Шет тілдері және аударма ісі

140

Доукариева  Ұлдай  Кабахановна

профессор, филология  ғылымдарының кандидаты , ҚР Ағылшын тілі   оқытушыларының  ұлттық Ассоциациясының вице-президенті ( NATEK) «Шет тілдері  және аударма ісі » кафедрасының меңгерушісі

Қазіргі таңда кез келген ұлттың  бәсекеге  қабілеттілігін анықтайтын фактор  білімділік деңгейі мен қоғамның интеллектуалдық қуаты екені сөзсіз. Қазіргі білім көрсеткішінің  бірі – шет тілдерін қажетті деңгейде меңгеру, себебі, бұл – экономикалық, мәдени қажеттілік.

Бүгінгі жағдайда шет тілдері  барлық  сала мамандарының  міндетті  кәсіби компоненті болып табылады. Сонымен қатар, шет тілі қарым-қатынасының нағыз шынайы  құралы ретінде, әлемдік мәдениетке, әлемдік білім мен ғылымға, шет елдерге саяхатқа шығуға, немесе жұмысқа баруға, кәсіби шеберліктерін дамытуға  мүмкіндік  беру құралы  ретінде, қолданылуда.

Біздің   кафедра студенттерінің ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді пайдалануларына, мультимедиялық және техникалық құралдармен жабдықталған  аудиторияларда жұмыс істеулеріне барлық  жағдай жасалған.

  Құрметті талапкерлер!

Егер сіздер қадірлеуге лайықты білім алғыларыңыз келсе, еңбек нарығында қажетті маман болуды қаласаңыз, біздің факультетке оқуға келіңіз, білім жолы оңай болмағанмен, бізде сендерді  толағай табыстар күтеді!

Ағылшын тілі мұғалімі – шет тілін терең меңгерген, шет тілінде (ағылшын, неміс) қарым-қатынас жасау міндеттерін атқара алатын, педагогикалық кәсіби маман.

Қазіргі аудармашы бүгінгі таңда халықаралық стандарт бизнес және нарық қатынастары саласында міндетті нысанаға айналып отыр. Халықаралық экономикалық байланыстардың дамуы бизнес пен өндіріске қажетті басымдылық роль атқаратын маман ретінде аудармашы дайындау қажеттілігін күрт өсірді. Қазіргі аудармашы курделі ғылыми-техникалық, экономикалық және саяси мәселелерде кәсіби еркін жұмыс істей алатын, санқырлы мамандық өкілі.

 

«Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлайды:

  • 6В01702 «Шет тілі :екі шет тілі», 6В02301 «Аударма ісі»

6В01702 «Шет тілі:екі шет тілі»   білім беру бағдарламасы бакалаврлар төмендегі кәсіби қызметтерді атқарады:

  • жалпы орта білім беретін мектептерде;
  • гимназияларда,лицейлерде;
  • кәсіби-техникалық оқу орындарында;
  • жоғары оқу орындарында;
  • мемлекеттік мекемелерде;
  • қосымша білім беру мекемелерінде;
  • біліктілік арттыру және қайта даярлау мекемелерінде;
  • отандық және шетелдік коммерциялық ұйымдарда;

6В02301 «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бакалаврлар  төмендегі  кәсіби  қызметтерді  атқарады:

  • аудармашылық әртүрлі жанрдағы мәтіндер мен  құжаттарды  жазбаша аудару ,келісім  сөздерде ,халықаралық кездесулер  мен конференцияларда ауызша  аударма  жасау;
  • ұйымдастырушылық әртурлі  шараларды ұйымдастыру  және   өткізу ,кәсіптік  және  қоғамдық  ұымдар құру;
  • өндірістік  басқару;
  • ақпараттық –талдау әлеуметтік –саяси талдау жасау ,іскерлік қатынас қағаздар, есеп беру құжаттарына щолулар, аудармаларды редакциялау );
  • ғылыми-зерттеу практикалық материалдарды жинау, жүйелеу және  мәдениет аралық  қарым-қатынас  мәселелері  бойынша  баяндамалар  мен   мақалалар дайындау;

Аударма ісінің бакалавры  мына  лауазымдарда  қызмет істейді:

  • аудармашы –референт;
  • гид-аудармашы;
  • аударма  редакторы;

«Шет  тілі: екі шет тілі » және  «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларында екі шет тілі  оқылады;

  • ағылшын;
  • неміс;

Оқыту ерекшеліктері:

  1. Сабақты жоғары  білікті  мамандар , сонымен  бірге, Ұлыбритания, АҚШ және Германиядан келген оқытушылар жүргізеді;
  2. Оқытушылардың педагогикалық  шеберліктерін  жетілдіру, оқыту  сапасын   көтеру  мақсатында  шетелдік  педагогтардың  қатысуымен оқытушылар  үшін  семинарлар  өткізіліп отырады ;
  3. Оқыту шетел  тілдерін  оқытудың  Еуропалық   Стандарттарына  сәйкес  жүргізіледі

Longman , Cambridge, “Business Basics”, “English File”, “New English File Elementary”, “Profile Intermediate” “Students Book” “University Press”, “The Practice of English Language Teaching”, “A Course in Language Teaching” Cambridge University Press  және  басқа  баспалардың  оқулықтары  базалық оқулық  ретінде   қолданылады.

  1.  Студенттердің    танымдық қабілеттерін дамыту   үшін   оқытушылар оқытудың интерактивті әдістерін   үнемі   қолданады: ток  шоу, іскерлік  ойындар, тапсырмалар, дебаттар, шағын  конференциялар  және т.б.;
  2. Мамандық бойынша магистратураға түсу мүмкіндігі;
  3. Ыңғайлы сабақ графигі;
  4. Шетелдік компанияларда практикадан өту мумкіндігі;
  5. Студенттер үшін   ерекше  лаборатория – Self Access room – жұмыс істейді, онда студенттер шет тілінің  электрондық  оқу  бағдармаларымен,  электрондық  сөздіктермен,  анықтамалармен  жұмыс істей алады, шет тілінде  фильмдер мен спутниктік  телевидение хабарларын  көре алады;.
  6.  Барлық оқу аудиториялары   заман  талабына сай  мебельдермен, аудио-бейне  техникалармен, оқу процесіне  қажетті  нәрселермен,  көрнекі  кұралдармен  толық жабдықталған;
  7.  Факультетте шет тіліндегі ғылыми және көркем әдебиеттер қойылған  кітапхана жұмыс істейді;
  8. Internet жүйесіне қосылған компьютерлік  кластар  бар;

Тілдерді үйрету Еуропа стандарттарына  сәйкес  деңгейлік  дайындық  арқылы  жүргізіледі.

Шет тілін үйретуде  деңгейлік  оқыту әдісі   тілдік қызметтің барлық  түрін (ресми, бейресми,кәсіби ) меңгеруге  мүмкіндік  береді.

Біздің студенттер түрлі тілдік үйірмелерге, ғылыми  конференцияларға, дебаттарға, дөңгелек  үстелдерге  және  қоғамдық-мәдени шараларға   белсене  қатысады.

«Шет тілі:екі шет тілі»  және «Аударма ісінің» бакалавриатының  бағдарламалары;

  • «Аударматану  және  мәдениетаралық  қарым-қатынас»;
  • «Әкімшілік –басқару саласы»;
  • «Халықаралық басқару  саласы»;
  • «Білім және  ғылым саласы»;
  • «Мәдениет  және  мәдениетаралық  қарым-қатынас саласы»;
  • «Баспа ісі саласы»;
  • «Бұқаралық ақпарат  құралдары саласы»;
  • «Ақпараттық талдау саласы»;

«Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасы  мамандар  даярлаудың сапасын  арттыру  және  жетілдіру  мақсатында – шет елдерен оқытушылар мен әдіскерлерді шақырады.

  • Джеймс и Маргарет Лэнгли (BESOҰлыбритания),
  • Дэвид Блэкфорд (АҚШ),
  • доктор Моника фон Крафт (Германия),
  • доктор Скарброу (Ұлыбритания),
  • доктор Г.Харвелл (АҚШ),
  • доктор Эльмар Ульрих  (Германия),
  • әдіскер-оқытушы Тревор Джеймс Вудгейт  (Ұлыбритания),
  • доктор Манфред Эгенхофф (Германия),
  • әдіскер-оқытушы Ула Лукшо (АҚШ),
  • доктор Ли  (АҚШ),
  • магистр Рене Патришия Рейпер (Ұлыбритания),
  • магистр Джон Рейпер (Ұлыбритания),
  • магистр Кеверн Оливер (Ұлыбритания),
  • магистр, лектор Джеймс Читтам  (Ұлыбритания),
  • профессор Бернхард  Динсберг (Германия),
  • магистр,оқытушы James Dominic Wilson (Англия),
  • профессор, доктор Харальд Хусман (Германия) ,
  • Дэвид Марш (Ұлыбритания),
  • доктор Карл Кайнер (Германия)
  • Доктор Томас Унру (Германия).