Ғылыми-техникалық кеңес

Ғылыми-техникалық кеңестің құрамы

Ғылыми-техникалық кеңес отырыстарының жоспары

Жалпы ережелер

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі ҒТК) БҚИТУ ғылыми жұмысы туралы Ережеге сәйкес ұйымдастырылады және жұмыс істейді.

ҒТК университеттің ғылыми қызметінің тиімділігін арттыру, ғылыми зерттеулер мен техникалық әзірлемелер үшін перспективалық жоспарлау мен тақырыптарды іріктеуді жақсарту, ғылымның оқу процесімен, өндіріспен байланысын дамыту, оның бағыттылығын күшейту және кадрларды даярлаудағы мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігін қамтамасыз ету, оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстың бірлігіне қол жеткізу, ЖОО-ның ғылыми әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында құрылған ұжымдық орган болып табылады.

ҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Ғылым туралы” заңдарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік нұсқауларын, университет ректорының өкімдерін басшылыққа алады.

Құрылым және штат

ҒТК ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор – төрағаның басшылығымен ұйымдастырылады.

Университеттің ҒТК құрылымына кафедра меңгерушілері, факультеттердің жетекші ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы қатарынан ғылыми бағыттарды ескере отырып, секциялар кіреді.

Мақсаты мен негізгі міндеттері

ҒТК ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру, оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының (бұдан әрі-ҒЗЖ) қорытындыларын шығару, олардың нәтижелерін оқу процесіне, өндіріске енгізу мақсатында, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлау бойынша магистратура мен докторантураның тиімді жұмысы үшін құрылады.

ҒТК негізгі міндеттері:
– кафедралардың, факультеттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын қарастыру;
– кафедралардың ғылыми бағыттарын ескере отырып, мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім-шарттық ҒЗЖ жобаларын қарау, басқа ғылыми мекемелермен және ұйымдармен орындалатын бірлескен жұмыстардың тақырыптарын үйлестіру;
– кафедралардың, факультеттердің ҒЗЖ жұмысын бағалау және есептерді тыңдау, оның нәтижелерін оқу процесінде және өндірісте пайдалану;
– магистратура және докторантура арқылы ғылыми кадрларды даярлауды, сондай-ақ біліктілікті арттыру және тағылымдама курстары арқылы ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылау;
– магистранттардың, докторанттардың жеке жоспарлардың орындалуы туралы есептерін тыңдау;
– ғылыми басылымдарда жариялау үшін ғылыми мақалаларға сараптама жүргізу;
-университетте ғылыми конференциялар ұйымдастыру және өткізу; ПОҚ-ның халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен инновациялық конкурстарға қатысуы;
-студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының мәселелерін қарастыру, студенттердің ЖОО-ның ғылыми конференциялары мен инновациялық конкурстарына қатысуы.

ҒТК функциялары

ҒТК негізгі функцияларына мыналар жатады:
– кешенді ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды орындау кезінде ғылыми бөлімшелердің жұмысын үйлестіру;
– БҚИТУ-дың ғылыми бөлімшелерінің даму перспективаларын, оларда жүргізілетін ғылыми зерттеулердің бағыттарын, олардың БҚИТУ-дың мамандарды даярлау бейініне және білім беру бағдарламаларына сәйкестігін айқындау;
– БҚИТУ кафедраларының, факультеттерінің ғылыми жұмыстарының қорытындыларын қарау;
– ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық жобалар туралы есептерді қарау және бағалау;
– ғылыми зерттеулер нәтижелері туралы тақырыптар басшыларының есептерін тыңдау; магистранттар, докторанттар есептерін тыңдау;
– баспаға дайындалған монографияларды қарастыру;
– ғылыми мақалаларға сараптама жүргізу және оларды ғылыми басылымдарда жариялауға ұсыну;
– ҒЗТКЖ ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерін қарау, өнертапқыштық және патенттік-лицензиялық жұмысты қою;
– БҚИТУ құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми өзара іс-қимылын талдау, БҚИТУ ғылыми қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.