Ахметжан С.З., доцент, техника ғылымдарының кандидаты,
«Техника және технологиялар» кафедрасының меңгерушісі
«Техника және технологиялар» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды дайындап шығарушы болып табылады: 6В07102 – Электр энергетикасы; 6В07101 – Көлік, көлік техникасы және техзнологиялар; 6В11301 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; 6В07104 – Технологиялық машиналар және жабдықтар; 6В06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; 6В06102-Ақпараттық жүйелер; 6В06104 – Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер, 6В07105 – Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша).
Кафедрада 26 штаттық оқытушылары, оның ішінде 3- PhD докторы, 9-ғылым кандидаты, 12- доцент, және 8 – ғылым магистрі жұмыс жасайды.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының орташа жасы – 48 жас. Барлық оқытушылардың сәйкес арнайы білімдері бойынша сабақ жүргізеді. . Барлық оқытушылар тиісті арнайы білімі бар сабақтарды жүргізеді. Арнайы пәндер бойынша дәрістер оқу үшін жыл сайын шетелдік жоғары оқу орындарынан профессорлар, техника ғылымдарының докторлары, өндірістен бейінді мамандар шақырылады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әр түрлі курстарға, семинар-тренингтерге, мастер-кластарға қатысып, кафедра мен университеттің жетекші оқытушыларының ашық сабақтарына қатысып, өз біліктілігін үнемі арттырып отырады.
Оқу үдерісін сапалы ұйымдастыру мақсатында кафедра жанында 3 оқу зертханасы және 6 мамандандырылған оқу кабинеттері құрылды және жұмыс істейді.
Кафедра студенттерге оқу және өндірістік тәжірибе өткізуді қамтамасыз етеді. Өндірістік практикалардың негізгі базалары өңірдің жетекші кәсіпорындары болып табылады, олар: КПО б.в., “Батыс-Энергон” ЖШС, “IT GROUP Kazakhstan” ЖШС, “Оралмұнайгазгеология” АҚ, “Интергаз Орталық Азия” АҚ, “Бат. Қаз. ӨЭК” ЖШС, “Бипэк АВТО Қазақстан” ЖШС УФ, “Қазавтожол” ЖШС БҚОФ және т. б.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ЖОО-дан тыс түрлі конференцияларға, семинарларға, тұсаукесерлерге қатысып, ғылыми жұмыспен белсенді айналысады. Соңғы 3 жылда кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 60-ден астам ғылыми мақалалар мен тезистер жариялады, 4 патент алынды, іргелі және шаруашылық келісімшарт тақырыптары бойынша 5 ғылыми есеп жазылды.
Кафедрада ғылыми студенттік қоғам (ҒСО) және ғылыми-студенттік үйірмелер жұмыс істейді, онда 1-4 курстың 110-тан астам студенті ғылыми жұмыспен айналысады.
Кафедра профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігімен студенттер халықаралық, республикалық байқауларда ғылыми жұмыстарын табысты ұсынады: ҚР БҒМ СҒЗЖ конкурсы, “Жас ғалым”, “ZIAT”, “студенттің үздік инновациялық жобасы”. 2020-2021 оқу жылындағы жұмыс нәтижелері: ҚР БҒМ Русп республикалық байқауында І орын (Горюнов С. В., БББ 6В07101-Көлік, көлік техникасы және технологиялары 3 курс студенті)
Кафедрада оқу және ғылыми жұмыстармен қатар студенттермен тәрбие жұмыстары да жүргізіледі. Топ тәлімгерлерінің басшылығымен студенттер “Денсаулық күні”, “бірінші курс күні”, “Тілдер күні”, “Алтын күз”, “Наурыз-көктем мерекесі”сияқты ЖОО-да өткізілетін мәдени — бұқаралық және спорттық-тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысады. 2021 жылы жастар арасындағы жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионатында 6В07102 – Электр энергетикасы БББ 2-курс студенті А. М. Даулетияров І орын алды.
Кафедра құрамы:
№ | Аты-жөні | Лауазымы |
1. | Ахметжан Самал Закиқызы | Кафедра меңгерушісі, доцент, т.ғ.к. |
2. | Мукамбеткалиева Айнаш Нурбулатовна | кафедра меңгерушісінің орынбасары, аға оқытушы, магистр |
3. | Захаров Виктор Павлович | доцент, phD доктор |
4. | Биниязов Абзал Махсотович | доцент, phD доктор |
5. | Омаров Ақылбек Нурлыбекович | доцент, phD доктор |
6. | Оверченко Геннадий Иванович | доцент, т.ғ.к. |
7. | Турлыбаев Хайрат Тендибаевич | доцент, т.ғ.к. |
8. | Бахирев Михайл Алексеевич | доцент, т.ғ.к. |
9. | Олейников Сергей Владимирович | доцент, т.ғ.к. |
10. | Тулегенов Кубайдолла Калимоллаевич | доцент, т.ғ.к. |
11. | Садыкова Ляззат Анатольевна | доцент, т.ғ.к. |
12. | Чурикова Лариса Алексеевна | доцент, т.ғ.к. |
13. | Жазыкбаева Галия Муратовна | доцент, т.ғ.к. |
14. | Кажияхметова Айнур Ароновна | аға оқытушы, магистр |
15. | Утешева Гульнара Шаукатовна | аға оқытушы, магистр |
16. | Ғайнешова Айсулу Меңдібайқызы | аға оқытушы, магистр |
17. | Киясова Гульзада Мадиевна | аға оқытушы, магистр |
18. | Буранова Нурсулу Галымовна | аға оқытушы, магистр |
19. | Аханова Динара Еркиновна | аға оқытушы, магистр |
20. | Кандакиров Алтынбек Мизамгалиевич | аға оқытушы, магистр |
21. | Шалабаева Исламгүл Айболатқызы | аға оқытушы, магистр |
22. | Мухамеджанов Валерий Халдембаевич | аға оқытушы |
23. | Базарбаев Данияр Базаргалиевич | аға оқытушы |
24. | Кадирова Жадыра Кенжегуловна | аға оқытушы |
25. | Губайдуллин Кумискали Жубаншович | аға оқытушы |
26. | Магауов Аскар Тлеккалиевич | аға оқытушы |