Магистратураға қабылдау жөнінде

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті магистратурасына қабылдау жөнінде

  1. БҚИТУ магистртурасының білім беру бағдарламалар тізімі
Білім беру бағдарламалары Даярлап шығарушы кафедралар, мекен жайы Кафедра меңгерушісі, байланысу ақпараты
Инженерлік-технологиялық факультет
1 7М09101– Ветеринарлық медицина Экология және биотехнология,

Ықсанов көшесі 44,

107 кабинет

Байтлесова Лаура Ильясовна, х.ғ.к., доцент

телефоны: 87054658585

е-mail:beu64@mail.ru

2 7М07201 –  Мұнай-газ ісі Мұнай-газ ісі және салалық технологиялар

Ықсанов көшесі 44,

307 кабинет

Ихсанов Кайрбек Айтжанович,

т.ғ.к., доцент

телефоны: 87775746360

е-mail:Iknsanov-k@mail.ru

  1. Магистратураға оқуға қабылдау тәртібі

БҚИТУ магистратурасына қабылдау Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асады  (ҚР  БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы
№ 600 бұйрығы (08 маусым 2020 жылғы № 269 бұйрығымен өзгертілген).

ЖОО магистратурасына тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау және кешенді тестілеуді өткізуді ұйымдастыру үшін ЖОО-да қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖОО басшысы болып табылады.

ЖОО магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖОО-лардың қабылдау комиссияларымен, сондай-ақ ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі.

           Магистратурада оқу тек қана күндізгі оқу түрі бойынша жүргізіледі.

Магистратурада кадрларды дайындау жоғарғы білім беру бағдарламасы  негізінде екі  бағытта  жүргізіледі:

1) ғылыми-педагогикалық бағытта – оқу мерзімі екі 2 жылдан кем емес;

2) бейіндік бағытта – оқу мерзімі                          бір жылдан кем емес.

 

Өтініштерді қабылдау мерзімі:                          2020 жылдың  15 маусым -15 шілдесі аралығы

Кешенді тестілеу мерзімі:                               2020 жылдың 1-15тамызы аралығы

Оқуға тіркеу:                                                     2020 жылдың 28 тамызына дейін

 

Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:

– өтініш (еркін нысанда);

– жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

– 3×4 сантиметр өлшемді 6 фотосурет;

– 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

– бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса);

– скоросшиватель, конверт, файл.

Көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

 

Магистратураға қабылдау тәртібі

Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар қабылданады.

Магистратура, резидентура және докторантураға түсуші тұлғалар:

– оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар: шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;

– оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар: ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;

– шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

1) шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ;

2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау жүргізетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен дербес өткізіледі. Бұл ретте түсушілер шығармашылық емтиханды жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша оқуға түсетін ЖОО-да тапсырады.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:

Шетел тілі Өту балы
 

 

1

 

 

Ағылшын тілі

IELTS  –  6,0 балдан кем емес

TOEFL ITP – 163 балдан кем емес

TOEFL IBT – 46 балдан кем емес

TOEFL PBT -453 балдан кем емес
TOEFL PDT -65 балдан кем емес

2 Неміс тілі DSH, Niveau С1/ C1 деңгейі,

Niveau C1/ C1 деңгейі

3 Француз тілі TFI –оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес,

DELF, B2 деңгейі,

DALF, C1 деңгейі,

TCF – кемінде 400 балл

 

 

Қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін 

магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің форматы

Тест тапсырмаларының саны – 130.

Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағ. 55 мин).

 

Бөлім Секциялар Тілі Тапсырмалар саны Тест тапсырмаларының түрлері Бағалауы Орындау уақыты(мин) Максималды балл саны Шекті балл
 

 

 

Шет тілі

Тыңдалым Ағылшын/неміс/француз Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін таңдау  

1 балл

 

75

 

50

 

 

25

Лексика-грамматика
 

Оқылым

 

 

Оқуға дайындығын анықтау

 бойынша тест

 

Сыни ойлау

(элементарлы математика, әртүрлі ақпаратты талдау мен түсіндіру)

Қазақша/Орысша 15 30  

 

 

 

 

 

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін таңдау

 

 

 

 

 

 

 

1 балл

 

 

 

 

 

 

 

50

 

 

 

 

 

 

 

30

 

 

 

 

 

 

 

7

Аналитикалық ойлау

(Академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп-салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру)

15
 

 

Мамандық бойынша тест

1-пән  

 

 

 

Қазақша/Орысша

 

30

 

 

 

 

 

50

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін таңдау  

1 балл

 

60

 

30

 

7

2-пән  

 

 

20

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін немесе бірнешеуін таңдау 2 балл – барлық жауаптар дұрыс,

1 балл – бір қате үшін,

0 балл – екі және одан көп қате үшін

 

 

 

 

50

 

 

 

40

 

 

 

7

Барлығы 130     235 150 50

 

 

 

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін 

магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің форматы

Тест тапсырмаларының саны – 80.

Тестілеу уақыты – 160 минут (2 сағ. 40 мин).

Бөлім Секциялар Тілі Тапсырмалар саны Тест тапсырмаларының түрлері Бағалауы Орындау уақыты(мин) Максималды балл саны Шекті балл
 

 

Оқуға дайындығын анықтау

 бойынша тест

 

Сыни ойлау

(элементарлы математика, әртүрлі ақпаратты талдау мен түсіндіру)

Ағылшын тілінде 15 30  

 

 

 

 

 

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін таңдау

 

 

 

 

 

 

 

1 балл

 

 

 

 

 

 

 

50

 

 

 

 

 

 

 

30

 

 

 

 

 

 

 

7

Аналитикалық ойлау

(Академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп-салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру)

15
 

 

Мамандық бойынша тест

1-пән  

 

 

 

Ағылшын тілінде

 

30

 

 

 

 

 

50

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін таңдау  

1 балл

 

60

 

30

 

7

2-пән  

 

 

20

Ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс біреуін немесе бірнешеуін таңдау 2 балл – барлық жауаптар дұрыс,

1 балл – бір қате үшін,

0 балл – екі және одан көп қате үшін

 

 

 

 

50

 

 

 

40

 

 

 

7

Барлығы 80     160 100 50

     

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау

Магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 50 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100-балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 25 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға қабылдау КТ және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша әр шығармашылық емтиханнан – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады. Әр шығармашылық емтиханнан ең жоғары балл – 35 балл.

 

 Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алу үшін КТ және (немесе) түсу емтиханының және (немесе) шығармашылық емтихандардың жиынтығы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:

1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратура үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы үшін – кемінде 75 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл;

2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін – кемінде 50 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша әр шығармашылық емтиханнан – кемінде 7 балл.

Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау а.ж. 20 тамызға дейін жүргізіледі. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурста білім беру бағдарламалары тобының бейіні, шет тілі, білім алуға дайындығын анықтау бойынша тестілеу нәтижелерінің балдары ескеріледі.

КТ нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеу нәтижесі бойынша балы жоғары тұлғаға басым құқық беріледі, одан кейін білім алуға дайындығын анықтау бойынша тест нәтижесі, бұдан әрі шет тілі бойынша тестілеу нәтижесі, одан кейін дипломға қосымшадағы (алдыңғы білім деңгейі) GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) және жұмыс өтілі ескеріледі

 

Магистратураға кешенді тестілеу емтиханынан босатылатын жағдайлар

«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтарына, сонымен қатар «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-дан босатылады.

 

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

 

GRE халықаралық стандартталған тест Кешенді тестілеу
Тест секциялары «Педагогикалық ғылымдар» білім салаларына арналған, «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар», «Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары» білім салаларына арналған, «Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар Тестілеу түрлері Балл
Quantitative Reasoning

 

кемінде 155 балл кемінде 160 балл Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест 30
Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест 70
Verbal Reasoning

 

145 балдан кем емес кемінде 140 балл Шет тілі бойынша тест 50
Analytical Writing

 

3 балдан кем емес 2 балдан кем емес

 

«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтарына, сонымен қатар«Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-дан босатылады.

 

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

 

GRE халықаралық стандартталған тест Кешенді тестілеу
Тест

секциялары

«Педагогикалық ғылымдар» білім салаларына арналған, «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар», «Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары» білім салаларына арналған, «Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар Тестілеу түрлері Балл
Quantitative Reasoning

 

кемінде 155 балл 160 балдан кем емес Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест 30
Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест 70

 

«Бизнес және басқару» мамандарын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар Graduate Management Admission Test (грэдуэйт мэнэджмент адмишентест) GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсу үшін КТ-дан босатылады.

 

GMAT стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

 

GMAT халықаралық стандартталған тест Кешенді тестілеу
Тест секциялары «Бизнес және басқару»

кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

Тест түрлері Балл
Quantitative Reasoning кемінде 40 балл Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест 30
Integrated Reasoning кемінде 4 балл Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест 70
Verbal Reasoning кемінде 20 балл Шет тілі бойынша тест 50
Analytical Writing

 

кемінде 3 балл

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы және жарамдылық мерзімі ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен тексеріледі.

      

 

Қабылдау емтихандарын сәтті тапсыруға тілектеспіз!

 

Аппеляцияға өтініш беру

Емтиханның нәтижесімен келіспеген талапкерлердің өтініштерін тексеру үшін  ҚР БҒМ жанында Республикалық апелляцияны қарау жөніндегі комиссия және әрбір ЖОО-да апелляциялық комиссия құрылады.

Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы, түсу емтихандарын қабылдау пункттерінде құрылатын апелляциялық комиссиялар төрағалары ҚР БҒМ бұйрығымен бекітіледі.

ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

Апелляциялық комиссия түсу емтиханы мен кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

Апелляциялық комиссия магистратураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.

Апелляциялық комиссия жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балл қосу туралы шешім қабылдайды.

Апелляциялық комиссия шет тілі бойынша түсу емтихандары және кешенді тестілеу бойынша апелляцияны қарау нәтижелерін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы келіп түскеннен кейін бір күн ішінде шет тілі бойынша түсу емтихандарының немесе магистратурада оқу үшін кешенді тестілеу нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балл қосу туралы шешім қабылдайды.

Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

Түсу емтихандарының нәтижелері өткізілген күні жарияланады.

Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

 

Магистратураға  оқуға қабылдау тәртібі

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысына байқау білім беру бағдарламасының топтары бойынша түсу емтиханының балына сәйкес жүргізіледі.

(150 балдың  ішінен) КТ нәтижесі бойынша магистратураға қабылдаудың өту балы

Даярлау  бағыты Ақылы негізде Мемлекеттік тапсырыс  бойынша
1 ғылыми-педагогикалық магистратура 50 балдан кем емес 75 балдан кем емес
2 бейінді  магистратура 50 балдан кем емес 75 балдан кем емес

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысаналы орындар жоғары оқу орындары арасында мамандықтар бойынша одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру органдарына  5 қыркүйекке дейін қайтарылады.

Бұл ретте, ең алдымен тиісті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары нәтижелерінің неғұрлым жоғары балл алған үміткерлері бар ЖОО-ның өтінімдері қанағаттандырылады.

Аталған білім беру бағдарламасының тобы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, қайта бөлу тиісті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалар топтарының ішінде жүзеге асырылады.

Қайта бөлу туралы ҚР БҒМ бұйрығы 30 қыркүйекке дейін шығарылады.

 

 

Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласы 

Тест түрлері Тапсырма нысандары Тапсыру тілі Тапсырмалар саны Балдар Өту балы
Шет тілі  бойынша тест

 

1. Тыңдау

2. Лексикалық-грамматикалық тест

3.Оқу

ағылшын / неміс / француз  

50

 

50

 

25

Оқуға дайындығын анықтау тесті Бір дұрыс жауапты таңдау қазақша/ орысша  

30

 

30

7

 

 

Білім беру топтарының пәндері бойынша тест

Бір дұрыс жауапты таңдау қазақша/ орысша 30 30 7
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау қазақша/ орысша 20 40 7
Барлығы   130 150 50

 

 

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің

 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

Тест түрлері Тапсырма нысандары Тапсыру тілі Тапсырмалар саны Балдар Өту балы
Оқуға дайындығын анықтау тесті Бір дұрыс жауапты таңдау Ағылшын тілінде 30 30 7
Білім беру топтарының пәндері бойынша тест Бір дұрыс жауапты таңдау Ағылшын тілінде 30 30 7
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау Ағылшын тілінде 20 40 7
Барлығы

 

80 100 50

 

 

100 балдық бағалау жүйесін 5 балдық бағалау жүйесіне ауыстыру шкаласы

100 балдық бағалау жүйесі бойынша балдар 5 балдық бағалау жүйесі бойынша балдар
95-100 Өте жақсы (5)
90-94
85-89 Жақсы (4)
80-84
75-79
70-74 Қанағаттанарлық (3)
65-69
60-64
55-59
50-54
30-49 Қанағаттанарлықсыз (2)*
0-29