Білім күні

1 қыркүйек университетіміздің бас ғимаратында Білім күніне және Жаңа оқу жылына арналған онлайн форматта салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға университетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер және ата – аналар қатысты.

Өз құттықтау сөзінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.С.Габдуалиева университетіміздің табалдырығын алғаш аттаушыларды жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтады !

Сонымен қатар онлайн түрінде, жаңа оқу форматымен оқу ісі жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент Ж.Т.Ерназаров және тәрбие ісі жөніндегі проректор А.И.Абекешев студенттерді таныстырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.