Мұнай газ ісі

Ихсанов Қайырбек Айтжанұлы, т.ғ.к., доцент,
«Мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі

Мұнай-газ ісі және салалық технологиялар кафедрасы: 6В07201 – Мұнай-газ ісі; оқу бағдарламасы бойынша бакалаврларды және 7М07201 – Мұнай-газ ісі оқу бағдарламасы бойынша магистрлерді дайындайды.

Кафедра  штатында 11 профессор-оқытушылар қызмет істейді, олардың қатарында: 2 профессор, 1 техника ғылымы докторы, 2 техника ғылымының кандидаты, 1 доцент және 3 ғылым магистрлері қызмет істейді.

Сонымен қатар, кафедрада бекітілген арнайы пәндер бойынша дәрістерді оқуға шетел жоғары оқу орындарының профессорлары, ғылым докторлары және өндіріс мамандары шақырылады.

Оқу бағдарламалары бойынша, оқу үрдісін сапалы жүргізу үшін кафедраға 2 зертхана және 2 арнайы оқу кабинеттері бекітілген.

Кафедра студенттердің оқу және өндірістік практикаларды өтуін қамтамасыз етеді. Өндірістік практиканы өтудің  негізгі базалары: КПО б.в., ААҚ «Оралмұнайгазгеология», АҚ «Интергаз Орталық Азия», АҚ «Конденсат», ТОО т.б. аймақтағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындар болып табылады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы университеттен тыс әртүрлі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға қатысып, ғылыми жұмыстармен белсенді айналысады. Соңғы 3 жылда кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 40-тан астам ғылыми мақалалар жазып, ғылыми техникалық басылымдарда жариялады. Жыл сайын кафедрада ғылыми семинарлар өткізіліп, онда аспиранттар мен ізденушілердің есептері тыңдалады.

Кафедрада ғылыми студенттік қоғам және студенттік ғылыми үйірмелері жұмыс жасайды, оның құрамында 1-4 курстардың 40-дан астам студенттері ғылыми жұмыстармен айналысады.

Студенттердің ізденістік оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы дағдыларын, шығармашылық белсенділіктерін және басқа да жеке қасиеттерінің дамуына оқу үрдістерінде қолданылатын инновациялық сабақтар, олимпиадалар, конкурстар, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар елеулі әсерін тигізеді. Кафедраның профессор-оқытушылар жетекшілігімен, студенттер жыл сайын «Жас ғалым», «ZIAT», «Студенттің үздік инновациялық жобасы» сияқты халықаралық, республикалық конкурстарға ғылыми жұмыстарын ұсынып, жүлделі орындарды иемденіп жүр.

Студенттер мен магистранттар жыл сайын «KAZENERGY» ассоциациясы белгілейтін стипендиялық бағдарламаға қатысады.

Оқу және ғылыми жұмыстарымен қатар, кафедрада студенттермен тәрбие жұмыстары да жүйелі жүргізіледі. Топ тәлімгерлерінің жетекшілігімен студенттер университетте өткізілетін «Денсаулық күні», «Студенттер күні», «Тілдер күні», «Алтын күз», «Наурыз — Шығыс халқының көктем мерекесі» сияқты мәдени және спорттық-тәрбиелік шараларға белсенді қатысады.

Кафедраның штаттық құрамы:

Атыжөні Қызметі
1 Ихсанов Кайрбек Айтжанович Доцент, т.ғ.к., кафедра  меңгерушісі
2 Тюрин Анатолий Николаевич Профессор, т.ғ.д.
3 Билашев Бауыржан Акимжанович Профессор, т.ғ.к.
4 Калешева Гульмира Ермухамбетовна Аға оқытушы
5 Ким Александр Валерьевич Аға оқытушы
6 Жубаншев Бектен Умбетович Аға оқытушы
7 Аманова Бибигуль Нагашыбаевна Аға оқытушы
9 Утеева Тойган Насипкалиевна Аға оқытушы, магистр
10 Серікова Данагүл Досжанқызы Аға оқытушы, магистр
11 Ибраимов Алтынбек Аскарович Аға оқытушы, магистр
Магистратураның профессор-оқытушы құрамы
1 Тюрин Анатолий Николаевич Профессор, т.ғ.д.
2 Бурахта Вера Алексеевна Профессор, х.ғ.д.
3 Билашев Бауыржан Акимжанович Профессор, т.ғ.к.
4 Ихсанов Кайрбек Айтжанович Доцент, т.ғ.к.
5 Байтлесова Лаура Ильясовна Доцент, х.ғ.к.
6 Ахметжан Самал Закиқызы Доцент, т.ғ.к.
7 Калешева Гульмира Ермухамбетовна Аға оқытушы
Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz