Жаратылыстану ғылыми пәндер

«Жаратылыстану ғылыми  пәндер» кафедрасында келесі  білім беру бағдарламалары бойынша студенттер дайындайды:

6В01401-Дене шынықтыру және спорт «(бакалавриат),

6В01501-Информатика «(бакалавриат),

7N01401-Дене шынықтыру және спорт » (магистратура).

«Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасында тәжірибелі оқытушылар п.ғ.к., профессор Николай Николаевич Пересветов, п.ғ.к., профессор, еркін күресінен спорт шебері Марат Оразалыұлы Даупаев, п.ғ.к., профессор Собянин Федор Иванович, б.ғ.к., доцент Уракчинцева Галина Владимировна, п.ғ.к., доцент Джумакаева Клара Сабировна, п.ғ.к., доцент Ахметов Мереке Гусманұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары Темирхан Кабулович Есеев, Ларионов Алесей Станиславович және өзгеде оқытушылар «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының  білім берудегі ғылыми әлеуметінің қалыптасуына және дамуына үлкен үлес қосуда.2019 жылы кафедраның аға оқытушылары Р.М.Бакесова және А.С.Мендигалиева  докторлық диссертация қорғап, Ph.D ғылыми дәрежесін алды. Қазіргі уақытта кафедрада 30 оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 10 педагогика ғылымдарының кандидаты, 1 химия ғылымдарының кандидаты, 3 биология ғылымдарының кандидаты, 2 философия докторы, 4 құрметті жаттықтырушы, 13 магистр бар.

Бүгінгі таңда «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының қызметіндегі стратегиялық бағыттардың бірі – оқу процесімен қатар жүретін білім сапасын арттыруға тікелей байланысты ғылыми – зерттеу жұмысы.Кафедраның  профессор-оқытушылар құрамы «Дене шынықтыру-спорттық өлкетану» тақырыбы аясында ғылыми жұмыстармен шұғылданады. Сонымен қатар, мамандарды даярлаудың интеграцияланған жүйесі бойынша  кафедра студенттерінің ғылыми жұмысына көп көңіл бөлінеді, олар әр түрлі қызметтік салаларда кездесетін мәселелерді шығармашылықпен шеше алады.Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі жыл сайын оқытушылар, магистранттар мен студенттердің республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, Қазақстан Республикасында және шет елдерде өтетін конкурстарға қатысуынан көрінеді.Профессор-оқытушылар құрамы кәсібі-педагогикалық деңгейін көтеру мақсатында кафедрада өзара сабаққа қатысу ұйымдастырылып, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзекті мәселелер бойынша әдістемелік семинарлар өткізіледі. Оқытушылар әртүрлі семинарларда, курстарда біліктіліктерін арттырады, сонымен қатар педагогикалық тәжірибе алмасу мүмкіндігі бар облыс,  қала аясындағы жарыстарға қатысады.Университет студенттерінің  сабаққа қатысуын жақсарту үшін кафедра мен «Барыс» спорт клубы бұқаралық спорттық және сауықтыру шараларын ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда.  Аталмыш клуб 2008 жылы құрылған.

Спорт клубының төрағасы – магистр, аға оқытушы Турдалиев Рауан Муратович.Спорттық клубты қалыптастырудың мақсаты – университеттегі бұқаралық спорт түрлерін жетілдіру және сапасын жақсарту, университетте спорттық-сауықтыру іс-шараларының тиімді жүйесін құру, студенттердің, магистранттардың, оқытушылар мен университет қызметкерлерінің спортқа деген қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру, салауатты өмір салтын белсенді және мақсатты түрде насихаттау.

Спорт клубына дене шынықтыру бөлімімен бірлесе отырып жүктелген негізгі міндеттер – баскетбол, волейбол, қазақша күрес, ауыр атлетика, армрестлинг бойынша  спорт секцияларын ұйымдастыру болып табылады. Кафедра оқытушылары және спорт клубы жыл сайын университеттің бірінші курс студенттері, оқытушылар мен қызметкерлері арасында денсаулық күні шарасын өткізеді. Бұл шараға екі жүзден астам студент қатысады.

SONY DSC

«Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының мәжілісі

Заседание2

«Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының мәжілісі

Участники

Студенттердің семинарына қатысушылар

Семинар

Магистранттарға және студенттерге арналған ғылыми-әдістемелік семинар