Студенттерге қызмет көрсету орталығы (СҚКО)

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Студенттерге қызмет көрсету орталығы (СҚКО)

Университеттің студенттеріне қызмет көрсету орталығы студенттерге қызметтерді «бір терезе» қағидасы бойынша уақытылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету үшін құрылған.

СҚКО студенттердің өтініштерін, түрлі анықтамаларды қарастыру, беру, алу кезінде жылдам және сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді және осылайша қызметтерді алуға кететін уақыт шығынын қысқартады. СҚКО-ң жұмыс істеуі қағаз түріндегі құжат айналымының қысқаруын, «адам факторы» мен оларға байланысты қателердің (тапсырыстардың, құжаттардың және т.б. жоғалуы) азаюын қамтамасыз етеді және оқу үдерісінің ақпараттық ашықтығы мен айқындығы үшін жағдайлар жасайды.

Университеттіңстуденттеріне қызмет көрсету орталығы ұсынатын түрлі қызметтердің жалпы саны – 30.

Студенттерге қызмет көрсету орталығының (СҚКО) қызметтері

Көрсетілетін қызметтердің түрлері
Анықтамалар, транскрипттер, диплом телнұсқаларын және т.б. беру
1 Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ұсыну мақсатында оқитынын растау туралы анықтамалар беру (Ф9)
2 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ұсыну мақсатында оқитынын растау туралы анықтамалар беру (Ф6)
3 Транскрипттер беру
4 Академиялық анықтамалар беру (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқуын аяқтамаған тұлғаларға анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызмет)
5 Диплом телнұсқаларын беру (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттардың телнұсқаларын беру бойынша мемлекеттік қызмет)
6 Оқығанын, диплом, дипломға қосымша/транскрипт алғанын растау туралы мұрағаттық анықтамалар беру үшін өтініштер қабылдау
7 Құжаттардың (диплом, аттестат және т.б.) түпнұсқаларын беру
8 Шәкіртақы алатыны/алмайтыны туралы, берілген шәкіртақы сомасы туралы анықтамалар беру (виза рәсімдеу, жәрдемақылар алу, мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға ұсыну үшін)
9 Талап етілген жерге беру үшін оқитынын растау туралы анықтамалар беру
10 Шығу парағын беру және қабылдау (оқудан шыққан кезде)
11 Жеке деректерін өзгерту (ТАӘА ауыстыру)
Гранттарға  өтініштер қабылдау, оқу ақысын нақтылау
12 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға босаған білім беру гранттарын беру байқауына қатысу үшін өтініштер қабылдау (білім гранттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет)
13 Оқуға төленген соманы қайтаруға (қайта есептеуге) өтініштер қабылдау
14 «Қаржылық орталық» АҚ арқылы білім беру несиелерін беру  мәселелері бойынша кеңестер
15 Экстернат нысанында оқуға өтініштер қабылдау (экстернат нысанында оқу бойынша мемлекеттік қызмет)
Ауысулар, қайта қабылдау, академиялық демалыс, оқудан шығу
16 Бір тілдік бөлімнен басқа тілдік бөлімге ауысу
17 Бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысу
18 Университетке ҚР ЖОО-н және шетелдік ЖОО-н ауысу (ЖОО-да білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет)
19 Басқа ЖОО-ға ауысу (ЖОО-да білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет)
20 Академиялық демалысқа кету / академиялық демалыстан шығу (білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру бойынша мемлекеттік қызмет)
21 Университеттің бұрын оқудан шыққан білім алушыларын қайта қабылдау (ЖОО-да білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет)
22 Басқа ЖОО-н бұрын оқудан шыққан білім алушыларын қайта қабылдау (ЖОО-да білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет)
23 Университеттен өз еркімен оқудан шығару
Академиялық оралымдылық бағдарламаларына қатысу үшін өтініштер қабылдау
24 Шет елде оқу үшін байқауға қатысуға өтініштер қабылдау (шет елде оқу үшін байқауға қатысу мақсатында құжаттар қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет)
25 Сыртқы академиялық оралымдылық бағдарламаларына қатысу үшін өтініштер қабылдау (шетелдік ЖОО – серіктестерде)
26 Ішкі академиялық оралымдылық бағдарламаларына қатысу үшін өтініштер қабылдау (ҚР ЖОО-да)
27 Академиялық оралымдылық бағдарламалары аясында Жазғы/Қысқы мектептерге қатысу үшін өтініштер қабылдау
Қосымша қызметтер
28 Оқу ақысын төлеу мәселелері бойынша кеңес беру (бухгалтер)
29 Елдің басқа аймақтарынан келген білім алушыларды уақытша тіркеуді / уақытша тіркеуден шығаруды ресімдеу бойынша көмек (төлқұжатшы)
30 Шетелдік білім алушыларды уақытша тіркеуді ресімдеу бойынша көмек (төлқұжатшы)

 

СҚКО байланыстары:

  1. БҚИТУ Инженерлік-технологиялық факультеті: 8 7112 51-18-38, email:cos.itf@mail.ru
  1. БҚИТУ Педагогикалық факультеті: 8 (7112) 51-24-50, 50-55-20

8 (7112) 30-88-10, 30-88-10, 30-85-00

  1. БҚИТУ Тілдер және менеджмент факультеті:  8(7112) 510922; e-mail: fakultetyazykov@mail.ru
  2. БҚИТУ Гуманитарлық заңтану факультеті: 8 7112 51 08 91; priemnayi_atiso@mail.ru