Абайдың қара сөздері-ғылым мен білімнің жарық көзі

Сәуір айы жыл сайын республика бойынша барлық жоғары оқу орындарында студенттік конференциялар, байқаулар, вебинарлар, жобаларды қорғау және олардың әр түрлі ғылыми басылымдарда жарияланымдары өтуімен ерекшеленді. Ал 2020 жылы студенттер мен магистранттардың, сондай-ақ олардың оқытушыларының ғылыми конференциялар мен форумдар форматы он-лайн (on-line) форматында, яғни қашықтықтан өтуде.

Біздің ЖОО-ның педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Францияның Конкорд халықаралық академиясының корреспондент – мүшесі Тасимова Айсұлу Ахмадиевна Брюссель қаласындағы Бельгияның Modern Education & Research Institute шақыруы бойынша “Дағдарыс кезінде оқыту: сын-қатерлер, ең үздік тәжірибелер, жаңа көкжиектер” атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.   Халықаралық конференция ұйымдастырушыларының ұсынысы бойынша ғылыми баяндама ағылшын тілінде баяндалды[1]. Ұлы ойшыл, ақын, гуманист Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында оның “Қара сөздер” кітабында айтылған психологиялық, педагогикалық көзқарастарын жария ету біздің шетелдік әріптестеріміз, тыңдаушылар мен он-лайн конференцияға қатысушылар үшін аса өзекті болды.

Профессор Айсұлу Ахмадиевна “Абай Құнанбаевтың “Қара сөздер”  кітабындағы психологиялық- педагогикалық көзқарасы” тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашы «өз халқын бір орында тұрмай үнемі дамуға, білім, ғылымға үндеген, өзінің рухани әлемін байытуға белсенді түрде шақыратын» ойшылдың арманын ашты. Абай ” Қара сөздер”  кітабындағы әлемдік мәдениет арқылы  қазақ халқын ағартуда  ғылымның маңызы туралы ойлайғанын атап өтті. Конференция  шығармашылық пікіп алмасу  жағдайда өтті. Ұйымдастырушылар қызықты және мазмұнды баяндамасы үшін, сондай-ақ сөз сөйлеушінің дайындық пен қатысуға жұмсаған уақыт пен күш-жігер үшін алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.