Құрметті ұстаздар!

Мұғалімдер күні қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы мейраммен шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкіл халықтық мереке. Ұлы ғұламалар да, ұстаздың алдын көрген. Абыройлы міндет атқарып жүрген ұстаздарды халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша. “Ұстаз” сөзінің өзі “Отан”, “Ар”, “Адамгершілік” сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр. Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар!

Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! Құрметті Ұстаздар, бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!!!

Құрметтпен, БҚИТУ ректоры, профессор Габдуалиева Р.С.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.