Инженерлік-технологиялық

Инженерлік-гуманитарлық факультет университеттің ірі бөлімшелерінің бірі болып табылады және Қазақстан Республикасының  халық шаруашылығы кешенінің әр түрлі салаларының кәсіпорындары мен ұйымдарына арналған инженерлік және техникалық кадрларды дайындауды жүзеге асырады. Факультетте 3000-ден астам студент білім алады.

Факультеттің Қазақстан, Ресейдің және басқа да шет елдердің алдыңы қатарлы университеттері мен ғылыми орталықтарымен ғылыми байланыстары бар.

Факультет түлектері «Конденсат» АҚ, КПО б.в.,  «ЗККСМ» АҚ, «Құрылыс материалдарының Батыс Қазақстан корпорациясы» АҚ сияқты ірі ұйымдармен және белсенді түрде дамып жатқан энергетика, құрылыс индустриясы, көмірсутекті шикізатты өндіру мен өңдеу, машина жасау, минералдық шикізатты кешенді  игеру, көлік, агроөнеркәсіп және құқықтану  кәсіпорындармен  тікелей сұранысқа ие.

Қазіргі таңда инженерлік-гуманитарлық факультет 5 мамандарды шығарып дайындау кафедраларын біріктіреді:
– Экология және биотехнология
– Техника және технологиялар
– Мұнай-газ ісі
– Гуманитарлық және құқықтану пәндер
– Құрылыс және сәулет

Біз әрқашан өз факультетімізде үздік білім алуды мақсат еткен, жаңа білім мен сындарлы тілдесімге дайын, алдына мақсат қойған,  белсенді және өзіне сенімді жастарды көруге қуаныштымыз.