Ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор

Бурахта Вера Алексеевна

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар бойынша проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор, 200-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер, 8 авторлық куәліктер мен өнертабысқа инновациялық патент авторы.

 

 

Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің ғылыми жұмысы және халықаралық байланыстары туралы қысқаша ақпарат 

 

Страна движется к постиндустриальному миру, в котором правит триада «образование – наука – инновации»

Н.А. Назарбаев

                     Қазақстан Республикасы Президенті

 

Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық    – Батыс Қазақстан инновациялық –технологиялық университеті қызметінің басым бағыттарының бірі.

Жоғары оқу орнының ғылыми қызметінің мақсаты негізгі және қолданбалы ғылымдар саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, иновациялық жобаларды дайындау; оқу үдерісіне және өнеркәсіптік өндіріске ғылыми дайындамаларды енгізу; профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және  доктарантура, аспирантура арқылы кәсіби тұрғыда қайта дайындау; ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға студенттік жастарды тарту; профессорлық-оқытушылар құрамының және студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларға, инновациялық байқауларға қатысуы болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастықтың мақсаты шет ел білім беру және ғылыми мекемелерімен халықаралық қызмет саласындағы университет саясатын жүзеге асыру, Болонск үдерісі шеңберіндегі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты  дамыту болып табылады.    

Ғылыми жұмыс пен халықаралық ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық бағыттары

  • Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін зерттеу орталығы ретінде қалыптастыру.
  • Жоғары оқу орнының ҚР БҒМ қаржыландырылған білім беру және зерттеу жобаларын жүзеге асыру. ПОҚ негізгі және қолданбалы ғылыми бағдарламаларды орындауға қатысуы.
  • Батыс Қазақстан облысы кәсіпорындарымен бірге ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстарды жүргізу.
  • Жоғары оқу орнында инженерлік бағыттағы, экономика, педагогика саласында инновациялық құрылымдарды, орталықтарды, ғылыми-зерттеу зертханаларын құру.
  • Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді түрде тарту. Студенттік жастардың халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, инновациялық байқауларға қатысуы.
  • Ғылыми зерттеулер мен инновациялар сапасын және нәтижелілігін артыру
  • Жоғары оқу орындарымен, ғылыми ұйымдар, өндіріспен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау бойынша келісімшарттар жасау.
  • Университет ғалымдарымен бірге бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізуге шет ел және қазақстандық ғалымдарды тарту.
  • ПОҚ Thomson Reuters, Scopus халықаралық, импакт-факторлы басылымдарға мақалаларды жариялау; патенттер бойынша қызметін белсендіру
  • ПОҚ, магистранттар, студенттердің жас ғалымдарға арналған мемлекеттік шәкіртақы, Болашақ халықаралық шәкіртақысын тағайындау бойынша байқауларға қатысуы.
  • Халықаралық білім беру кеңістігімен бірігу
  • Шет ел жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен халықыралық ынтымақтасық туралы келісімшартарды жасау
  • Оқытушыларды шет ел жоғары оқу орындары магистратурасына, аспирантурасына, докторантурасына оқыту арқылы ғылыми кадрларды дайындау.
  • Шет елдің серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру және зерттеу бағдарламаларын дайындау
  • Басым мамандықтар бойынша көптілдік білім беруді енгізу.
  • Академиялық мобилділік бадарламасы шеңберінде бірлескен зерттеулер жүргізу, біліктілікті арттыру, дәрістер оқу үшін шет ел ғалымдарын, оқытушыларды, кеңес берушілерді шақыру.

ПОҚ, студенттер, магистранттардың «Болашак»,   Tempus,   DAAD, Erasmus Mundus халықаралық бағдарламаларға қатысуы.