Декан

АЖГАЛИЕВ МАРАТ ҚАЙЫРЖАНҰЛЫ –

педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері 

телефон: 8 (7112) 50-55-20

Қымбатты жас дос!

Сіздер Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті сайтынан қош келдіңіздер!

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті – Ақжайық һәм Батыс Қазақстан өңіріндегі білім, экономика, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, т.б. салалары үшін кадрлар дайындауда бірнеше жылдық тәжірибесі бар көп салалы жоғары оқу орны. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті еңбек нарығында, соның ішінде жұмыс берушілер тілек-талаптарын ескере отырып, қазіргі қоғам дамуына және жаһандану кезеңіне сәйкес қоғамда белсенді, бастамашыл идеялары, ерекше ойы бар және оны іс жүзінде жүзеге асыра алатын кәсіби мамандарды дайындайды.

Педагогика факультеті – білім және құқық қорғау салалары бойынша кәсіби мамандар дайындаумен айналысады. Педагогика факультетінде білім алу – ол сапалы жоғары біліммен қаруланып, болашаққа нық сеніммен жол салу. Сонымен қатар факультеттен білім нәрімен сусындаған түлектер қазіргідей еңбек нарығында бәсекелестікке дес бермей, еңбек қоғамынан өз орнын ойланбай табады.

Педагогика факультеті – алғаш ашылған күннен бастап дарынды жастардың мекені! Біздің факультет студенттері университеттің барлық материалдық-техникалық базасын толығымен қолдана алады. Оған: оқу және ғылыми-зерттеу ғимараттары мен зертханалары, мультимедиялық кабинеттер, кітапхана қоры мен жатақхана және спорт залдары кіреді.

Жас дос! Егер Сіз сапалы да, заманауи білім алғыңыз келсе, еңбек нарығында, соның ішінде білім және құқық саласында кәсіби біліктілігіңізбен жұмыс берушілер тарапынан үлкен сұранысқа ие болғыңыз келсе, Педагогика факультетіне оқуға түсіңіз!

Біз Сіздің педагогика факультетінде кемел білім алатыныңызға және сол білім арқылы жарқын болашаққа табысты жететініңізге сенеміз!

 

Құрметпен, факультет деканы, Ажгалиев М.Қ.

Факультет туралы жалпы ақпарат

            Педагогика факультеті – университет құрылымындағы ірі факультеттердің бірі. Факультетті ұзақ жылдар бойы химия ғылымдарының кандидаты, профессор Б.С.Джумакаева басқарды.

Факультет негізінен еліміздің білім мекемелері үшін болашақ педагог кадрларын және құқық қорғау мекемелері үшін құқық қорғау мамандарын дайындаумен айналысады. Факультетте 3000-ға жуық студенттер мен магистранттар білім алады.

Факультет Қазақстан және Ресей Федерациясының көптеген жетекші университеттері және ғылыми орталықтарымен ғылыми-ынтымақтастық байланыста. Оның ішінде, Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті, Б.Б.Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университеті, Орынбор мемлекеттік университеті, М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, т.б. айтуға болады.

Факультет түлектері қазіргі таңда Батыс Қазақстан өңіріндегі (БҚО, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары) барлық мектепке дейінгі мекемелер, жалпы орта білім беретін мектептер мен лицей, гимназияларда, колледждерде үлкен сұранысқа ие және сол мекемелерде қызмет жасайды.

 

ФАКУЛЬТЕТТЕ 3 КАФЕДРА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ:

  • Педагогика және психология кафедрасы
  • Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасы
  • Тарих және құқық кафедрасы

 

Педагогика факультеті жарқын болашаққа және тәуелсіз Қазақстанның ертеңіне өз үлесін қосуға құштар, кәсіби жоғары білім алғысы келетін мақсатты да жігерлі жастарды күтеді.

 

2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ БІЛІМ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ:

Шифр Қазақша Орысша Ағылшынша
Бакалавриат және магистратура
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
1. 6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы Дошкольное обучение и воспитание Preschool training and education
2. 6В01101 Педагогика және психология Педагогика и психология Pedagogy and Psychology
3. 6В03101 Психология Психология Psychology
4. 7М01101 Педагогика және психология Педагогика и психология Pedagogy and Psychology
ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ
1. 6В01601 Тарих История History
2. 6В01402 Құқық және  экономика негіздері Основы права и экономики Fundamentals of law and economics
3. 6В12301 Құқық  қорғау қызметі Правоохранительная деятельность Law enforcement activity
4. 7М01601 Тарих История History
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
1. 6В01401 Дене шынықтыру және спорт Физическая культура и спорт Physical culture and sports
2. 6В01501 Информатика Информатика Informatics
3. 6В01502 Информатика (көптілді) Информатика (полиязычие) Informatics
4. 7М01401 Физическая культура и спорт Дене шынықтыру және спорт Physical culture and sports