Археология музейі

   Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіне 2019 жылы 28 наурызында Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және  (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізуге рұқсат беретін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан №19007257 1 деңгейлі Лицензия берілді.

   Осы Лицензия негізінде педагогика факультетінің «Тарих және құқықтану» кафедрасы – 5В011400 – «Тарих» мамандығының студентері археологиялық қазба-сараман жұмыстарын жүргізді.

   Алғашқы арехеологиялық зерттеу жұмыстары Шыңғырлау ауданында Сегізсай ауылынан 10 шқ жерде орналасқан Сегізсай (Лебедевка) кешенінде ұйымдастырылды. Қазба кезінде үш оба-үйінді зерттелді. Зерттеу жұмыстары жүргізілеген ескерткіштер, табылған артефактардың негізінде б.з.д. ІІ-ІІІ ғғ. сармат тайпаларына тиісті екені анықталды. Қазба жұмыстары кезінде жерлеу орнынан адам қаңқасы жанынан қоладан жасалған жебенің ұштары, шыны пастадан құйылған алуан түсті моншақтар, ұсақ малдың жауырын сүйегінен жасалған қасық, құмыра ыдыстар және т.б. жәдігерлер табылды.

   Археологиялық қазба жұмыстары қорытындысы бойынша 2019 жылы желтоқсан айында университетте Археология музейі ұйымдастырылды. Музей меңгерушісі т.ғ.к., доцент Қалменов Мұрат Дабылұлы.

   Археология музейінде – Экспозициялық диорамалар, Археологиялық хронология негізіндегі жерлеу орындары, Ортағасырлық қалашық бекінісі қабырғасының үлгісі, Археологиялық хронология негізіндегі балбал тастардың түрлері көрмеге қойылған.

Археология музейі жәдігерлерінің тізімі:

Керамикалық ыдыстар. Сегізсай (Лебедевка) кешенінде археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылды.

Керамикалық ыдыстар. Илекшар кешенінде археологиялық барлау жұмыстары кезінде табылды.

Қоладан жасалған жебе ұштары. Сегізсай (Лебедевка) кешенінде археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылды.

Шыны пастадан жасалған моншақтар. Сегізсай (Лебедевка) кешенінде археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылды.

Сүйектен жасалған қасық. Сегізсай (Лебедевка) кешенінде археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылды.

Құрбандық астауы аяғының сынығы. Сегізсай (Лебедевка) кешенінде археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылды.

Жерлеу орнының ағаш жабыны сынығы. Сегізсай (Лебедевка) кешенінде археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылды.

Өңделген былғары қалдықтары. Сегізсай (Лебедевка) кешенінде археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылды.

Күйдірілген кірпіштердің сынықтары. Жайық қалашығында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары кезінде табылды.

Сырты жылтыратылған қыш тақталар сынықтары. Жайық қалашығында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары кезінде табылды.