Қазақстанның батыс өңірінде әз Наурыз 14 наурыз – Көрісу мерекесімен басталады. Көрісу күні ресми мейрам ретінде мойындалмаса да, батыс жұртшылығы бұл күнді асыға күтеді. Осы орайда, бүгін Тілдер және менеджмент факультетінің бірқатар студенттері оқуға ұлттық киімдерімен келіп, мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлады. Студент-жастар үлкенге ізет көрсетіп, университеттің үлкен адамдарымен, оқытушыларымен көрісіп, ақ баталарын алды.

Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен!

btr

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz