Білім күніне құттықтау!!!

Қымбатты ұстаздар, ата – аналар, қадірменді студенттер! 

Сіздерді университет әкімшілігі атынан 1 қыркүйек – Білім күнімен дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймын.
Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбиеге тікелей байланысты.
Биылғы жылдың ерекшелігі – ҚР білім беруді дамытудың 2020 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада баршамызға білім беру сапасын арттыруға үлкен міндеттер жүктелді. Сондай – ақ, мемлекеттік бағдарламада педагог беделін көтеруге ерекше көңіл бөлінген. Еңбекақыны өсіру, мұғалімнің имиджін арттыру, біліктілігін көтеруге іс – шаралар жоспарланған.

Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім – ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен.

Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап, Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа сертін, шығармашылық табыс тілейміз, қымбатты ұстаздар! Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.