Жуырда Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Экономика және бизнестегі инновациялық идеялар мен технологиялар» атты  XVIII республикалық студенттік олимпиада өткен болатын.

Аталмыш олимпиадаға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультеттерінің экономика мамандығында оқитын  Әділжан, Эльмира, Аэлита, Әділхан, Айша (жетекшісі Айнагүл Төлегенова) қатысқан еді.

Еліміздің әр өңіріндегі жоғары оқу орындарының  студенттері бақ сынаған олимпиада да БҚИТУ-дың «Болашақ ұрпақ» командасы өзгелерден оқ бойы озып шығып, жүлделі екінші орынға ие болды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz