Оқытушының Ар Кодексі

Оқытушының Ар Кодексі

Оқытушылық қызметтің басты бағыты  – білімгермен жұмыс жасау, олардың білімділігі мен мәдениеттілігіне қамқор болу, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелеу.

Оқытушы педагогикалық шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын маман болуы тиіс, білім жолындағы ізденісі негізінде ғылыми – зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, нәтижелерді хабарлауда дәлелдемелермен қамтып, пікір алысу барысында шыншылдық танытуы қажет.

Оқытушы ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліктің белгісі, Қазақстан мемлекеттілігінің белсенді насихаттаушысы, жемқорлықтың, жауапкершіліксіздік пен тәртіпсіздіктің ұстамды қарсыласы.

Оқытушы өз іс – әрекетімен білімгерлерге еңбек және оқу тәртібінің ережесін сақтаудың қажеттілігін, әріптестермен сыйласымды қарым – қатынас орнатуды дәлелдейді, өзіне, өзінің сөзі мен іс әрекетіне талап қояды,  өз қателіктерін ашық мойындайды және оны түзетеді.

Оқытушы білімгерлермен өз әріптестерін кәсіби бағалауда шыншылдық танытады, ол жинақы, оның сөзі ісіне сәйкес келеді, қызмет барысында өзінің бағытын ашық көрсетеді және өз көзқарасын дәлелдей біледі.

Қазақстанның жоғары оқу орындары оқытушыларының Ар Кодексі өнегелік ережелерінің, қазақ қоғамы мен мемлекетінің жалпы халқы мойындаған ережелер мен әдептілік принциптеріне негізделген міндеттері мен тәртіптерінің жүйесі.

Біз оқытушы мен білімгерлердің Ар Кодексімен жүруге және берілген міндеттемелерді іске асыруды өз жауапкершілігімізге аламыз.

Біз, өзіміздің жоғарғы оқу орындарымыздың өнегелік пен танымдылықтың үлгісі болуына және Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарын құруға белсенді ат салысамыз.

Біздің университетіміз интеллектуалды күш пен адамгершіліктің үлгісі, Қазақстанның жоғарғы білімінің элитасын құрауы үшін, Біз белсенді ат салысамыз!