Тілдер және менеджмент

Тілдер және менеджмент факультеті – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің көп бейінді, заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған құрылымдық бөлімшесі.

Біздің факультетіміздің айрықша миссиясы – сұранысқа ие және қоғамда лайықты орынды иеленетін, жоғары кәсіби, белсенді, бастамашыл, ерекше ойланатын және тиімді әрекет ететін мамандарды даярлау.

Бүгінгі таңда тілдер және менеджмент факультеті Қазақстан Республикасы экономикасының әр түрлі салаларында сұранысқа ие 6B01702 «Шет тілі: екі шет тілі», 6B02301 «Аударма ісі», 6B04105 «Есеп және  аудит», 6B04102 «Экономика», 6B04103 «Менеджмент», 6B041040 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6B11101 «Туризм» сияқты 8 мамандық бойынша жоғары және кәсіптік білім мамандарын даярлайды.

Факультет миссиясын жүзеге асыруға жоғары кәсіби және тәжірибелі профессорлық-оқытушылық құрам ауқымды үлес қосады. Оқытушылардың әр-бір екіншісі ғылым кандидаты және докторы атақтарына ие. Олардың арасында экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.С. Габдуалиева, экономика ғылымдарының кандидаттары, М.А.Мансурова, Ж.Ж.Жумаев, Б.Т.Толебаева, Б.С.Есеналиев, А.А. Ким, Г.К. Курманова, Б.Б. Суханбердина, С.С. Манасова, Р.А.Ерниязов, К.Т. Буркитбаев, А.Ж.Махмудов, Ш.Х.Суербаев, филология ғылымдарының кандидаттары А.А.Раманова, У.К. Доукариева  және т.б. бар.

Факультетіміздің 20 жылдық даму қарқыны, иниституциональдық және мамандандырылған аккредиттеуден жемісті өтуі болашаққа сенімді қарауға мүмкіндік береді. Бұл болашақ үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету, халықаралық сапа стандарттарын ұстану, жаңа білім беру технологияларын енгізу, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті сақтау ретінде көрінеді.

Тілдер және менеджмент факультетінің деканы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.А.Раманова.

Факультет телефоны: қабылдау бөлмесі 8(7112) 510922

Факультет Call center  8 778 806 17 17

e-mail: fakultetyazykov@mail.ru