Ректор

Габдуалиева Раушан Смадиновна

Экономика ғылымдарының докторы,  профессор

Батыс Қазақстан инновациялық және технологиялық университетінің ректоры

Біздің сайтымыздың құрметті қонақтары!

Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің сайтына қош келдіңіздер!

Университеттің қазіргі заманғы негізі тұжырымдамасы еліміздегі және шетелдің еңбек нарығында сұранысқа ие, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды, табысты көшбасшыларыды даярлау болып табылады.

Біздің университеттің құрамына  4 факультет және 4 колледж кіретін,  көп салалы білім беру кешені болып табылады. 40 білім беру бағдарламаламасы бойынша, инженерлік, гуманитарлық, экономикалық, педагогикалық саласындағы оқытуды  ұсынады .

Білім берудің көпдеңгейлі жүйесі, білім беру бағдарламаларының және мамандықтарды дайындау бағыттарының алуан түрлілігі университетте кең көлемде мамандар дайындауды қамтамасыз етеді.

Университеттің жеті негізгі оқу ғимараттары бар, олардың барлығы қаланың орталығында орналасқан, сонымен қатар жатақханалар мен спорт залы бар.

Кафедралардың, дәрістік аудиториялардың, оқу және ғылыми-зерттеу зертханалардың қазіргі заманғы жабдықтармен қамтылуы, жоғары білім берудің түрлі бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Университет белсенді халықаралық ынтымақтастықты дамыту және халықаралық білім беру бағдарламаларының қатысушысы болып табылады.

Университетте жеке тұлғаның кәсіби және үйлесімді дамуы үшін барлық жағдайлар жасалған.

Студенттердің тәрбие жұмысы, дене шынықтыру, бос уақыттары мен демалыс уақыттарын өткізуге үлкен назар қойылған. Біздің университет студенттерінің өмірі алуан түрлі шығармашылыққа, ғылыми-зерттеу, белсенді әрі қызықты демалыстары жарқын оқиғаларға толы.

Өршіл, креативті, білімді тұлғаларды біздің шығармашылық және тату ұжымымызға қосылуға шақырамыз!

Қош келдіңіздер!

Экономика ғылымдарының докторы, Экономика профессоры

Ректор Раушан Габдуалиева