Тарих және құқық

Өзінің бастау көзін 1998 жылдан алатын құрамында шағын оқытушы-тарихшы ғалымдар топтасқан бұл жаңа ұжым алғашқы күндерден бастап кәсіби маман тарихшыларды қалыптастыруға, әсіресе төл тарихымыздың көне, орта, жаңа, қазіргі кезеңдеріне сәйкес терең зерделі мағлұматтарды беруге басты назар аударды. Сонымен бірге, Отандық тарихпен қатар дүниежүзілік тарихты оқытудың ғылыми-әдіснамалық тұжырымдарын негіздеуге ұмтылыс жасады. Кафедра өз қызмет функциясы шеңберінде жоғары оқу орнындағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді де оқытуды алды.

Алғашқы кезеңде кафедра алдына қойылған күрделі міндеттердің бірі Қазақстан және жалпы тарихты толық меңгерген ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау болды және кафедра құрамына білікті мамандарды тарту басты мақсат ретінде қала берді.  Нәтижесінде көп ұзамай кафедраның құрамы т.ғ.к., доцент Г.Б.Сүлейменова, т.ғ.к., доцент С.Б.Құрманалин, т.ғ.к, доцент Ж.Т.Ерназаров, т.ғ.к., доцент А.М.Балыкова, С.А.Еділханова, А.Е.Бижанова, М.Д.Калменовтермен толықтырылды. Оқу құрылымының ішкі ресурстарын тиімді пайдалану, осыған сәйкес ғылыми ізденіс жолындағы оқытушылардың нақты нәтижелерге қол жеткізуі 2004 жылы  Д.Д.Сүлейменованың, 2009 жылы Б.С.Боранбаеваның және 2010 жылы Р.Л.Абдрахманованың кандидаттық диссертацияларын, 2007 жылы Б.Г.Шинтимированың докторлық диссертацияларын сәтті қорғауларынан көрініс тапты.

Кафедра жаңа жағдайда, яғни 2000 жылдан бастап, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясына айналуына байланысты өзінің оқу-әдістемелік, ғылыми-ізденістік, шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда жоғары деңгейге жетті. Ең алдымен кафедраның материалдық-техникалық базасы нығайып, оқу-лабораториялық кабинеттермен жабдықталып, техникалық құралдармен, оның ішінде компьютерлік жүйемен қамтамасыз етілді. Қазір студенттерге дәріс беруде жаңа инновациялық әдістерді, электрондық оқулықтарды және бағдарламаларды пайдалануға басты назар аударылып, осыған сәйкес оқу жұмыс бағдарламалары енгізілуде. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі орындарында білім берудің мемлекеттік стандарттары, жалпы халықаралық деңгейде білім беру жүйесін үйлестіру талаптарын жүзеге асыру мақсатында да кафедра келелі өзгерістерді жүзеге асыруда. Бұл тұрғыда кафедра тарих мамандығы бойынша 2003 жылдан бастап бакалавариат, 2006 жылдан бастап магистратуралардың нәтижелі жұмыс жасауына өз үлесін қосты.

Кафедра

Университеттің Тарих және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы ғылыми – педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде үлкен табыстарға ие болып, шын мәнісінде Батыс Қазақстан аймағындағы Отандық тарих саласы бойынша ірі ғылыми орталыққа айналды.

2019-2020 оқу жылынан бастап, университетте «құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасының ашылуына байланысты кафедра жаңа атауды иеленді. Сөйтіп, Тарих және құқық кафедрасы ретінде бұл оқу құрылымы өзінің жан-жақты қызметін жалғастыруда.

Күні бүгін кафедраның ғылыми педагогикалық әлеуеті жоғары деңгейде. Оның құрамында 2 ғылым докторы (академик Т.З.Рысбеков, профессор Б.Ғ.Шинтимирова), 4 ғылым кандидаты, профессорлар (С.Б.Құрманалин, Д.Д.Сүлейменова, Ж.Т.Ерназаров, С.С.Умбеталиев), 6 ғылым кандидаты, доценттер (А.М.Балыкова, С.А.Еділханова, А.Е.Бижанова, М.Д.Калменов, Ж.К.Хайрушин, А.Р.Вориводина) 2 аға оқытушы және 4 магистр тұрақты дәрістер оқып келеді. Кафедраның профессор-оқытушылары дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларға жетекшілік жасап, өлке тарихына қатынасты іргелі ғылыми еңбектерді, оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, ғылыми мақалаларды жазып, әр түрлі аймақтық, республикалық, халықаралық, ғылыми-теориялық конференцияларды, форумдарды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруға тікелей атсалысуда.

Кафедра ұйымдасқаннан бері көптеген монографиялар, ұжымдық еңбектер жазылды, атап айтқанда «Қазақстан Республикасы және ТМД елдері интеграциясы тарихы (1991-2005жж)» (профессор Б.Г.Шинтимирова), «Отты жылдар қаһармандары» (профессор Б.Г.Шинтимирова), «Семейная обрядность казахов: символ и ритуал» (профессор Ж.Т.Ерназаров),  «Кіші Жүз және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс» (профессор С.Б.Құрманалин), «Батыс Қазақстанның қала халқы: әлеуметтік-демографиялық аспектісі (1926-1989жж)» (доцент А.М.Балыкова), «Батыс Қазақстанның тарихи демографиясы» (доцент А.М.Балыкова), «Взаимоотношения казахов и джунгар в XVII-XVIIIвв. Историография проблемы» (доцент С.А.Еділханова), «Маңғыстау жерасты мешіттері. Подземные мечети Мангистау» (доцент М.Д.Калменов), «Культово-подземные сооружения Мангистау» (доцент М.Д.Калменов), «Жайық қалашығы – ортағасырлық қала мәдениетінің ескерткіштері» (доцент М.Д.Калменов), «Музееведение» (доцент А.Е.Бижанова), «Алаш қозғалысы және Жаһанша Досмұхамедов» (профессор Д.Д.Сүлейменова), «Батыс Алашорда арыстары» (профессор Д.Д.Сүлейменова),  «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» (профессор Д.Д.Сүлейменова).

Тарих және құқық пәндер кафедрасы ғылыми-әдіснамалық орталық ретінде қаламыздағы, көршілес облыстардағы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетімен, Батыс Қазақстанмен шекаралас орналасқан Ресей Федерациясының Орынбор, Самара, Германияның Гете, Бонн университетімен оқу-әдістемелік және ғылыми байланыс жасап, өзара тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын арттыруға, ғылыми сабақтастыққа қол жеткізді.

Әр жылдары кафедраның шақыруымен тарихшы студенттер алдында көрнекті ғалымдар Мәскеуден т.ғ.д., профессор Д.А.Киселева, Германия мемлекетінің Франкфурт қаласы, Гете университетінің профессоры Ганс Яков Шмитц,  Германия мемлекетінің Бонн қаласы, Бонн университетінің профессоры Нұрлан Кенжеахмет секілді танымал ғалымдар дәрістер оқып, студенттер тарапынан үлкен қызығушылықты туғызды.

Кафедра жанында «6В01601 Тарих», «6В01402 Құқық және экономика негіздері», «6В12301-Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бар, сол сияқты «7М01601-Тарих» мамандықтары бойынша магистратура жұмыс жасайды.

Тарих және құқық кафедрасы қазіргі кезенде Батыс Қазақстандағы іргелі жоғары оқу орындарының біздің төл университетіміздің  оқу-тәрбие,  ғылыми жұмыстарының қарқынды жүруіне өзіндік үлесін қосуда. Кафедраның өзіндік дара міндетіне сәйкес, аймақты тарих, әлеуметтік-саяси бағыттағы мамандармен, сондай-ақ құқық қорғау саласының кадрларымен қамтамасыз ету жолында еңбек етуде.

Кафедраның мақсаты:

  • болашақ мамандарды тарихи біліммен қаруландыру, студенттерді патриотизм мен гуманизмге тәрбиелеу; педагогикалық әрі ғылыми кадрларды жаңашыл шығармашылық бағытта жұмыстандыру; орта мектеп мұғалімдеріне Қазақстан тарихынан және оны оқыту мәселелерінен көмек көрсету, құқық қорғау саласының болашақ мамандарын салауатты, сыбайлас жемқорлық белгілерінен ада, ізденімпаз қасиеттерге баулу.

Бағыты:

  • «Тарих» (педагогикалық), Құқық және экономика негіздері (педагогикалық), құқық қорғау қызметі  мамандықтары бойынша орыс және қазақ тілдерінде жоғарғы кәсіби мамандарды даярлаудың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
  • Отан тарихының өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру;
  • еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО-ның, Батыс Қазақстанмен шекаралас орналасқан Ресей Федерациясының Орынбор, Самара университеттерімен оқу-әдістемелік және ғылыми байланыс жасап, өзара тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын арттыруға, ғылыми сабақтастыққа қол жеткізу.

Кафедра төмендегідей мамандықтар бойынша мамандар дайындауды жүзеге асырады:

Бакалавр:

  • 6В01601 Тарих
  • 6В01402 Құқық және экономика негіздері
  • 6В12301 Құқық қорғау қызметі

Магистратура:

  • 7М01601 Тарих

Кафедра жұмысының негізгі бағыттары болашақ тарихшы мамандарды   Қазақстандық ұлтжанды, отансүйгіш және гуманистік көзқарастағы нарық сұранысына сай педагог және ғылыми-тарихшы мамандар ретінде даярлау және құқықтық кадрларды еліміздің құқық қорғау саласының талабына сай білікті мамандар қатарында дайындау болып табылады.

 Балыкова

БАЛЫКОВА АККАЙЫН МУРАТОВНА

Тарих ғылымдарының кандидаты (2008), доцент,  50-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. «ЖОО үздік оқытушысы» (2019), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгі (2019) иегері.

Негізгі ғылыми еңбектері:

  • «Батыс Қазақстанның қала халқы: әлеуметтік-демографиялық аспектісі (1926-1989жж)». Монография. «Полиграфсервис». Орал., 2016.-232 б.
  • Батыс Қазақстанның тарихи демографиясы. Оқу құралы. Орал., 2019. -157 б.
  • Mustafa Shokay is the ideologist of the Turkestan national movement. Man in India (Scopus)

 Шинтимирова

ШИНТИМИРОВА БАЯН ГАББАСОВНА

тарих ғылымдарының докторы (2007), профессор (2009), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі»(1992), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2004), «ЖОО үздік оқытушысы» (2009). 200-ден астам ғылыми-зерттеу жұмыстарының авторы.

Негізгі ғылыми еңбектері:

  • Саясаттану. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы.1998.
  • Социология. Учебник для преподавателей и студентов средних учеб. заведении и вузов.Уральск. 2005 март.
  • Саясаттану негіздері. Оқу құралы, Орал., 2008
  • Қазақстан Республикасы және ТМД елдері интеграциясы тарихы (1991-2005жж.): монография. Орал., М.Өтемісов атындағы БҚМУ,БАҚ және баспа орталығы, 2010.
  • Әлеуметтану негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Орал, М.Өтемісов атындағы БҚМУ БАҚ және баспа
  • Training instructors in higher education: Kazakhstan context. Revista Espacios ISSN 0798-1015
  • «Отты жылдар қаһармандары» естеліктер жинағы, «Полиграфсервис». Орал., 2017.-380 б.

Ерназаров2

ЕРНАЗАРОВ ЖАСКАЙРАТ ТЛЕККАБЫЛОВИЧ

тарих ғылымдарының кандидаты (2003), профессор. 100-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы. «ЖОО үздік оқытушысы»(2006), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2019).

 Негізгі ғылыми еңбектері:

  • Семейная обрядность казахов: символ и ритуал (монография). Алматы, 2003. – 200 с.
  • Историческое краеведение. История Западно-Казахстанской области. Электронный учебник. Уральск, 2004.
  • Методические указания по проектированию, разработке и созданию учебно-методических комплексов дисциплин (УМКД) для специальностей бакалавриата. Уральск., 2005 г. – 29 с.
  • Электронное учебное издание «Семейная обрядность казахов: символ и ритуал». Уральск, 2006.
  • A research on the traditional familial cultural symbols and their meanings in Kazakh tradition // 2012 Prairie Silk Road and the Prospects for International Economic Cooperation in the Trans-Altay Region. August 5 to 12, 2012 Urumqi and Altay. China
  • Методика полевых этнографических исследований. Уральск., 2020.

Курманалин

КУРМАНАЛИН САМАТ БАХИТЖАНОВИЧ

тарих ғылымдарының кандидаты (1999), доцент (2003), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2006), «Ахмет Байтұрсынов атындағы күміс медаль» иегері (2018). 100-ге жуық ғылыми-зерттеу жұмыстары жарық көрді.

Негізгі ғылыми еңбектері:

  • Қазақстан Республикасы тарихы (тарих факультеті сырттай оқу бөлімі студенттеріне арналған дәрістердің, семинарлардың, бақылау жұмыстарының тақырыптары). Орал, 2000. – 96 бет.
  • Батыс Қазақстан облысының тарихы. Мектеп оқушыларына арналған оқу құралы. Орал,2001. – 203 бет.
  • Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыстарының зерттелу тарихы: Оқу құралы. Орал, 2002. – 120 бет.
  • Батыс Қазақстан облысының тарихы. Мектеп оқушыларына арналған оқу құралы. Орал, 2015.-292 б.
  • Кіші Жүз және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріс. Монография. Орал., 2019. – 256б.

22

АБДРАХМАНОВА РАЙСА ЛЕСОВНА

тарих ғылымдарының кандидаты (2011), доцент, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2006), «Ахмет Байтұрсынов атындағы күміс медаль» иегері (2018). 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы

 11

СУЛЕЙМЕНОВА ДАМЕТКЕН ДОСМУХАНОВНА

тарих ғылымдарының кандидаты (2004), профессор (2017), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008).  100-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.

 Негізгі ғылыми еңбектері:

  • Жаһанша Досмұхамедов және Алаш қозғалысы. Монография. Орал, 2010
  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы (дәрістер курсы). Орал, 2010.
  • Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы-өлке тарихының құрамдас бөлігі. Оқу құралы. Алматы, Арыс баспасы. 2007, 136 бет.
  • Mustafa Shokay is the ideologist of the Turkestan national movement. Man in India (Scopus). 2017 у.
  • Turkic origins of the Traditional Kazakh Historical Thought and Islamic Influence on its Formation. INDIAN JOURNAL OF SCIENCE AND TECHNOLOGY, VOL.7(21), 10.17485/ijst 2016. ISSN (print): 0974-6846, ISSN (online): 0974-5645
  • Батыс Алашорда арыстары. Орал., 2017.
  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы (дәрістер курсы). Оқу құралы. Абай атындағы Қазақ ҰПУ РОӘК мақұлдаған. Орал, 2019.

ЕДИЛХАНОВА СВЕТЛАНА АЛКАЖАНОВНА

тарих ғылымдарының кандидаты (2003), доцент.  50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.

 Негізгі ғылыми еңбектері:

  • Взаимоотношения казахов и джунгар в XVII-XVIIIвв. Историография проблемы. Монография. Алматы: Дайк-Пресс, 2005.
  • Правовые уложения кочевых народов в XVII-XVIII вв. (учебное пособие). Актау, 2011.
  • ХХ ғасыр басында Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің дамуы (оқу құралы). Ақтау, 2011.
  • Ерте ортағасырлық түркілердің мәдениеті. Ақтау, 2012.
  • Древнейшая эра Мангистау Казахстан в эпоху каменного века. Актау, 2017.

БИЖАНОВА АЛИЯ ЕРМЕКОВНА

тарих ғылымдарының кандидаты (2001), доцент.  50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.

 Негізгі ғылыми еңбектері:

  • Музееведение. Учебное пособие. Уральск, 2016.
  • Методическое пособие по дисциплине «Современная история Казахстана». Уральск, 2017.

 КАЛМЕНОВ МУРАТ ДАБЫЛОВИЧ

тарих ғылымдарының кандидаты (2013), доцент.  70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы.

 Негізгі ғылыми еңбектері:

  • Культово-подземное сооружения Мангистау. Монография. Германия, 2014.
  • Жайық қалашығы – ортағасырлық қала мәдениетінің ескерткіші. Орал, 2016.

 

ВОРИВОДИНА АЛЬФИЯ РАИСОВНА

Заң ғылымдарының кандидаты (2004), доцент.  30-дан астам ғылыми еңбектердің авторы.

 Негізгі ғылыми еңбектері:

  • Constitutional and legal support of state-owned property management in the Republic of Kazakhstan. Mediterranean jornal of Social Sciences, 2015.
  • Forms and Mechanisms of Regional Cooperation between the Eurasian Economic Union Countries in the Field of Social Security. Mediterranean  jornal of Social Sciences, 2015.

 

ҮМБЕТАЛИЕВ САНСЫЗБАЙ СҮНДЕТҰЛЫ

Заң ғылымдарының кандидаты (2000), профессор, үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері», «Құрмет» орденінің иегері.

ХАЙРУШИН ЖУБАНЫШ КАИРОВИЧ

философия ғылымдарының кандидаты (1980), доцент.  60-тан астам ғылыми еңбектердің авторы.

 

Негізгі ғылыми еңбектері:

  • Традиция в социокультурной динамике. Монография. Уральск, 1998.

 

АХМЕТОВ ҚАБДЫҒАЛИ АХМЕТҰЛЫ

Үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері», «Құрмет» орденінің иегері.

%d1%81%d0%b8%d1%81%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%88%d0%be%d0%b2%d0%b0-%d0%b0-%d1%81-%d0%ba%d0%be

СИСЕКЕШОВА АЛЬФИЯ САНСЫЗБАЙҚЫЗЫ

тарих магистрі, аға оқытушы

ДАУЕСОВА АЙЖАН ЖАНҒАЗЫҚЫЗЫ

тарих магистрі, аға оқытушы

ҚҰТТЫБАЕВА ДИНАРА МҰРАТҚЫЗЫ

тарих магистрі, аға оқытушы

ШУРЕНБАЕВА ЭЛЬЗИРА АУЕЗҚЫЗЫ

философия ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

ХАСАНОВА МЕЙРАМГҮЛ ДЮСЕНОВНА

аға оқытушы