2019 жылдың 28 қарашасында техника және технологиялар кафедрасында «Көлік, көлік техникасы және технологиялар», «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», «Құрылыс», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»,«Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының студенттерімен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді.
Бұл шараның мақсаты студенттерді Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішевич Назарбаевтың өмір жолы, туып – өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, студенттерде патриоттық сезім, Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу, өзінің еліне және өзінің Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
Тәлімгерлік сабақты өткізуге кафедраның эдвайзерлері: Кажияхметова А.А., Тауышев О.У., Тлеушова А.У., Беккалиев Н.М. белсене қатысты.
Тәлімгерлік сағатта баяндамалар, «Егер мен Президент болсам» тақырыбында постер, «Назарбаев-дәуір адамы», «Ұлт көшбасшысы» атты бейне фильмдер қаралды.
Тәрбие сағатын «Әрбір азамат өзінің еліне, Отанына деген сүйіспеншілікті туған жеріне адал қызмет етіп қана көрсете алады. Ұлтына, халқына адал қызмет еткен ел көсемдері мен басшыларын халқы да ардақ тұтып, есімдерін мәңгілік ұмытпайды. Біздің Елбасы қандай іс-шаралар өткізбесін, қайда іс сапармен бармасын мұның барлығы –ел тыныштығы, сол елде мекен етіп, өмір сүріп жатқан баршама халықтың бейбіт өмірі мен бірлігі үшін жасайтын ерен еңбектері. Елбасымыз – еліміздің, біздің мақтанышымыз. Ал біздің еліміз – Елбасымыздың мақтанышы» деп қорытындылай келе,өткізілген шара Н.Назарбаев пен Б.Тілеухановтың «Елім менің» әнімен аяқталды.