Түсу ережелері

Магистратураға оқуға қабылдау тәртібі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының магистратурасына түсушілердің өтініштерін онлайн қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Өтініштерді қабылдау келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылғы 1 маусым мен 5 шілдесі;

2) күнтізбелік жылғы 25 қазан мен 10 қараша аралығында жүзеге асырылады.

Кешенді тестілеу келесі мерзімдерде:

  • күнтізбелік жылғы 20 шілде мен 10 тамыз аралығында;
  • күнтізбелік жылдың 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.

Күнтізбелік жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.

Магистратураға түсушілерге арналған араб тілінен түсу емтиханы мен шығармашылық емтихандары ЖЖОКБҰ-да келесі мерзімдерде:

1) күнтізбелік жылғы 16 – 25 шілдесі;

2) күнтізбелік жылғы 21 мен 28 қараша аралығында жүргізіледі.

Араб тілінен түсу емтиханы мен шығармашылық емтихандарын ЖЖОКБҰ-мен дербес өткізіледі.

Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

1) күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;

2) күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.

КТ-ға қатысу құны 14693 теңгені құрайды.

 

Кешенді тестілеу форматы

Магистратураға түсуші тұлғалар:

оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетінғылыми педагогикалықмагистратурағатүсуші тұлғалар: шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;

оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурағатүсуші тұлғалар: білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдауы бойынша) тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;

оқыту ағылшын тілінде жүргізілетінбейіндімагистратурағатүсуші тұлғалар: ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;

шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

1) шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ;

2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау жүргізетін ЖЖОКБҰ-мен дербес өткізіледі. Бұл ретте түсушілер шығармашылық емтиханды жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша оқуға түсетін ЖЖОКБҰ-да тапсырады.

Араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

1) араб тілі бойынша түсу емтиханын;

2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.

IELTS, TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), DSH (Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang), TestDaF-Prufung, TFI (Test de Franзais International™), (Diplome d’Etudes en Langue franзaise), DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise), TCF (Test de connaissance du franзais) шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары және стандартталған GRE (Graduate Record Examinations) тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаттары бар тұлғаларға КТ-ға электронды форматта және конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде сертификат деректерін енгізу қажет.

GRE (Graduate Record Examinations) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар магистратураға түсуші тұлғалар сертификат балдарының түпнұсқалығы мен ауыстыруын тексеру үшін GRE стандартталған тестін тапсыру нәтижелерін алушы ретінде түсу ЖЖОКБҰ-ны және ҰТО-ны көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген сертификаттардың балдарын аудару республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтініш бергеннен кейін немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде жүзеге асырылады.

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы мен қолданылу мерзімін республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары тексереді. Бұл ретте, ЖЖОКБҰ балдарды аудару үшін ҰТО-ның ақпараттық жүйесіне енгізеді.

Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың балдарын қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратураға КТ бойынша шет тілінен тест балдарына ауыстыру шкаласы

Тест түрі Балл Шет тілі бойынша балл
IELTS 6 балдан кем емес 25
6,5 балдан кем емес 30
7 балдан кем емес 40
7,5 балдан кем емес 45
8 балдан кем емес 50
TOEFL IBT 78 балдан кем емес 25
93 балдан кем емес 30
101 балдан кем емес 40
109 балдан кем емес 45
114 балдан кем емес 50
DSH, TestDaF-Prufung В2 деңгейінен кем емес 25
Niveau С1/деңгей C1 35
Niveau С2/деңгей C2 50
TFI, ELF, DALF, TCF B2 деңгейінен кем емес 25
C1 деңгейінен кем емес 35
C2 деңгейінен кем емес 50

«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сондай-ақ «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес GRE (Graduate Record Examіnatіons) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тесттен және шет тілі бөлімінен босатылады.

«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сондай-ақ «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес GRE (Graduate Record Examіnatіons) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тесттен өз қалауымен босатылады.

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

GRE халықаралық стандартталған тест

 

Кешенді тестілеу

 

Тест секциялары «Педагогикалық ғылымдар» білім салаларына арналған, «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар», «Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары» білім салаларына арналған, «Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар Тестілеу түрлері Балл
Quantitative Reasoning 155 балдан кем емес 160 балдан кем емес Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест 10
Analytical Writing 3 балдан кем емес 3 балдан кем емес
Quantitative Reasoning 160 балдан кем емес 165 балдан кем емес Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест 20
Analytical Writing 4 балдан кем емес 4 балдан кем емес
Quantitative Reasoning не менее 165 баллов не менее 170 баллов Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест 30
Analytical Writing 5 балдан кем емес 5 балдан кем емес
Verbal Reasoning 145 балдан кем емес 145 балдан кем емес Шет тілі бойынша тест 25
Verbal Reasoning 155 балдан кем емес 155 балдан кем емес Шет тілі бойынша тест 40
Verbal Reasoning 165 балдан кем емес 165 балдан кем емес Шет тілі бойынша тест 50

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

GRE халықаралық стандартталған тест

 

Кешенді тестілеу

 

Тест

секциялары

«Педагогикалық ғылымдар» білім салаларына арналған, «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар», «Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары» білім салаларына арналған, «Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар Тестілеу түрлері Балл
Quantitative Reasoning 155 балдан кем емес 160 балдан кем емес Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест 10
Analytical Writing 3 балдан кем емес 3 балдан кем емес
Quantitative Reasoning 160 балдан кем емес 165 балдан кем емес Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест 20
Analytical Writing 4 балдан кем емес 4 балдан кем емес
Quantitative Reasoning 165 балдан кем емес 170 балдан кем емес Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест 30
Analytical Writing 5 балдан кем емес 5 балдан кем емес

«Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғаларға GMAT (Graduate Management Admіssіon Test) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде балдарды аудару шкаласына сәйкес қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқытатын магистратураға КТ тапсырудан  өз қалауымен босатылады.

GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар тұлғалар республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру бойынша конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау кезінде сертификат деректерін енгізуі қажет.

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы мен қолданылу мерзімін республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары тексереді.

GMAT стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

GMAT халықаралық стандартталған тест

 

Кешенді тестілеу

 

Тест секциялары «Бизнес және басқару»

кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

Тест түрлері Балл
Quantitative Reasoning 40 балдан кем емес Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест 15
Integrated Reasoning 4 балдан кем емес Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест 30
Verbal Reasoning 20 балдан кем емес Шет тілі бойынша тест 25
Analytical Writing 3 балдан кем емес
Quantitative Reasoning 50 балдан кем емес Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест 20
Integrated Reasoning 6 балдан кем емес Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест 50
Verbal Reasoning 40 балдан кем емес Шет тілі бойынша тест 35
Analytical Writing 4 балдан кем емес
Quantitative Reasoning 60 балдан кем емес Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест 30
Integrated Reasoning 8 балдан кем емес Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест 70
Verbal Reasoning 60 балдан кем емес Шет тілі бойынша тест 50
Analytical Writing 5 балдан кем емес

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетінғылыми педагогикалықмагистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің форматы

Тест тапсырмаларының саны – 130.

Тестілеу уақыты – 235 минут (3 сағ. 55 мин).

Бөлім Шет тілі бойынша тест* Оқуға дайындығын анықтауға

арналған тест

 

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест** Барлығы
Секциялар Тыңдалым Тыңдалым Тыңдалым Сыни ойлау

(элементарлы математика, әртүрлі ақпаратты талдау мен түсіндіру)

Аналитикалық ойлау

(академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп-салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру)

1-пән 2-пән
Тілі ағылшын/неміс/француз қазақ/орыс қазақ/орыс
Тапсырмалар саны 16 18 16 15 15 30 20 130
50 30 50
Тесттапсырмаларының нысаны Бір дұрыс жауапты таңдау Бір дұрыс жауапты таңдау Бір дұрыс жауапты таңдау Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау
Бағалау 1 балл 1 балл 1 балл 2 балл – барлық жауаптар дұрыс,

1 балл – бір қате үшін,

0 балл – екі және одан көп қате үшін

Максималды балл саны 50 30 30 балл 40 балл 150
Ақылы түрде оқуға шекті балл 25 7 балл 7 балл 7 балл 75
Мемлекеттік грантбойынша білім алуға шекті балл 25 7 балл 7 балл 7 балл 75

* * араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін араб тілінен түсу емтиханы тапсырылады.

** шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін шығармашылық емтихандар тапсырылады.

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейіндімагистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудіңформаты

Тест тапсырмаларының саны – 80.

Тестілеу уақыты – 160 минут (2 сағ. 40 мин).

Бөлім Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест Білім беру бағдарламалары тобының
бейіні бойынша тест
Барлығы
Секции Сыни ойлау

(элементарлы математика, әртүрлі ақпартты талдау мен түсіндіру)

Аналитикалық ойлау

(академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру)

1-пән 2-пән
Тілі Қазақ/орыс таңдауы бойынша Қазақ/орыс таңдауы бойынша
Тапсырмалар саны 15 15 30 20 80
30 50
Тест тапсырмаларының нысаны Бір дұрыс жауапты таңдау Бір дұрыс жауапты таңдау Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау
Бағалау 1 балл 1 балл 2 балл-барлық жауаптар дұрыс, 1 балл – бір қате үшін, 0 балл – екі және одан көп қате үшін
Максималды балл саны 30 балл 30 балл 40 балл 100
Ақылы түрде оқуға шекті балл 7 7 7 50
Мемлекеттік грант бойынша білім алу үшін шекті балл 7 7 7 50

Ағылшын тілінде жүргізілетін бейіндімагистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудіңформаты

Тест тапсырмаларының саны – 80.

Тестілеу уақыты – 160 минут (2 сағ. 40 мин).

Бөлім Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест Білім беру бағдарламалары тобының
бейіні бойынша тест
Барлығы
Секции Сыни ойлау

(элементарлы математика, әртүрлі ақпартты талдау мен түсіндіру)

Аналитикалық ойлау

(академиялық және ғылыми-танымдық мәтіндердегі себеп салдарлық байланысты тауып, оны талдау мен түсіндіру)

1-пән 2-пән
Тілі Қазақ/орыс/ ағылшын таңдауы бойынша Ағылшын
Тапсырмалар саны 15 15 30 20 80
30 50
Тест тапсырмаларының нысаны Бір дұрыс жауапты таңдау Бір дұрыс жауапты таңдау Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау
Бағалау 1 балл 1 балл 2 балл-барлық жауаптар дұрыс,1 балл – бір қате үшін, 0 балл – екі және одан көп қате үшін
Максималды балл саны 30 балл 30 балл 40 балл 100
Ақылы түрде оқуға шекті балл 7 балл 7 балл 7 балл 50
Мемлекеттік грант бойынша білім алу үшін шекті балл 7 балл 7 балл 7 балл 50
Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz