Қазақстан халқының бірлігі күні

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер! 

Қымбатты студенттер, магистранттар және бітіруші түлектер!

Биылғы көктем өзіндік ерекшелігімен келді. Көктемгі мамыр мерекелері еліміздегі 2020 жылдың 16 наурызынан басталған төтенше жағдаймен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл кезең еліміздің азаматтарына да айтарлықтай қиыншылықтар тудырды. Оның ішінде университет оқытушылары мен студент, магистранттар қауымы да қашықтықтан оқыту кестесіне сәйкес қызмет жасауда және білім алуда.

Еліміздегі орын алып отырған төтенше жағдайға қарамастан, Сіздерді халқымыз үшін айтулы мереке, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының достығы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы айтулы күні еліміздің ғылымы мен ұрпақ зиялылығын дамыту және болашақ кәсіби мамандарды тәрбиелеуде маңызды рөл атқартын университетіміздің профессор-оқытушылар құрамына ерекше алғыс айтқым келеді.

Сіздер студенттерге іргелі білім берумен қатар, жалпыадамгершілік және дәстүрлі құндылықтарға тәрбиелеп отырсыздар. Әр студент пен магистрантты білім нәрімен сусындату мен ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу, ол – тек отандық ғылым үшін емес, жалпы Қазақстан игілігі үшін өте құнды еңбек. Біз бұл күні үнемі үлгі өнеге көрсетіп жүрген және көрсете беретін ардагерлерімізге бас иеміз.

1 мамыр мерекесі бізге жаңа күш, жаңа үміт, болашаққа бағдар берумен қатар, біздің осы көктемді ерекше сағынышпен күткеніміз анық.

Университет басшылығы атынан және жеке өзімнің атымнан еңбектегі төзімділіктеріңіз үшін, ғылым жолындағы табыстарыңыз үшін, оқу үрдісіндегі сапалы білім бергендеріңіз үшін, еліміз үшін осындай қиын да күрделі кезеңде университетіміздің дамуына өз үлестеріңізді қосқандарыңыз үшін басымды иіп алғыс айтамын.

Баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, көктемнің жайдары көңіл-күйін, отбасылық бақыт-береке және ортақ мақсатты жүзеге асыруда бірлескен күш-жігер тілеймін!

БҚИТУ ректоры

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.