Сессия онлайн түрінде өтеді

Әлемді жайлаған пандемияның кесірінен елімізде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Сол уақыттан бері ЖОО-лар мен арнаулы орта оқу орындары, мектептер қашықтан оқытуға көшті. Дүйсенбі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай мамырдың 11-інде аяқталатынын мәлімдеді. Алайда Мемлекет басшысы ТЖ біткен күннің өзінде жоғары оқу және арнаулы орта оқу орындары, мектептер қашықтан оқыту жүйесін жалғастыра беретінін айтты. Енді студенттер кезекті сессияны, дипломдық жұмыстарын онлайн түрінде қорғайтын (тапсыратын) болады.

28-29 сәуір аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің басшылық құрамы, педагогика факультеті және тілдер және менеджмент факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер және магистранттар қатысқан онлайн жиын өтті. Жиында педагогика факультеті және тілдер және менеджмент факультетінің білім алушыларына аралық аттестация (жазғы емтихан сессиясы) wkitu-portal.tk жүйесінде тест тапсыру, ауызша түрде, сонымен қатар суммативті баға қою арқылы жүзеге асырылатыны айтылды. 1-3 курс студенттері, 1 курс магистранттарының жазғы емтихан сессиясын тапсыру барысы бекітілген уақыты бойынша академиялық күнтізбеге сай өтеді. Кешенді мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмыстарды, магистерлік диссертацияны қорғау онлайн режимінде Free conference.com, Zoom т.б. платформалары арқылы жүзеге асады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.