Тәрбие жұмысы

   Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогикалық факультет Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен 14.09.-18.09.2020ж аралығында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – тұтастық туы» апталығы өткізілді. Апталық барысында апталықтың ашылу салтанатына орай қабырға газеті сайысы өткізілді, 15.09.2020ж.  күні «English in my life» – пікірталасы, 16.09.2020ж. «Языковая и духовная близость народов  приуралья» атты әдеби кеші, 18 қыркүйек күні «Тіл-асыл қазына» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатта  БОПмӘ  тобының 2-курс студенттері:Төлегенова Жұлдыз, Жаумытбаева Асем, Хамидолла Жайнагүл баяндама оқып, тәрбие сағатқа белсене араласты. «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығының 1-курс студенті Сейтмағамбетова Бибіжан инстаграм желісінде «Қазақ тілім – мақтанышым» жазбасымен Әдебиет порталы сайтында өткізілген онлайн сайысқа қатысып, «Ең үздік жазба» номинациясымен марапатталды. 18.09.2019ж. апталықтың өткізілуіне белсенділік танытып қатысқан студенттерді марапаттау мақсатында қорытынды кеш өткізілді.Кеш барысында әндер айтылып, мәнерлеп өлең шумақтары оқылды.

25-30 қараша күндері аралығында 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Филология, мәдениет және оқыту әдістемсі» кафедрасының топ эдвайзерлері студент жастарға «Елдігім сенсің – Елбасым!» атты онлайн форматта сынып сағаттар, мерекелік кештер, дөнгелек үстелдер, деректі және көркем фильмдер көрсетілімін («Жұлдыздар тоғысқанда», «Елбасы жолы», «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен», «Темір тау», «Тығырықтан жол тапқан») өткізді. Шараның негізгі мақсаты мемлекет басшысының елдің тұрақты дамуының негізгі факторы ретіндегі идеялары мен саясаты айналасында қоғамды біріктіру болып табылады. Сонымен қатар сынып сағаттары арқылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, қазақстандық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ауқымды тарихи рөлін айшықтау. Елбасының өнегелі өмірі негізінде жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

10 желтоқсан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігіне 29 жыл толуына орай «Тәуелсіздік – Желтоқсан шежіресі» атты желтоқсан оқиғасының қатысушысы филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Сабыр Мұрат Бөкенбайұлымен онлайн форматта «сыр-сұқбат» кездесу кеші өтті.

Кездесу кеші 1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасы» туралы бине роликті тамашалаумен басталды. Кейін Мұрат Бөкенбайұлы сөз кезегін алып, Желтоқсан көтерілісінің  сипатын аша отырып,  тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндірді. Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында  талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын айтты. Сол көтеріліске шыққан жастарға әртүрлі қысым жасалып, оқудан шығарып жіберген жағдайларды еске ала отырып, өзі оқыған сол кездегі С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің декандар мен профессор оқытушылар арқасында оқудан шықпағанын айтты.

Сыр-сұқбат кездесу кешіне университетіміздің ПОҚ, магистранттар мен студенттер қатысты. Сонымен қатар, Мұрат Бөкенбайұлының шәкірті, тарихшы ұстаз Ахмад Жумагелдиевич арнайы қатысып, желтоқсан оқиғасы жөнінде ақпарат беріп, сұрақ қойып, ізгі тілегін білдірді.

Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке,  әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелер рухани кеш болды.

Кездесу кеші Тәуелсіздік қадірін жете түсініп, студентердің  дүниетанымын кеңейтіп, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген  патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатына жетті.

8 ақпан онлайн форматта FreeConferenccall платформасы арқылы  КЯЛ-111 топ студенттерінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды шара өтті. Кештің мақсаты: М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы студенттерді әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

Кеште «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының студенттері «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сахналап, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Музыкалық білім беру» мамандықтарының студенттері ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, сырлы әндерін шырқап, ақын өмірбаянын видео-слайдпен таныстырды. Сонымен қатар, Мұқағали ақынның өз өлеңдерін оқыған дауысын аудиотаспадан тыңдап, кітаптары мен естеліктері туралы кітап көрмесі қойылды. Әдеби-сазды кеш қатысушыларға рухани демалыс сыйлады.

4 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана-гүл, Ана-жыр, Ана-өмір шуағы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кафедра білім беру бағдарламаларының өнерлі студенттері белсенді қатысты.

15 сәуір күні «КЯЛ-111» топ эдвайзері Сапиева Уримхан Абиболлаевна Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Қазақтың бас ақыны» атты онлайн видео тәрбие сағатын өткізді. Студенттер барлығы Абайдың өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды.

6 қазан күні Ж. Молдағалиев туғанына 100 жыл толуына орай, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының КЯЛ-211 топ студенттерімен онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Студенттер Ж. Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасады. КЯЛ-211 топ студенттері «Мен қазақпын» поэмасын оқып кешті қортындылады.

23 қараша күні ақын-ойшыл, қоғам қайраткері, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тумасы Ғұмар Қараштың туғанына 145 жыл (1875-1921) толуына орай «Алаш зиялыларының имамы» атты онлайн семинар өтті. Көрнекті діндар ақын, ойшыл-философ, халқын өнер мен ғылым үйренуге үндеген ағартушы, мұсылмандық жолын жақсы білген, араб, парсы, түрік, татар, башқұрт тілдерін жетік меңгерген ғұлама-ахун Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильмдер көрсетіліп, баяндамалар жасалды. Оның “Алаш зиялыларының имамы” атанғанын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. Онлайн семинарды аға оқытушы, магистр Наби А.Ғ. ұйымдастырды.

9 сәуір  күні Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына арналған «Қасым тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті. Әдеби рухани шараның басты қонақтары Жандос Қожахметұлы Смағұлов – әдебиеттанушы ғалым, сыншы, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (МАИН) академигі. Жансая Жаңғазыұлы Жарылғапов әдебиеттанушы ғалым, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Қарағанды қаласынан Қ.Аманжоловтың Орал қаласында қызмет еткен кездерін зерттеу мақсатында арнайы келген ғалымдар, архив құжаттарынан газетте жазылған еңбектерін жинақтап жүріп, көптеген тың деректер тапқанын айтып бөлісті. Шара барысында Қ.Аманжолов сөзіне жазылған ән шырқалып, сұрақтар қойылып, ақын шығармалары қазақ халқының болашаққа бастар ұлттық коды, рухани байлығы екені айтылды.

Дөңгелек үстелге Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің меңгерушісі, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері Нұржан Төлепов, филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.