Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасы

Ажгалиев

кафедра меңгерушісі – педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Ажгалиев Марат Қайыржанұлы

 

Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасы төмендегі білім бағдарламасы бойынша білікті кадрлар дайындайды:

  • 6В01301 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (бакалавр);
  • 6В01403 – «Музыкалық білім» (бакалавр);
  • 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» (бакалавр);
  • 6В01703 – «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (бакалавр);
  • 6В03201 – «Кітапхана ісі» (бакалавр);
  • 6В11102 – Мәдени-тынығу жұмысы (бакалавр);
  • 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» (магистратура);

Жоғары білікті мамандар даярлау жан-жақты білімді, тәжірибелі, ғылыми санаты бар оқытушылардың қатыстырылуымен жүргізілуде. Атап айтсақ, филология ғылымдарының докторы, профессор, республикаға танымал түркітанушы ғалым Сабыр М.Б., филология ғылымдарының докторы, профессор Мұсаев А.М., педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ержанов М.Е., филология ғылымдарының кандидаттары Бекмашева А.Н., Қайыров А.Б., Мамыров А.Ы., Бейсенова Г.А., Абдульманов А.А., Раманова А.А., Мулдашева С.Б., Шканова Б.А., педагогика ғылымдарының кандидаттары Ажгалиев М.Қ., Кусайынова Д.Ж., Даминова Л.К., Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, доценттер Қажымов Қ.Қ., Амирханов М.А., Хасанова Ж.М., аға оқытушылар Қуаныш Т.Т., Сахметова А.Х., Исагулова Т.Р., аға оқытушы, магистрлер – Нұғманова Ж.Т., Абуова А.С., Наби А.Г., Саматова Ж.М., Абужалитова А.Т., Мурзабекова Г.Т., Бекетаева С.А., Таспаева С.Ж., Муратова А.С., Какимова Д.М., Харағойшина А.Д., зертханашы – Сағидоллина Ш.И. қызмет жасайды.

Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасы – батыс өлкесіндегі филолог, педагог және мәдениет мамандарын даярлау бағытында ашылған бірегей кафедралардың бірі. Кафедраның негізі 2000-2001 оқу жылында қаланған болатын. Кафедраны өлкемізге танымал ғалымдар, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Р.С.Кенжекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент И.В.Бисенғалиева, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Ғ.Кәрменов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.А.Раманова басқарса, қазіргі таңда педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Қ.Ажгалиев басқарып отыр.

Бірнеше жылдық тарихы бар кафедра жылдар бойы жүздеген түлектер ұшырып, олар қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде елеулі қызметтер атқаруда.

Осы уақыт аралығында кафедрада елімізге белгілі лингвист, әдіскер-ғалымдар дәріс берді. Атап айтсақ, филология ғылымдарының кандидаты, профессор С.Ғ.Шарабасов, филология ғылымдарының докторы, профессор О.Б.Бүркітов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.С.Қыдыршаев, филология ғылымдарының кандидаты, доцент З.Ж.Мүтиев, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Ғ.Аронов, филология ғылымдарының докторы, профессор Ғ.Қ.Хасанов, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент И.В.Бисенгалиева, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ғ.Абухановалар қызмет істеді.

 

Кафедра миссиясы: Кафедрада бәсекеге қабілетті ортада жұмыс жасай алатын, жоғары талдаушылық пен көшбасшылық қасиеті дамыған, филология, педагогика және мәдениет саласындағы бәсекеге қабілетті бакалаврлар мен магистрлерді кәсіби дайындауды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы ғылыми-ағартушылық ортаны қалыптастыру.

 

Миссияны орындауда келесі міндеттер шешіледі:

  • ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан құнды болып табылатын зерттеулер нәтижесін жариялау және қолданысқа енгізу;
  • барлық филология, педагогика және өнер саласындағы кәсіби білімді қалыптастыру және үздіксіз жетілдіріп отыру;
  • кафедраның ағартушылық қызметінің тұрақты серпінмен дамуын қамтамасыз ету.