Университет тарихы

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық  университеті елдің көп салалы ЖОО бірі болып табылады.   2008 жылы Қазақстан Республикасы ЖОО-н оңтайландыру мақсатында Орал қаласында үш жеке ЖОО (Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті) негізінде Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті құрылды.   2012 жылы оған Евразия институты қосылды. 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университет негізінде екі жеке ЖОО Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті құрылды

 Заңды мекен-жайы: 090000 Орал қ.,  Достык даңғ., 194,  тел. (711) 51-04-73-32, 50-90-99, e-mail: wkitu@mail.ru. Өз қызметін БҚИТУ университет Жарғысына, Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым саласындағы бақылау комитетімен  2015 жылдың 30 қыркүйегінде берілген  № KZ70LAA00005828 мемлекеттік лицензияға сәйкес жүзеге асырады.

Университет құрамына инженерлік-технологиялық факультет, педагогикалық факультет, тілдер және менеджмент факультеті, гуманитарлық-заң факультеті, ғылыми кітпахана, редакциялық-баспа бөлімі және ғылыми, оқу және өндірістік бағыттағы басқа бөлімшелер кіреді.

Факультеттер құрамында, бакалавриаттың 39 мамандығы, жоғары арнайы білімнің 2 мамандығы және магистратураның  7 мамандығы бойынша кадрлар дайындайтын 13 кафедра кіреді.  БҚИТУ-да  9 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алады.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде 7 оқу кешені, ветеринарлық клиника, виварий, 1 студенттік жатақхана, 3 типтік спорт залы және 2 қосымша зал бар.

Ақпараттық инфрақұрылым Интернетке шығу мүмкіндігі бар бірлескен желіге біріктірілген 500 –ге жуық  ДК,  22 интернет сыныптарын қамтиды.   1015582 бірліктен артық кітап қоры бар, 497 орынға арналған  6 оқу залы және 4 абономент бөлімі бар ғылыми кітапхана бар.  ҒК ақпараттандыру «КАБИС» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.  Кітапхана қоры жыл сайын  1-2,5 мың бір. жаңартылып отырады.   ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының біртұтас ақпараттық ортасына ену бойынша жұмыстар басталуда.

Бүгінгі күні БҚИТУ  – білім беру және ғылыми қызметті, Қазақстанның батыс аймағы үшін басқару және ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауды  жүзеге асыратын, елдің халықтық-шаруашылық кешенінің үздіксіз және ілгері дамуының қалыптасуына белсенді қатысатын және әсер ететін аймақтағы ірі және кеңінен танымал көп салалы жоо бірі.

Өз қызмет ету жылдарында ел экономикасы үшін университет 35 мың. артық мамандарды дайындады, солардың ішінде Сенат және Мәжіліс депутаттары, министрліктер және ведомосылар қызметкерлері, мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке фирмалар басшылары мен мамандары бар.

Университеттің тұрақты даму стратегиясы және болашақ орташа мерзімге оны жүзеге асыру тетігі  2016-2020 жылдарға арналған БҚИТУ стратегиялық даму жоспарында берілген.   Университет ұжымы қарқынды дамып жатқан аймақтық инновациялық оқу-ғылыми кешеніне ауысу, елдің жоғары білім беру жүйесінде алдыңғы  орынға  жету және жоо бәсекеге қабілеттілігін және білім беру және ғылыми-техникалық қызметтер сапасының  әлемдік стандарттар деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін барлық күшін салуда.

Бүгінгі күні БҚИТУ белсенді іздену, бейімделу және технологиялық, педагогикалық және басқару инновацияларын қолдану  арқылы өзінің көп қырлы қызметі мен инфрақұрылымын тұрақты жетілдіретін және мамандарды дайындау тиімділігі мен сапасын арттыратын   динамикалық дамушы ЖОО болып табылады.