пәндерін оқуға және кредиттерді меңгеруге, өзі оқитын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында міндетті түрде қайта сынақ тапсыруға, орташа үлгерім балын көтеруге (GPA), аралас немесе қосымша білім беру бағдарламасын, оның ішінде екі дипломдық білім беру шеңберіндегі білім беру бағдарламасын игеруге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестрді енгізуге рұқсат етіледі (бітіруші курсты қоспағанда).

2.6. Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі кемінде 60 академиялық кредитке және бір оқу жылында кемінде 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді. Бұл ретте білім алушы бір семестр ішінде кемінде 30 академиялық кредитті меңгереді.

2.7. Оқу жұмысы көлемін жоспарлаған кезде бір академиялық кредит оның барлық түрлері үшін 30 академиялық сағатқа тең болатыны негізге алынады. Оқу жұмысының барлық түрлері бойынша бір академиялық сағат 50 минутқа тең.

Бір қазақстандық академиялық кредиттің еңбек сыйымдылығы (30 академиялық сағат) ECTS-тің 1 кредитіне (25-30 академиялық сағат) сәйкес келеді.

2.8. 2.6. тармақта көрсетілген оқу жүктемесі типтік оқу жүктемесі болып табылады. Магистранттарға семестрде аз немесе көп академиялық кредит санын игеруге жол беріледі. Магистранттардың жекелеген санаттары үшін оқыту нысаны мен технологияларына қарай оқыту нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты ерекшеленеді және университетпен өз бетінше есептейді.

2.9. Каникулдар білім алушыларға оқу жылы ішінде кемінде 2 рет беріледі, демалыстың жалпы ұзақтығы, бітіруші курсты қоспағанда, кемінде 7 аптаны құрауы тиіс.

2.10. Магистратура бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушылардың:

1) ғылыми-педагогикалық магистратурада магистранттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрін қоса алғанда, оқудың барлық кезеңінде кемінде 120 академиялық кредитті мөлшерінде анықталған;

  • бейінді магистратурада 1 жыл оқу мерзімімен 60 академиялық кредитті және 1,5 жыл оқу мерзімімен 90 академиялық кредитті игеруі болып табылады.
  1. Магистранттардың практикалық дайындығы

3.1. Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытумен қатар немесе жеке кезеңде жүргізілуі мүмкін практиканың екі түрін қамтиды:

  • педагогикалық – университетте;
  • зерттеу– диссертация орындалған жерде.

            Педагогикалық практика оқыту мен оқу әдістемесінің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Бұл ретте магистранттар бакалавриатта сабақ өтуге тартылады.

Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның ең жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, экспериментті деректерді өңдеудің және түсінік берудің қазіргі заманғы әдістерімен танысу мақсатында өтеді.

3.2. Бейінді магистратураның білім беру бағдарламасы бейіндеуші пәндер циклінде өндірістік практиканы қамтиды.

Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде жинаған теориялық білімдерін бекіту, дағдыларды, құзыреттер мен оқыған білім беру бағдарламасы бойынша практикалық кәсіби қызмет тәжірибесін алу, сондай-ақ озық тәжірибені меңгеру мақсатында өткізіледі.

Зерттеу (өндірістік) практиканың мазмұны диссертациялық (жобалық) зерттеу тақырыбымен айқындалады.

3.3. Практиканың ұзақтығы 30 сағатқа тең апта ішінде (5 күндік жұмыс аптасында күніне 6 сағат) практикадағы студенттің нормативтік жұмыс уақытына қарай аптамен анықталады.

  1. Магистранттың ғылыми-зерттеу (МҒЗЖ) /

магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

4.1. Магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысына кіреді:

– магистерлік диссертацияны / жобаны орындау;

– магистранттың ғылыми/бейндік тағылымдамадан өту;

– магистранттың ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелерін жариялау.

4.2. Ғылыми-педагогикалық магистратурадағы магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

1) магистрлік диссертация орындалатын және қорғалатын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;

2) өзекті, ғылыми жаңалығының және практикалық маңызының болуы;

3) ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі;

4) ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдана отырып орындалуы;

5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы;

6) тиісті білім беру саласында алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі қажет.

4.3. Бейінді магистратурадағы магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар:

1) магистрлік жоба орындалатын және қорғалатын білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келуі;

2) ғылымның, техника мен өндірістің қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделуі және нақты практикалық ұсынымдарды, басқару міндеттерінің дербес шешімдерін қамтуы;

3) алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;

4) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерінің болуы қажет.

4.4. Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияға (жобаға) жетекшілік жасау үшін ғылым кандидаттары мен докторларының немесе PhD докторларының немесе тиісті салада кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың қатарынан ғылыми жетекші тағайындалады. Қажет болған жағдайда ғылымның аралас салалары бойынша ғылыми консультанттар тағайындалуы мүмкін.

Магистранттың ғылыми жетекшісі және зерттеу тақырыбы ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.

4.5. МҒЗЖ /МЭЗЖ шеңберінде магистрант есебінде қарастыру міндетті:

–  инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан өту (ғылыми-педагокикалық магистратура);

– өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін тиісті қызмет салаларындағы ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өту (бейнді магистратура).

4.6. Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ең кемі бір жарияланымда және (немесе) ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында көрінуі тиіс.

Университет магистранттың зерттеу нәтижелерін жариялауына көмек көрсетеді.

4.7. Ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін оларды жүргізген әрбір кезеңнің соңында магистрант есеп түрінде ресімдейді.

4.8. Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмысының соңғы қорытындысы магистрлік диссертация (жоба) болып табылады.

Магистрлік диссертация – ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасы саласындағы өзекті проблеманың теориялық және/немесе практикалық әзірлемесін қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын, ғылым мен техниканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген бітіру жұмысы;

Магистрлік жоба – бейінді магистратура магистрантының таңдалған білім беру бағдарламасының өзекті проблемаларының қолданбалы міндетін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және(немесе) эксперименттік нәтижелерді қамтитын өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын бітіру жұмысы.

4.9. Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі тиіс.

Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау магистрлік диссертацияны (жобаны) дайындауды, оны ресімдеуді және қорғау рәсімін қамтиды.

 

  1. Магистранттардың жеке жұмыс жоспарлары (ЖЖЖ)

Барлық магистранттар ғылыми жетекшімен бірге барлық оқу жылына жасалынған жеке жұмыс жоспарына (ЖЖЖ) сәйкес жұмыстанады.

            Магистранттың жеке жұмыс жоспары келесі бөлімдерден тұрады:

  1. ЖОЖ – жеке оқу жоспары (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады);
  2. ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);
  3. практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);
  4. негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік диссертацияның/магистрлік жобаның) тақырыбы;
  5. магистрлік диссертацияны/магистрлік жобаны орындау жоспары;
  6. ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары.

Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін магистрант шығарушы кафедра отырысында жеке жұмыс жоспарының орындалуы бойынша академиялық аттестаттаудан өтеді.

  1. Магистранттардың қортынды аттестациясы

            6.1. Қорытынды аттестаттау магистрлік диссертацияны/жобаны жазу және қорғау нысанында өткізіледі.

Қорытынды аттестаттаудың мақсаты магистратураның білім беру бағдарламасын оқып аяқтағаннан кейін қол жеткізілген оқыту нәтижелері мен басты құзыреттерді бағалау болып табылады.

6.2. Магистрантты даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білім берудің екінші деңгейдегі (магистратура) Дублин дескрипторлары негізінде айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелеріндегі меңгерілген құзыреттерді көрсетеді.

Дескрипторлар білім алушының:

1) зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу;

2) жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу;

3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру;

4) мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау;

5) зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болу қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді.

6.3. Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға “магистр” дәрежесі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) бірге беріледі.

Университет бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымшаны (Diploma Supplement)  тегін береді.