Жаратылыстану және ғылыми пәндер

«Жаратылыстану және ғылыми пәндер» кафедрасы

 

«Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Ж.С. Кажиакпарова.

Кафедраның миссиясы: «Дене шынықтыру және спорт», «Информатика» білім беру бағдарламалары бойынша білім беру саласында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті жаңа формация мамандарын дайындау.

Миссияны іске асыру келесі міндеттерді шешуді көздейді:

  • қоғамның әлеуметтік тапсырысына және әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес болашақ информатика және дене шынықтыру мұғалімдерін сапалы кәсіби даярлауды қамтамасыз ету;
  • болашақ информатика және дене шынықтыру мұғалімдерінің жалпы ғылыми және арнайы білімдерін, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру;
  • педагогикалық, ұйымдастырушылық-басқару, консультативтік-әдістемелік қызмет саласындағы құзыреттердің кәсіби жүйесін қалыптастыру;
  • кафедраның оқу қызметінің тұрақты серпінді дамуын қамтамасыз ету.

«Жаратылыстану және ғылыми пәндер» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші кафедра болып табылады:

6В01401- «Дене шынықтыру және спорт» (бакалавр),

6В01501- «Информатика» (бакалавр),

7M01401- «Дене шынықтыру және спорт» (магистратура).

            КАФЕДРАНЫҢ ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ

«Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасында тәжірибелі оқытушылар п.ғ.к., профессор, еркін күресінен спорт шебері Марат Оразалыұлы Даупаев, п.ғ.к., профессор Собянин Федор Иванович, б.ғ.к., доцент Уракчинцева Галина Владимировна, п.ғ.к., доцент Джумакаева Клара Сабировна, п.ғ.к., доцент Ахметов Мереке Гусманұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары Темирхан Кабулович Есеев, Ларионов Алесей Станиславович және өзгеде оқытушылар «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының  білім берудегі ғылыми әлеуметінің қалыптасуына және дамуына үлкен үлес қосуда.

2019 жылы кафедраның аға оқытушылары Р.М.Бакесова және А.С.Мендигалиева  докторлық диссертация қорғап, PhD ғылыми дәрежесін алды. 2021 жылы А.Б. Арыстанова докторантураны сәтті аяқтап, PhD докторлық диссертациясын қорғады.

     2021 жылы «Жаратылыстану және ғылыми пәндер» кафедрасының 3 оқытушысы докторантураға түсті:

  • Турдалиев Рауан Мұратұлы, Қазақ спорт және туризм академиясы, Кәсіби спорт және жекпе-жек факультеті, Ұлттық спорт түрлері мен күрес бөлімі, мамандығы 8D01401-Дене шынықтыру және спорт;
  • Құспанов Нұрбол Сағындықұлы, Қазақ спорт және туризм академиясы, Кәсіби спорт және жекпе-жек факультеті, Ұлттық спорт түрлері мен күрес бөлімі, мамандығы 8D01401-Дене шынықтыру және спорт;
  • Бегилов Талғат Заурұлы, ҚазҰУ Әл-Фараби атындағы, биология және биотехнология факультеті, биоәртүрлілік және биоресурстар кафедрасы, 8D05101-биология мамандығы.

Қазіргі уақытта кафедрада 28 оқытушы жұмыс істейді: 11 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы, 2 еңбек сіңірген жаттықтырушы, 12 магистр.

 

      ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР

Бүгінгі таңда «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының қызметіндегі стратегиялық бағыттардың бірі – оқу процесімен қатар жүретін білім сапасын арттыруға тікелей байланысты ғылыми – зерттеу жұмысы. Кафедраның  оқытушылары: «Халықтың дене дайындығы – ұлттық қауіпсіздіктің негізі ретінде» тақырыбында ғылыми жұмыстарды орындауға қатысады. Сонымен қатар, мамандарды даярлаудың интеграцияланған жүйесі бойынша  кафедра студенттерінің ғылыми жұмысына көп көңіл бөлінеді, олар әр түрлі қызметтік салаларда кездесетін мәселелерді шығармашылықпен шеше алады. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі жыл сайын оқытушылар, магистранттар мен студенттердің республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, Қазақстан Республикасында және шет елдерде өтетін конкурстарға қатысуынан көрінеді.

Кафедраның ғылыми – зерттеу жұмысының нәтижесі жыл сайын оқытушылардың, магистранттардың және студенттердің Қазақстан Республикасы мен көрші елдердің аумағында өтетін республикалық және халықаралық ғылыми -практикалық конференциялардың, олимпиадалардың жұмысына қатысуы болып табылады.

Кафедра “Шаңғы спорты және оқыту әдістемесі» пәнін қашықтан оқытуды ұйымдастыру; қашықтықтан оқыту жүйесіндегі технолгияларды талдау” шаруашылық келісім-шарт тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды.

Профессор-оқытушылар құрамның кәсіби-педагогикалық деңгейін көтеру мақсатында кафедрада өзара сабаққа қатысу ұйымдастырылып, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзекті мәселелер бойынша әдістемелік семинарлар өткізіледі. Оқытушылар әртүрлі семинарларда, курстарда біліктіліктерін арттырады, сонымен қатар педагогикалық тәжірибе алмасу мүмкіндігі бар облыс,  қала аясындағы жарыстарға қатысады.

             ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

Университетте спорттық бұқаралық жұмыстың формаларын жетілдіру және сапасын жақсарту мақсатында кафедрада «Барыс» спорт клубы құрылды. Клуб бұқаралық спорттық -сауықтыру шараларын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қамтамасыз ету бойынша көптеген жұмыстар атқаруда, көптеген танымал спорт түрлерінде спорт секциялары құрылды. Кафедра мен спорт клубы жыл сайын университеттің бірінші курс студенттері, оқытушылар мен қызметкерлер арасында «Денсаулық күнін» өткізеді, жыл сайын оған екі жүзден астам адам қатысады. Спорт клубының төрағасы – аға оқытушы Жасқайратов Асхат Жасқайратұлы.