Декан

Ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Раманова Айгүл Абибуллаевна
тел. 8 (7112) 5
10922

Қымбатты достар!

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Тілдер және менеджмент факультетінің сайтына қош келдіңіздер!

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Тілдер және менеджмент факультеті – көп салалы, қазіргі заманғы материалды-техникалық базамен қамтылған, бәсекеге қабілетті, қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орнының құрамдас бөлігі.

Факультеттің міндеті – қоғамда лайықты орын алатын және бәсекеге қабілетті, терең ойлайтын, белсенді, жоғары білікті мамандарды дайындау.

Бүгінгі күні біздің факультетіміз Қазақстан экономикасыныңтүрлі салаларынақажетті 15 білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білімді мамандарды даярлауды жүзеге асырады, ал факультет қабырғасынан шыққан 10 мыңнан аса түлек – біздің баға жетпес мұрагерлеріміз, біздің кәсіби және рухани байлығымыз.Еңбек нарығы мен білім беру қызметтері нарығының сұранысына сәйкес факультет бойынша тіркелген барлық білім беру бағдарламаларына жыл сайын өзгерістер енгізіліп отырады.Жұмыс берушілердің сұраныстарына сай бакалавриат мамандықтары бойынша элективті пәндер каталогы жыл сайын  жасақталып отырады. Біз екі шет тілін жетік меңгерген, аударматану және филология ғылымдары саласында еңбек ететін кәсіби мамандарды дайындаймыз.

Тілдер және менеджмент факультетінде ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, үлкен жұмыс тәжірибесі бар практиктер, ұлттық жоғары білімнің ең жақсы дәстүрлерін сақтайтын, өзіне және студенттерге үлкен талап қоя білетін оқытушылар қызмет жасайды. Факультет оқытушылар мен студенттердің үлкен шығармашылық ұжымын біріктіріп отыр. Осы ұжымның бірлігі, студенттердің ғылыми жұмысқа барынша ерте ат салысуы – біздің дәстүрлеріміздің бірі болып табылады.

Құрметті талапкерлер,бізде білім алуға қызығушылық танытқандар, біз сіздерді күтеміз және Тілдер және менеджмент факультетінде Сіздер үшін барлық жағдай жасалған деп сендіреміз.

Қош келдіңіз, Сізді қызықты оқиғаларға толы қызықты студенттік өмір күтеді!

Факультет деканы А.А. Раманова

Факультет туралы жалпы ақпарат

Тілдер және менеджмент факультеті – университеттің алғаш құрылған факультеттерінің бірі ретінде мыңдаған мамандарды ұшырған білім беру саласындағы көшбасшы, облысымыздың мектеп мұғалімдері мен экономика, қаржымамандарын даярлаудың флагманы. Факультетте 3000-нан астам студент білімалуда.

Факультетте Қазақстанның және шетелдің жетекші ғылыми қызметкерлерімен дәріс оқу кеңінен қолданылады, Қазақстан мен Ресейдің жетекші университеттерімен және ғылыми орталықтарымен тығыз байланыстар орнатылды. Қазіргі кезде факультеттің ғылыми-зерттеу жүйесінің негізгі мақсаты әр оқытушы мен студентке өзінің шығармашылық дамуының құқықтарын іске асыруға, ғылыми зерттеулерге қатысуға – оның қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес толық, тең және қолжетімді болуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау және дамыту болып табылады.

Тілдер және менеджмент факультеті 4 бітіруші кафедраны біріктіреді:

  • Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі;
  • Есеп және қаржы;
  • Экономика және менеджмент;
  • Шетел тілдері және аударма ісі.

Факультет түлектері еліміздің орта, арнаулы және жоғары оқуорындарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мемлекеттік басқарма органдарында, мәдениет мекемелері мен ұйымдарында, халықаралық және ұлттық компанияларда, банк және қаржы, экономика салаларында еңбекетуде. Білім беру үдерісінің негізгі бөлігі өндіріс орындарындағы тәжірибені құрайтындықтан, студенттердің ғылымиіс-тәжірибелерін өтеу мекемелерінде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері де көп.

Құрметті жастүлек! Егер сен табысты мансап жолын құрып, өмірде жетістікке жетем десең БҚИТУ-дың тілдер және менеджмент факультетін таңда!

 

2021-2022 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының тізбесі

Коды Қазақша Русский English
Бакалавриат
Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі
1 6В01301 Педагогика и методика начального обучения Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Pedagogy and methods of primary education
2 6В01403 Музыкальное образование Музыкалықбілім Musiceducation
3 6В01701  Казахский язык и литература Қазақтілі мен әдебиеті Kazakh language and literature
4 6В01703 Русский язык и литература с нерусским языком обучения Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті Russian language and literature in schools with a non-Russian language of instruction
5 6В03201 Библиотечное дело Кітапханаісі Librarianship
6 6В11102 Культурно-досуговая работа Мәдени-тынығу жұмысы Leisure
Есеп және қаржы
1 6B04106  Финансы Қаржы Finance
2 6B04105 Учет и аудит Есепжәне аудит Accounting and Auditing
3 6B11101  Туризм Туризм Tourism
Экономика және менеджмент
1 6В04102 Экономика Экономика Economics
2 6В04107 Экономика и менеджмент (по отраслям) Экономика және менеджмент (салаларбойынша) Economics and management (by industry)
3 6В04103 Менеджмент Менеджмент Management
4 6В04104 Государственное и местное управление Мемлекеттік және жергілікті басқару Stateand local government
Шетел тілдері және аударма ісі
1 6В02301  Переводческое дело Аудармаісі Translationstudies
2 6В01702  Иностранный язык:два иностранных языка Шетел тілі:екі шет тілі  Foreign language: two foreign languages
Магистратура
Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі
1 7М01701  Казахский язык и литература

 

Қазақтілі мен әдебиеті Kazakh language and literature
Есеп және қаржы
1 7М04101 Финансы Қаржы Finance
2 7М04105  Учет и аудит Есепжәне аудит Accounting and Auditing
Экономика және менеджмент
1 7М04102 Экономика Экономика Economics
Шетел тілдері және аударма ісі
1 7М01702 Иностранный язык:два иностранных языка Шетел тілі:екі шет тілі  Foreign language: two foreign languages