Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

 

АбекешевАбекешев Аянбек Иманбайұлы

экология магистрі, облыстық жастар мәслихатының депутаты., БҚИТУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры

 

Тәрбие жұмысы

   Қазіргі кездегі қоғам  адамнан тек  терең  білімді болуын, жоғары деңгейдегі мәдениет пен  ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын ғана талап етіп қана қоймай, өзара тығыз байланыста өмір сүріп, тіршілік   ете білуді талап етеді. Тұлғалық дамудың негізгі көрсеткіштері оның  жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық,  креативтілік,белсенділік, намысшылдық, ой-пікірдегі  тәуелсіздік болып табылатындықтан, осы қасиеттердің  даму деңгейі   тұлғаның  әлеуметтік қалыптасуы мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері  деп қарастыруға болады. Жоғары оқу орнындарындағы заманауи тәрбие жұмысын бағалаудың ерекшелігі тәрбие үрдісіндегі жүйелілік пен  тиімділікті қамтамасыз ететін  факторлар мен шарттардың  кешенділігі болып табылады.

   Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде тәрбие жұмысының стратегиясы болашақ кәсіби маманың қалыптасуына  жоғары оқу орнының белсенді атсалуына негізделген.

   Тәрбие аудиториядан тыс педагогикалық ықпалдың оқшау элементі емес, педагогикалық іс –әрекеттің  жалпы оқу мен даму үрдісіне кірістірілген қажет  құрамдас бөлігі болып табылады. Тәрбиенің негізгі факторы  – жоғары оқу орнындағы  тәрбиелік ортаны ұйымдастыру және студенттердің  оқу-әдістемелік, ғылыми іс-әрекеттерін, демалысын өздері  басқаруға түрткі болу.

  Нарықтық экономика заманында бәсекелестікке қабілетті, белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі  жоғары, жан-жақты дамыған маман тұлғасын қалыптастыру мақсатымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде тәрбиені жүйелі жүргізу үшін, басқарудың ажырамас бөлшегі ретінде, тәрбие жұмысын сатылай жүргізу тұжырымдамасы жасалды.

   Тұжырымдама тәрбие жұмысын жүйелі  ұйымдастырудың стратегиясын, негізгі кезеңдерін, басым бағыттары мен мақсатын, іске асыру кезеңдері мен механизмдерін баяндайды.

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН САТЫЛАЙ ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

   Азаматтық-патриоттық: қоғамдық-саяси сауаттылықты, университеттің дәстүрлерін сыйлауды,  көп ұлтты Қазақстанның халықтарынының мәдениетіне, өнеріне, дініне сыйластықпен қарауды, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыру. Студенттердің азаматтық – патриоттық  мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін  көтеру әрі азаматтық – патриоттық тәрбие бойынша  ғылыми негізделген саясат жүргізу. Университетте азаматтық – патриоттық тәрбие  берудің  деңгейін  оның мазмұны мен әдіс– тәсілдерінінің, оқыту мен тәрбие үрдісінің тығыз байланысы негізінде көтеру.

   Рухани-адамгершілік: өзіндік сананы дамытуға жағдай жасау, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның  қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыру. Рухани адамгершілік  құндылықтар  мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру. Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс- әрекеттерде іске асыру.

   Құқықтық тәрбие: студенттердің құқықтық санасын, олардың құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін  көтеру әрі құқықтық тәрбие бойынша  ғылыми негізделген саясат жүргізу, университетте   құқықтық   тәрбинің  деңгейін көтеру.

   Салауатты өмір салтын қалыптастыру: студенттерді  спорт түрлеріне тікелей қатыстыру  жолымен  ағартушылық  және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асыру.

   Әлеуметтік тәрбие:  әлеуметтік белсенді тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру: әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық.  Әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден  дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болу.

   Кәсіби тәрбие: кәсіби білімдер мен коммуникативтік дағдылар  жүйесін құру, көшбасшылық пен  жетістікке жетуге бағдарлау.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН САТЫЛАЙ ЖҮРГІЗУДІҢ МАҚСАТЫ МЕН  МІНДЕТТЕРІ

   Мақсаты: шығармашылық ойлауы жетілген, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, жауапкершілік пен азаматтық санасы жоғары, білікті маман қалыптастыруға қажетті тиімді әлеуметтік, мәдени және білім беру жағдайларын жасау.

   Міндеттері:

  • студенттерді қоғамдық өмірге белсенді қатысуға мүдделеу;
  • студенттерде жемқорлық пен сыбайластыққа деген жағымсыз көзқарас қалыптастыру;
  • белсенді азаматтық позиция қалыптастыру;
  • оңтайлылық, бәсекеге түсу, жағымды рухани құндылықтар, шығармашылық белсенділік сияқты қасиеттерін дамыту;
  • студенттік өзін-өзі басқаруға қатыстыру арқылы ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту;
  • ұлтаралық және әлеуметтік өзара байланыс тәжірибесін қалыптастыру;
  • корпоративтік бірлестік рухын және университеттің студенттер қауымына жататындығына мақтаныш сезімін қалыптастыру;
  • университет студенттерінінің рухани-адамгершілік, ақыл-ой, денсаулығы мен табыстылығы үшін жауапкершілік пен құзыреттілігін өз мойындарына ала білу үшін жағдай жасау;
  • салауатты өмір салты туралы ғылыми түсініктер, рухани және денесін дамыту дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру;
  • студенттердің кәсіби қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау, өмір бойы білім алу және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.