Гуманитарлық құқықтық пәндер кафедрасы

Капанов фото

Капанов Кайдар Хисметович- ф.ғ.к., профессор

 

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетті (БҚИТУ) қазіргі заманға сай жоғарғы білікті мамандарды даярлайтын көп салалы жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылады. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеттінің, «Гуманитарлық-заңтану факультетінің» бөлімше құрылымы болып табылатын «Гуманитарлық және құқықтық пәндер» кафедрасы төмендегі мамандықтар бойынша студенттер даярлайды:

Баклавриат мамандықтары:

  • 5В020900 – Шығыстану
  • 5В030100 – Құқықтану
  • 5В020200 – Халықаралық қатынастар

 

Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедраның оқу‑әдістемелік жұмысының мақсаты – оқу үрдісін керекті материалдармен жабдықтау, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру, студенттердің өзіндік және аудиториялық жұмысын толық жетілдіру, оқу жұмысының әдісін, түрін және барлық формаларын жаңартуОқу жұмысы оқу стандарты мен мамандықтардың оқу жоспарына сай жүргізіледі және ақпараттық – коммуникациялық технологиялар мен техниканың, компьютерлік ғылымдардың соңғы жетістіктер ескерілген.

Кафедра ұжымы кафедра профилі бойынша әдістемелік шеберлікті арттыруға бағытталған, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға және білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды жетілдіруге бағытталған оқу ‑ әдістемелік конференцияларға белсенді қатысады.

Кафедра оқытушылары оқу үрдісінде студенттердің танымдылығын қалыптастырып, жаңа білім алуға деген құштарлықтарын арттыру мақсатында ақпараттық – коммуникациялық технологиялар мен қазіргі заманғы білім берудің жаңа техникалық тәсілдерідерді, іскерлік ойын формаларын, пресс-конференциялар мен миға шабуыл әдістерін пайлана отырып ашық сабақтарын өткізеді.

Гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасы «Құқықтану» мамандығы бойынша қоғамдағы жеке және жариялық құқықтардың тараптарын қорғауда құқықтық нормаларды іске асыруға бағытталған кәсіби білімді мамандарды дайындауды алға мақсат етіп қойып отыр, сонымен қатар, ұйымдастырушылық-басшылық, оқу-тәрбиелік, аудармалық қызметтерді іске асыратын «Шығыстану» мамандығы бойынша мамандарды дайындайды.

Кафедрада  18 жоғары білімді кәсіби мамандар, соның ішінде, 1 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаттары, 2 магистр қызмет атқарады.

 

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми ізденіс тақырыбы: «Қазақстанның аймақтық дамуының саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық аспектілері».

Оқытушылардың соңғы екі жылдағы ғылыми ізденіс жұмыстарының нәтижесі шығарылымдары 200ден астам ғылыми журналдарда, интернет ресурстарында, ғылыми-әдістемелік басылымдарда жарық көрді.

Кафедраның ғылми кадрларын дайындау магитстратура және PhD доктарантурасы арқылы дайындалады.

Студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарына да көп көңіл бөлінеді. Халықаралық және республикалық, облыстық семинар, конференцияларға қатысуда ғылыми жетекшілік қызметтер атқарылады.

Ғылыми үйірмелер «Фемида», «Аналитик (Әлеуметтік зерттеулер)» жұмыс жасайды.

Практика

Кафедраның мамандықтары бойынша студенттер өндірістік сарамандарын облысымыздың таңдаулы өнеркәсіп орындарында өтеді.

Кафедра ғылыми-зерттеу институттарымен, кәсіпорындармен және құқық қорғау орындарымен үнемі шығармашылық байланыста.

Атап айтқанда Орал қалалық соты, арнайы мамандандырылған сот, адвокаттар алқасы, БҚО ІІД, БҚО облыстық прокуратурасы, БҚО нотариалды палатасы, КПО б.в., БҚО мемлекеттік кірістер Департаменті және т.б.

Кафедра түлектерінің 80% жұмыспен қамтылған.

 

Тәрбие жұмысы

 Тәрбие жұмысының мақсаты кәсіби-ұтқыр, бәсекеге қабілетті, шығармашылық ойлай алатын, үнемі өз білімін жетілдіру және өзін-өзі дамыту жағдайында жоғары инновациялық дамуын, дамыған дүниетанымдық мәдениеті бар, жәрдемдесуге бағытталған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, әлеуметтік-экономикалық адамгершілік білім беретін қоғамның мақсатын жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Республикасының халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді қалыптастыру болып табылады.

Кафедрада тәлімгерлердің тәрбие жоспары жасалып,  онда әртүрлі тәрбиелік шаралар қарастырылады.  Тәлімгерлік сағаттарда Президентінің жыл сайынғы жолдауларын Н.А. Назарбаевтың қазақстан халқына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулылары, ҚР «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған, Жеңіс Күніне, Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар тәлімгерлік сағаттарда студенттердің сабаққа қатысу мәселелері, үлгерімі мен өзін ұстау мәдениеті мен этикасы, құқық бұзушылықтың алдын алу бағыттары  қарастырылады. Жыл сайын студенттер норкологиялық орталықтың, медициналық қызметкерлермен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу жүргізіледі. Топ студенттері «Студенттік көктем», «Күзгі бал», «Студенттер қатарына қабылдау» шараларға белсенді қатысады.

 

Кафедра қызметінің негізгі бағыттары:

  • студенттер мен оқытушылардың сапалы жұмысын қамтамасыз ету;
  • оқу үрдісінің нысандарын оңтайландыру;
  • оқу үрдісінде студенттердің жетістіктеріне үздіксіз бақылауын жүргізу;
  • білім беру сапасы үшін оқытушылардың жауаптылығын арттыру;
  • студенттердің өзін-өзі бағалауын және оқу еңбегін өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;
  • оқытушылардың кәсіби және шығармашылық әлеуеттін, студенттердің жеке қабілетін толық жүзеге асыру;

оқытушылар мен студенттердің ғылыми қызметін қарқындату.