Ғылыми-зерттеу жұмысы

2021-2022 оқу жылының 3 қараша күні  «Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасының оқытушылары Г.С. Бимашева, А.Н. Сәрсенбаева болашақ мамандыққа арналған «My future profession» тақырыбында «English Club» ғылыми үйірмесінің отырысын жоспарға сай  өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – коммуникативтік іскерліктерді кеңейту, студенттерге өз білімдерін жетілдіру қажеттілігін үнемі қалыптастыру, олардың тілді меңгеру қабілетін барынша пайдалану, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету, студенттердің тілді үйренуге деген қызығушылығын ынталандыру. Бұл іс-шараға «аударма ісі» және «шетел тілі:екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша  1 курс студенттері қатысты, олар шара барысында өздерін белсенді көрсетті, айта кетсек түрлі шығармашылық тапсырмаларды, жаттығуларды, сөзжұмбақтарды шешіп, сұрақтарға жауап беріп, және өздерінің таңдаған мамандықтарының қаншалықты маңыздылығын айтып, ой бөлісті.