СТУДЕНТТЕР МЕН МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
Кафеда бойынша студенттермен жүргізілетін ғылыми жұмыстар оқу жылының басында бекітілген жоспарға сай жүргізілді. Кафедра жанындағы «Зерде» ғылыми үйірмесінің құрамы бірінші курс студенттерімен толысып, ізденіс жұмыстарының бағыты, ғылыми жетекшілері анықталды. 2020-2021 оқу жылында «Зерде» ғылыми-зерттеу үйірмесінің жетекшісі ретінде кафедраның шешімі бойынша филология ғылымдарының магистрі У.А. Сапиева тағайындалды. Жоспарға сай студенттердің құрамы және олардың жеке тақырыптары бойынша жетекшілері тағайындалды.
2020 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері, атақты ақын-жазушы Шолпан Қыдырниязованың туғанына 75 жыл толуына орай Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, педагогикалық факультеті, филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының студенттердің жұмыстары онлайн түрде жарияланды. Сонымен қатар «Зерде» ғылыми-зерттеу үйірмесінде Шолпан Қыдырниязованың құрметіне дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Студенттер Шолпан Қыдырниязованың шығармашылығымен танысып, өлеңдерін оқыды. Студенттердің білімін жетілдіру мен сабаққа ынтасын арттыру, қызығушылығын ояту мақсатында кафедра оқытушылары, кураторлар әр түрлі тақырыптағы тәрбие сағаттар, ашық сабақтар өткізді. Соның нәтижесінде студенттер онлайн форматта білім алғандығына қарамастан, үйде отырып та даму үстінде. Оқытушылар мен кураторлар студенттермен үздіксіз жұмыстануда. Студенттер оқытушылармен бірлесе отырып түрлі іс-шараларға онлайн түрде қатысып, диплом, алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар студенттерге де өз мақалаларын, ғылыми жұмыстарын жариялауға үлкен мүмкіндіктер болды. Мүмкіндікті пайдаланған студенттерде аз емес. Соның ішінде 1-курс студенттері белсене қатысып, өздерін көрсете білді. “Қазақ тілі мен әдебиеті”-1-курс студенттерінің кураторы, магистр, аға оқытушы Сапиева Уримхан Абибуллаевна- өз тобының студенттерімен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз”, “Абайдың қара сөздерін ұлықтау”,”Қарттар-қазынамыз”, “Тәуелсіздік-тұғырымыз”, т.б іс-шаралар өткізіп, студенттерін онлайн конкурстарға қатыстырды. “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының 1-курс студенті Ибраева Назерке мәнерлеп оқу сайысына қатысып, алғыс хатпен марапатталса, Қайырғалиева Гүлдана “Студенттік өмір” мақаласын жарыққа шығарды. Мақалада Университет ұстаздарының біліктілігі туралы, сыйластық туралы , жалпы тәлім-тәрбие туралы, осы оқу орнын не үшін таңдағаны туралы өз ойын ашық жеткізді.
Университет ректорының 2021 жылдың 6-сәуіріндегі №6 н/қ бұйрығы бойынша ХХІ халықаралық студенттердің ғылыми конференциясы 6-9 сәуір аралығында бекітілді.
2021 жылғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының «Білім, филология, қазақ тілі мен орыс тілі, мәдениет» бағыты бойынша конкурсқа 44 жұмыс қатысты (44студент, 20 ғылыми жетекші).
Университеттің конкурстық комиссиясы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жан-жақты қарастыра келе, үздік жұмысты марапаттауға ұсынады:
БҚИТУ ректорының І дәрежелі дипломымен 1 жұмыс, ІІ дәрежелі дипломымен 2 жұмыс, ІІІ дәрежелі дипломымен 3 жұмыс марапатталды.
І. Сағындық Гүлнұр, БҚИТУ педагогикалық факультетінің ІV курс студенті. Батыс Қазақстан топонимдеріндегі моңғол элементтері. Ғылыми жетекшісі – Сабыр М.Б., филология ғылымдарының докторы, профессор.
ІІ. Трунина Надежда, студентка ІІ курса педагогического факультета ЗКИТУ, Приёмы совершенствования навыков грамотного письма в начальных классах
Научный руководитель – Даминова Л.К., кандидат филологических наук, доцент ЗКИТУ
ІІ. Абдрахманов Нұрбол, БҚИТУ педагогикалық факультетінің ІІІ курс студенті . Жастардың бос уақытын өткізудің әдістері
Ғылыми жетекшісі – Хасанова Ж.М., Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, БҚИТУ доценті.
ІІІ. Савата Даниэлла, БҚИТУ педагогикалық факультетінің І курс студенті . Салтым – санам, дәстүрім, ғұмырым
Ғылыми жетекшісі – Мулдашева С.Б., филология ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ доценті.
ІІІ. Сакенова Жанайым, БҚИТУ педагогикалық факультетінің ІV курс студенті, Жастар тілінің лексика-семантикалық ерекшеліктері
Ғылыми жетекшісі – Раманова А.А., филология ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ доценті
ІІІ. Саташева Айнагуль, БҚИТУ педагогикалық факультетінің ІV курс студенті. Музыка сабағындағы инновациялық технологиялар
Ғылыми жетекшісі – Таспаева С.Ж., педагогика ғылымдарының магистрі, БҚИТУ аға оқытушысы.
29 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында 5В091000-«Кітапхана ісі» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Ақжайық» командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
«Ақжайық» командасының мүшелері Бакитова Ақкербез Тельмановна (БД-311 Зк), Байрамғалиева Арина Ержанқызы (БД-111 Зк), Султамуратова Кундыз Нурланқызы (БД-411) және команда жетекшісі аға оқытушы, магистр Сатагалиева Санди Муратовна. Университет ректоры атынан алғыс жарияланды.
30 сәуір күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен 5В090600 –Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша ХІІІ Республикалық олимпиадаға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, 5В090600 –Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы «Жасstar» командасы белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Жетекшісі: Абуова Альмира Суйеугалиевна – Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі
Топ басшысы: Абдрахманов Нурбол Сағынғалиұлы
Қатысқан топ мүшелері: 1.Абдрахманов Нурбол Сағынғалиұлы – мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 3-курс студенті (қазақ бөлім)
- Досалиев Уалихан Болатұлы – мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 3-курс студенті (қазақ бөлім)
- Бактыгалиев Айдарбек Жәдігерұлы – мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 3-курс студенті (қазақ бөлім)
- Утегенова Айлуна Канатовна – мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 3-курс студенті (қазақ бөлім)
- Мұратова Гүлім Қанатқызы – мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 3-курс студенті (қазақ бөлім)
- Бекенова Ранида Дарханқызы– мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 3-курс студенті (қазақ бөлім)
- Каташева Гулназ Аблаевна – мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 2-курс студенті (қазақ бөлім).
Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша 5В090600 –Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы «Жасstar» командасы белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен, команда жетекшісі Абуова А.С. алғыс хат және «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Абдрахманов Нурбол Сағынғалиұлы марапатталды.
2021 жылдың 10-30 сәуір аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогикалық факультетінің «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Ф.М. Достоевскийдің 200 жылдығына арналған Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті ұйымдастырған II Халықаралық «Әдеби марафон» студенттік байқауына қатысты.
Байқаудың мақсаты- Ф.М. Достоевскийдің шығармашылығына үндеу негізінде қатысушылардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін ашу.
Байқау қортындысы бойынша университетіміздің студенттері жүлделі орындарға ие болды.
Пергалиева Айжангүл «Ф. М. Достоевскийдің роман үзіндісін үздік бейне орындау” номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі- п.ғ.к., филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Абдульманов Алтынбек Абуталиевич.
П.ғ.к., Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Выдрина Наталья Алексеевнаның жетекшілігімен студент Жаншеева Гаухар «Ф.М. Достоевскийдің шығармалары бойынша үздік буктрейлер” номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Студент Какимова Айгул «Ф.М. Достоевскийдің роман үзіндісін үздік бейне орындау» номинациясы бойынша II орын үшін жеңімпаз дипломымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі-филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, магистр Саматова Жанар Мендигереевна.
Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің ректораты атынан ғылыми жетекшілерге Н.А. Выдрина, Ж.М. Саматова, А. А. Абдулмановқа студенттерді даярлағаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.
Кафедрада студенттермен ғылыми-ізденіс жұмысы өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Республикалық, халықаралық конкурстар мен конференцияларға студенттеріміз белсенді қатысып жүр.